Файл: Дріс масаты Студенттерге бизнес жоспар туралы тсінік беру, оны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 - тақырып. Бизнес – жоспарлаудың мәні мен мазмұны
Дәріс мақсаты: Студенттерге бизнес жоспар туралы түсінік беру, оның

өндіріс үшін маңыздылығын түсіндіру. Оның негізгі

принциптерімен, бизнес – жоспардың негізгі мақсаты,

қажеттіліктері, артқаратын қызметтері, негіздемелері

және тәсілдерін таныстыру.
Дәріс жоспары:
1.1. Бизнес – жоспарлаудың мәні, мазмұны.

1.2. Бизнес – жоспардың атқаратын қызметтері.

1.3. Бизнес – жоспарлаудың негіздемелері мен тәсілдері.
1.1. Бизнес – жоспарлаудың мәні, мазмұны.
Жоспарлау бұл әрбір кәсіпкерлік жұмыстардың нормасы болып табылады. Бизнес–жоспарлау фирманың жеке кәсіпкерлік жұмыстарының әділ бағасы бола отырып, нарық талаптарын шешудегі қажетті құрал ролінде атқарады, яғни кәсіпорынның негізгі аспектілері сипатталады. Бизнес–жоспарлау – бұл ғылыми зерттеу және жобаларды жасау жұмысы болып табылады.

Бизнес–жоспарлауды кәсіпорынды басқарудың негізі десек, асыра сілтеген болмаймыз. Бизнес–жоспарлау арқылы кәсіпорын басшысы өз кәсіпорынының қате кемшіліктерін, жетістіктерін көру мүмкіндігіне ие болады.

Бизнес–жоспарлаудың негізгі мақсаттары несие алу, немесе инвестициялар енгізу, фирманың стратегиялық және физикалық жұмыстарын анықтау т. б. болып есептеледі.

Бизнес–жоспарлау кәсіпорынның алдында тұрған стратегиялық мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады:

- кәсіпорынның ұйымдастыру – басқару және қаржы экономикалық

жағдайын бағалау;

- кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің потенциялдық мүмкіндіктерін

анықтау, оның күшті және әлсіз жақтарын зерттеу;

Бизнес – жоспарлауды төмедегілер негіздейді:

- нарық жағдайында кәсіпорындардың қызмет етуінің жалпы және

меншікті деңгейлері;

- бәсекенің стртегиясын және тактикасын таңдау;

- кәсіпорын мақсаттарына жету үшін қажетті болған қаржылық,

материялдық және еңбек ресустарын бағалау;

Бизнес жоспарлау өндірістің дамуының мүмкіндіктерінің әділ ұсыныстарын белгілеп береді, нарықтағы тауарды өткізудің әдістерін, бағаны, пайданы, тәуекелділік зоносын белгілейді. Оларды төмендетудің жолдарын ұсынады. Бұнда кәсіпорынды басқаруға байланысты ішкі және сыртқы мәселелерді, яғни басқа фирмалармен өзара қатнастардың жолдары да қарастырылады. Бизнес-жоспарлауға тапсырыс берушілер негізінен кәсіпкерлік қызмет жасаушы юридикалық және физикалық жақтар болу мүмкін.


Бизнес-жоспарлауды орындаушылар - бұл маркетингтік зерттеу бойынша жобаластыруға мамандандырылған фирмалар, авторлар ұжымы және эксперттер болуы мүмкін.

Нарықтық экономикада бизнес жоспарды кәсіпкерліктің барлық саласына қолданылатын жұмыс құралы болып табылады. Бұл жоспар фирманың қызмет ету процесіне сипаттама береді, фирма басшылары қойылған міндеттердің орындалуын қалай жүзеге асыратындықтарын көрсетеді, ең бірінші кезекте – компанияның табыс көзін жақсарту. Жақсы құрылған жоспар фирманың өсуіне, ол қызмет ететін нарықта жаңа позицияларды иемденуге, өзінің дамуында неғұрлым жақсы преспективті жоспарлар, жаңа тауарлар мен қызмет көрсету өндірісінің тұжырымдамаларын құруға және оларды жүзеге асыруда неғұрлым ұтымды әдістерді таңдауға көмек береді.

Бизнес – жоспар, ережеге сай, жүйелі түрде жиналып отырады, оған фирма ішінде болатын ауыстырулар сияқты фирма қызмет ететін нарықтағы және тұтастай экономикадағы ауыстыруларға байланысты өзгертулер енгізіледі. Осылайша бизнес – жоспар кәсіпкерге фирма ішілік және макроэкономикалық талдау негізінде өз ісінің жемісін бағалауға және ағымдағы операцияларды бақылауға көмектеседі.

