Файл: 1. Оу кешенді деріс. Оыту мен оудаы жаа тсілдер леуметтікконструктивтік трыдан оытуды тсіну (Vygotsky, 1978 Wood, 1998) осы Бадарламада айтылан Оыту жне оудаы жаа тсілдер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дәріс 7

Тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Қалай оқу керектігін үйрету.

Жоспар:

1. Оқу – кешенді үдеріс.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Әлеуметтік­конструктивтік тұрғыдан оқытуды түсіну (Vygotsky, 1978; Wood, 1998) осы Бағдарламада айтылған «Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінуін жеке зерттеулер мен әлеуметтік өзара іс­әрекеттеріне қарай құратын белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Mercer, 1995; Alexander, 2008) және метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрету» (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978) ретінде бәріне танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік­конструктивтік идеялардың қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдің барлығында қарастырылатын идеяларды «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер» деп санауға болатынына қарамастан, «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» біз жаңа әдістер ретінде қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік­конструктивтік көзқараспен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқу және оқыту оқушылар арасындағы, мұғалім мен оқушы арасындағы диалог оқушыларға өзіндік ой­пікірді құруға және дамытуға көмектесетін оқыту әдістерін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана, оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатындай етіп, өз білімі үшін жауапкершілікті түсінуге және оны өз мойнына алуға көмектеседі.
1. Оқу – кешенді үдеріс.

Оқу дегеніміз не?

Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес түрінанықтауға мүмкіндік берді:

1. Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады (негізгі міндет – «көп білу»).

2. Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемдіақпарат.

3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда қолдануға да болатын дерек, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.

4. Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі – оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстардыанықтай алуы.

1-3 тұжырымдамалар оқушыға қатысты оқуды сыртқы фактор ретінде қарастырады. Бұлсыныпта болып жататын немесе мұғалімдердің оқушыларға қатысты жүзеге асыратын іс-әрекеті болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген оқыту үдерісінің бастапқы үш тұжырымдамасыбір кезеңдерде білім немесе ақпарат алу үшін «дүкенге барғанға» ұқсайтындай болып көрінеді.


Тізімде көрсетілген 4 және 5 тұжырымдамалардың қол жеткізген нәтиженің бастапқы үш санатынан сапалық айырмашылығын атап көрсету маңызды. 4 және 5 тұжырымдамалар анағұрлым күрделі, жаңа түсіндірмелерге негізделген және бұл ретте оқу деген ұғымның аясы оқушының ақпаратты қабылдау мен сақтауынан әлдеқайда кең. Бұл тұжырымдамалар оқудың «ішкі»немесе жеке тұлғалық аспектісіне бағдарланған. Оқу оқушының шынайы өмірді түсінуінекөмек беретін құбылыс ретінде қарастырылады.

Оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:

• оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы білім алудыңқажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;

• жүйелі ойлануға үйрету;

• шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау;

• оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;

• тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;

• сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік.
2. Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары

Өткен ғасырдың 70–80-жылдарында оқу туралы көптеген теориялық зерттеулер гуманистікпсихологияға негізделген болатын, әрі адамның өсу әлеуетін «мен» тұжырымдамасынабаса назар аудара отырып қарастырған. Түсінуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта жәнесезімдердің мәні де зор екендігі туралы пікір осыған түрткі болған факторлардың бірі болыптанылды. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым Авраам Маслоу болды (1968). Төменгі деңгейге ол физиологиялық қажеттіліктерді орналастырса, жоғары деңгейге –өзін өзі көрсете, таныта білуді қойды.

Алайда оқу үдерісі білім алушының жүріс-тұрысын, ойлау үдерісін, есте сақтау және қабылдауынбақылау барысында зерттелген.

Маслоу төмен деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейгекөшуге болады деп сендірген, себебі төмендегі деңгейде ынта анағұрлым күшті болады.

Оның кейбір оппоненттері бұл иерархиямен келіспейді, олар адамдар кейбір баспалдақтарды орындамай-ақ, өз ойын іске асыра алады дегенді алға тартады. Соған қарамастан Маслоу деңгейлерді төмендегідей етіп орналастырып, пайдалы талдау құралын жасап шығарды:

1-деңгей: Аштық, шөлдеу, жыныстық құмарлық, ұйқы, демалу және физикалық тәуелсіздіксияқты физиологиялық қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуыкерек.


