Файл: Крініс. Оушыны маманды тадаудаы бір кні .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Көрініс. «Оқушының мамандық таңдаудағы бір күні...»

(көріністің басы видеороликпен болып басталады. Ол видеода мұғалім оқушыларға мамандық түрлері туралы мәлімет беріледі.)

Видеодағы мұғалім сөзі:

  • Міне, балалар, мамандықтың түрі көп. Қай мамандықты таңдасаңыздар да жүрек қалауларыңызбен таңдаңыздар.

Видеодағы басты кейіпкер баланың сөзі:

  • Иә, осы мен қандай мамандық таңдасам екен, ааа? Дәрігер болсам бе екен, әлде полиция болсам бе екен. Туфф, не істесем екен? Өзіме ұнайтын мамандықты қалай таңдасам екен, нені таңдасам болады?Қой, үйге барып, ата – анаммен ақылдасайын.

(Арада уақыт өтті) / Үйде әкесі компьютермен жұмыс жасап отыр, ал анасы болса, ас бөлмеде ас пісіріп жүр, бір қолында телефоны бар./

Бала:

  • Әкешім, анашым, мен биыл 9-сыныпты бітіргелі жатырмын. Қандай мамандық иегері болсам екен? Адам жанының арашасы дәрігерде болғым келеді, берік тәртіпті ұстанатын полция қызметкері де болғым келеді. Айтыңыздаршы, қандай мамандықты таңдаймын?қай мамандық жақсы? Көмек беріңіздерші, басым қатып кетті.

Әкесі: (қысқа қайырып. Қабағы түюлі кейіпте)

  • Балам, сенің таңдаған мамандығың – ертеңгі жейтін наның. Сондықтан өзің шеш. Көріп тұрсын ғой, отчет жасап жатқанымды. Кедергі келтірмеші. Өзіңе не ұнайды, соны таңда.

Баласы: Анашым...

Анасы:

  • Көрмей тұрсың ба, ас пісіріп жатырмын ғой. Әкең дұрыс айтады. Мамандығыңды жүрек қалауыңмен таңда. Өзің біл. (Осы аралықта ұялы телефонымен суретке түсіріп те, өзі де түсіп үлгіреді.)

  • Ойбуй, әне, сенімен сөйлесіп тұрғанымда тамағымның асты да күйіп кетті. Тууфф!

Баласы:

Бағана ұстазым бүгін мектепте мамандық таңдау кеші болады деп еді. Одан да сол жаққа барайыншы, мүмкін, сол жақта жүрек қалауы мамандығым қайсы екенін түсінермін.