Файл: Сабаты таырыбы Негізгі абылдау тактикасын йрету. Волейбол ойыны Блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектеп

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

5 сынып, 3- тоқсан

Сабақтың тақырыбы: Негізгі қабылдау тактикасын үйрету.Волейбол ойыны

Бөлім

5-БӨЛІМ КОМАНДАЛЫҚ ОЙЫННЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫСЫ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАР

Мұғалімнің аты-жөні

А.Нұсқабаев

Күні

3.02.2022ж

Сынып 5а,б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Негізгі қабылдау тактикасын үйрету. Волейбол ойыны

Оқу мақсаттары

5.1.2.2. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады :

Допты төменнен,жоғарыдан допты қабылдай алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады :

Допты бір-біріне пас беру арқылы орындай алады

Кейбір оқушылар орындай алады :

Допты ойынға қоса алады

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақтың оқу мақсатын, бағалау критериін түсіндіріп, мәлімдеу .

3.Арнаулы жүгіру, секіру жаттығулары;

4. Жалпы дамыту жаттығулары

5. Сергіту ойындары «Доппен қуып жет» ойыны

Сынып екі топқа бөлінеді. Бірінші топ, екінші топтың артында 1,5м. қашықтықта тұрады. Әр ойыншының қолдарында бір бірден баскетбол добы. Белгі бойынша бірінші топ ойыншылары допты секірте жүргізіп ,жүгіріп жетіп екінші топ ойыншыларының арқасына қол тигізуі керек. Ойын кезінде екі топтың да ойыншылары доптарын жүргізеді (ведение). Қуып жетсе, екінші ойыншымен орын ауыстырады.

Сәлемдеседі, Сапқа тұрады.Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдайды Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуСын қадағалау.

Мақтау, мадақтау арқылы
Бағалау. Бес шапалақ

Ауызша бағалау



Үлкен ойын кеңістігі. Доп, шеңберлер, шеңберлерді сызу үшін бор, алаңды белгілеу үшін конустар немесе фишкалар, командаларды белгілеу үшін манишкалар, баулар, ысқырық.

«Жаяу көкпар» интернет ресурсына сілтеме: http://igrushka.kz/vip27/peskok.shtml

https://www.youtube.com/watch?v=FfFZmY4Fm9I

Сабақтың

ортасы

30 минут

Сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді;

Допты үстінен,астынан жалғау, қабылдау және де шабуылдау бейнематериалын көрсетеді;

Сыныпты жұптастырады,топтастырады;

Оқушылардың доппен орындаған жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалайды;

Оқушылардың жіберген қателіктерін айтып отырады;

Жаттығуларды бір біріне көрсету барысында кері байланыс бере отырып қателіктерді түзетіп отырады;

Келесідей сұрақ қою арқылы білімді бекітеді:

  • Ойыншылардың ойын сәтінде орындарын алмастыру неге маңызды?

«Допты қуып жет» ойыны.

Дайындық. Ойыншылар алаңның орта қапталындағы сызық бойында сапқа тұрады. Бір топ оң жақта, ал екінші топ сол жақта. Ойыншылардың ара қашықтығы 3-4 адым. Ойыншылар саналып, әр ойыншыда өз нөмірлері болады.

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ жұптасып бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екінші топ екі лекке сап түзеп қарама-қарсы тұрады. Мұғалім көрсеткен жақындату жаттығуларын орындайды:

1-топ.

- жұпта волейбол добын жоғарыдан жалғау және төменнен қабылдау әдісі(қолды төменнен қою арқылы, алақанды бір-біріне жинау бағытымен допты қабылдау кезі);

2-топ.

- Қарама-қарсы лекке сап түзеген оқушылар,яғни лектің басында тұрған оқушы волейбол добын үстінен немесе астынан жалғап келесі қарсы тұрған лектің соңына барып тұрады.

Шабуылдау соққысын жетілдіру

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ жұптасып бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екінші топ үштікке бөлінеді.

1-топ.

- жұпта жұмыс жасайды, яғни бірі секірмей допты алдына лақтырып соққы жасайды, екіншісі төменнен допты қабылдау әдісін орындайды;

2-топ.

- үштікте жұмыс жасайды, яғни бірі допты төменнен қабылдап қарсы тұрған екі жұбына допты кезекпен-кезек көтеріп жалғайды, ал көтерілген ауадағы допты қарсылас тұрған жұптастары кезекпен-кезек секірмей соққы жасайды.

Ереже. Допты жоғалтқан ойыншы орнына қайтады және допты беруді жалғастырады

Спорттың осы түрі бойынша әр топ оқушылары практикалық түрде орындауды жетілдіреді,танысып білімдерін толықтырады .


Дескриптор: білім алушы

1.Волейбол ойын техникасын орындайды;

2.Физикалық қасиеттерін дамытады;

3.Өзін және өзгелерді сыни тұрғысынан бағалайды;

Дескриптор:

тапсырмаларды орындау кезінде реттілікті сақтайды;

-волейбол добымен жаттығуларды орындау барысында қол, аяқ, дене қалыптарын талапқа сай қояды;


Ауызша бағалау
Бағалау. Басбармақ

Бағалау: Бағдаршам


ФБ смайликтар арқылы орындалады: (өте жақсы – көнілді, жақсы – күлімсүреп, нашар - жылайтын).



Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Сабақтың соңында оұушылар кері байланыс жасайды:

  • Не білдім, не үйрендім

  • Не түсініксіз

Әлі де жұмыс жасау керек

Оқушылар стикерлар беріледі, әр оқушы стикерге өз ойын жазады да қысқаша айтып береді және тақтаға жапсырады.