2-деңгей: Қауіпсіздікке деген қажеттілік болашағы болжанған және бірізділіккенегізделген өмір болуын көздейді. Егер де олар қанағаттандырылмаса, адамдар өз әлемінқорғап, жоғары деңгейлі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бар күшін жұмсайды. Ал қанағаттандырылса, адамдар үшінші деңгейге ауыса алады.

3-деңгей: Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну адамдардыжылулық және жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді.

4-деңгей: Құрмет көрсетілуін қажетсіну жігер-күшке, жетістіктер мен шеберлік,құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашады. Бұған сенім, тәуелсіздік, абырой және мәртебеніде жатқызуға болады.

5-деңгей: Өзін өзі таныта білу – дарын, қабілеті мен әлеуетін толық көрсете білу.

Маслоу оқуды өзін өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады деп ойлайды. Өзін-өзі көрсету басты мақсат болғанымен, басқа сатылармен байланысты мақсаттар да басымдыққаие бола алады. Бұған жұмысты аяқтағаннан алатын рахат сезімі мен импульстарды бақылауды жатқызуға болады.
3. Қалай оқу керектігін үйрену

«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрену де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау,бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:

• оқу міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

• жеке зияткерлік үдерістерін және олардың қалай ықпал ететінін білуге;

• тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

• нақты тапсырма үшін барынша оңтайлы болып табылатын стратегияларды таңдауғакөмектеседі.

Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер,өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуытиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастырады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.

Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді.

Яғни, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдіңекі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және неістегісі келетінін түсінуге тырысады.


Бірінші тезис: Жаңа тақырыпты оқыту адамның нені білетіні және түсінетінімен байланысты болады.

Екінші тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, олардыөрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.

Үшінші тезис: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешуүдерісін толыққанды қатыстыру қажет.

Төртінші тезис: Оқушыларға болжам жасауға, өз ойын құруға, оны қорғауға жәнесынақтан өткізуге уақыт беріңіз.

Бесінші тезис: Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.

Алтыншы тезис: Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемішектеулі болуы керек.

Жетінші тезис: Мұғалімдер оқушылардың өз идеялары туралы рефлексия жасап, олардыойластыруды ынталандыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесугетиіс.

Сегізінші тезис: қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет,сондықтан бағалау ізгі болуы керек.

Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқу үшін бағалауды (қалыптастырушы бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады. Оқу үшін бағалау – оқушылар белгілі бір уақыттың ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын айқындайтын үдеріс. Ашық сауалдар, бір-біріне өзінің оқу мақсаттары туралы айтып беру сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне қатты әсер етеді. Еге рбұл тиімді іске асырылса, оқушыларда рефлексия жасауға жеткілікті уақыт қалады. Оқушылар жұппен де, жеке де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған қалай жеткенін түсінуге мүмкіндік алады. Олар өзін және бір-бірін бағалайды, бұл тақырыпты тереңірек түсінуге ықпал етеді.

Оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алға қойған мақсаттарына қарай жылжиды.

Оқушылар оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда «білім алушылар қоғамдастығы» деген ұғым өзекті болып отыр, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар депесептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады.

Олар топпен жұмыс істеп, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіруқабілеттеріне назар аударылады. Бұл философия одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті өзін-өзі құрметтеумен және өзін өзі басқаруды дамытумен сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз жәнеойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.

4. Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?

Топтық оқыту әдісі – дегеніміз оқу үрдісін төрт түрліұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық тәсілдер арқылы жүзеге асыру, әрине, соңғысы – топтық оқыту тәсілі бастысы болып табылады. топтық оқыту әдісі әр оқушының бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседі. Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады (“ХХІ ғасыр – білім мен ғылым бәсекесінің ғасыры” Н.Назарбаев). 

«Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» дегеніміз не?

Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғынәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымыболып табылады.

Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болыптабылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелегенмүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін,адамдардыңжұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топпен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгіаспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіненегізделген.
Бірлескен оқудың мәні

Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемалардышешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобыныңбірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекетретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осыәңгімелесу арқылы білім алады.

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескеноқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейінмеңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес,құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі.Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнінұғады.