Файл: Жне жеке тланы зіне оама ажет абілеттерін алыптастырып дамыту, з бетімен білім алу зін зі дамытуа жадай жасау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нуржакипова Орынгүл Муратбековна бастауыш 1-4 сыныптарға арналған «Логикалық есептер әлемі» таңдаулы курс бағдарламасына және бағдарламаға бейімделген материалдарға

ПІКІР
Ұсынылып отырған жұмыста 1-4 сыныптарға бастауыш сынып бойынша «Логикалық есептер әлемі» бағдарламасы және соған бейімделген дидактикалық материалдар топтамасы құрастырылған. Бағдарламаның негізгі мақсаты білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында оқушылардың математика пәніне қызықтыра отырып, ойлау қызметі негізінде логикалық ойды,есте сақтау түрлерін ,қиялмен зейіндерін дамыту. Танымдық қызығушылығы мен ақыл-ой деңгейін қалыптастыру, шығармашылық тұрғысынан ойлау, өз беттерінше шешім қабылдап, қорытынды жасауға бейімдеу

және жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып дамыту, өз бетімен білім алу өзін - өзі дамытуға жағдай жасау.

Бағдарламаны меңгеру барысында математикалық ұғымдар мен пайымдауларға сүйене алу; тұжырым жасай алу, дәлелдi пiкiр айта бiлу, мәлiмдей бiлу, ақпараттық категориялар мен көрсеткiштердi пайдалана бiлу; сондай-ақ оқуда логика әлемінің мүмкiндiктерiн игеру; өзiндiк оқу мен өзiндiк iс-әрекеттiң қалыптасуына әсерiн бағалай бiлу; практикалық iс-әрекеттерге байланысты түрлi мәселелердi шешудiң тиiмдi тәсiлдерiн таба бiлу артады.

Бағдарлама 34 сағатқа негізделген, аптасына 1 сағат. Бағдарламада түсінік хат, бағдарлама мазмұны, күнтізбелік жоспар, қолданылған әдебиеттер тізімі берілген. Бағдарламаға бейімделген материалдар мазмұны бастауыш сынып пәнін меңгеруге бағытталған.

Бағдарлама әдістемелік тұрғыда дұрыс, мазмұнды жасалған, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасына сүйенген. Бағдарламаның оқу-тәрбиелік мәні зор.

Бағдарламаны математика сабақтарында қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.

Сондықтан, автор ұсынып отырған «Логикалық есептер әлемі» атты бағдарлама 1-4 сыныптар оқушыларының таңдау пәндері ретінде қолдануға болады деген пікір білдіреміз.


Павлодар қаласының Торайғыров университеті.

Computer Science факультеті п.ғ.к.,

қауымдастық профессор (доцент) _____________ Казангапова Лязат Кунапияновна