Бизнес – жоспарды құрудың негізгі мақсаты нарық қажеттіліктері мен қажетті ресустарды алу мүмкіндіктеріне сәйкес жақын және алыс кезеңдерге фирманың шаруашылық қызметін жоспарлау болып табылады. Бизнес – жоспар құрудың басқа мақсаттары әр түрлі болулары мүмкін, мысалы:

  • көзделген нәтижелерге жетудің шынайлылық деңгейін анықтау;

  • тұлғаның белгілі бір тобын әрекет етуші фирманың немесе жаңасын құрудың жұмыстарын қайта ұйымдастырудың орындылығын дәлелдеу;

  • компания қызметкерлерін жобада белгіленген және т.б сандық немесе

сапалық көрсеткіштердің орындалу мүмкіндігіне сендіру.

Бизнес – жоспар, сондай-ақ, кәсіпкердің фирманың жұмыс жасауына

байланысты келесідей негізгі міндеттерді шешуіне көмек беруге арналған:

  • қызметтің нақты бағыттарын, өнімнің перспективті нарықтарын және осы нарықтағы фирманың алар орнын анықтау;

  • өнімнің дайындалуы мен өтуі үшін қажетті шығындарды бағалау, оларды

жобаның потенциялды табыстыдығын анықтау үшін тауардың сатылатын

бағасымен салыстыру;

  • фирманың коды мен шартын, олардың еңбегін мотивациялау үшін қойылған


мақсаттардың орындалуы бойынша талаптарға сәйкестілігін анықтау;

  • фирманың материалдық және кадрлық жағдайын талдау, материалдық және қаржылық ресустардың көзделген мақсаттарды орындауға сәйкестілігін анықтау;

  • тәуекелдерді сынау және бизнес – жоспардың орындалуына кедергі болуы

мүмкін қиындықтарды алдын ала қарастыру.

1.2. Бизнес – жоспардың атқаратын қызметтері.



Қазіргі тәжірбиеде бизнес – жоспар төрт қызмет атқарады.

Біріншісі оның бизнес стратегиясын жасау үшін орындалу мүмкіндігімен байланысты. Бұл қызымет кәсіпорындарды құру кезінде, сондай-ақ қызметтің жаңа бағыттарын табу кезінде өте қажет.

Екіншіқызмет – жоспарлау ол қызметтің жаңа бағыттарының даму мүмкіндіктерін бағалауға, фирма ішілік процесстерді бақылауға мүмкіндік береді.

Үшіншіқызметі қаржылық құралдарды – ссудаларды, несиелерді табуға мүмкіндік береді. Қазіргі ресейлік жағдайда несие ресустарынсыз қандайда бір маңызды жобаны жүзеге асыру мүмкін емес, алайда несие алуда оңай емес, несиенің еселенген қайтарымсыздығында. Мұндай жағдайда банктер қаржы құралдарының қайтарылуын қамтамасыз ету бойынша тұтас шаралар кешенін жасайды, олардың ішінен банктік кепілдіктер, аманаттар және т.б. айтуға болады, алайда несие беру кезіндегі шешуші фактор құрылған бизнес – жоспардың болуы болып табылады.

Төртінші қызмет компания жоспарының орындалуына өндіріске өз капиталын немесе өздерінде бар технологияларды салғысы келетін потенциялды серіктестерді тартуға мүмкіндік береді. Капиталдар, ресустар немесе технологиялармен қамтамассыз ету туралы мәселені белгілі бір уақыт ішінде компанияның даму курсын көрсететін бизнес – жоспар болғанда ғана шешуге болады.

Осылайша, фирма ішілік жоспарлау кез келген кәсіпорынның ажырамас бөлігі болып табылады. Бизнес – жоспар бәсекелестік жағдайда бизнестің басталуы немесе кеңеюі үшін мүмкіндіктерді талдауды қорытады және осы потенциялды белгілі бір компания менджменті қалай қолданатыны жөнінде нақты көрсетіп береді. Оның маңызы жұмысшы серіктестерді тарту үшін де, біріккен кәсіпорын құру үшін де өте зор. Сондай-ақ, қаржыландыру үшін де.

Бизнес – жоспардың дайындалуы мен тиімді қолданылуы, осылайша, бірінші дәрежелі мәнге ие болады. Бұл жоспарды менеджер, басшы фирма, фирма тобы немесе консалтингтік ұйымның тобы құруы мүмкін. Ірі фирманың даму стратегиясын анықтау үшін кең жайылған бизнес – жоспар құрылады. Оның дайындау сатыларында потенциалды серіктестіктер мен инвесторларды анықтау қазірде аз емес.


Бизнес – жоспарлаудың уақытша аспектісіне келер болсақ, онда фирмалардың көбі жоспарды бір жылға құрады. Оларда сол кезеңге фирманың әр түрлі қызмет бағыттары мұхият қарастырылады және жеңіл – желпі болашақтағы дамуы сипатталады. Кейбір фирмалар жоспарды 5 жыл мерзімге құрады, ал тек жақсы көтерілген ірі компаниялар ғана бес жылдан көп мерзімге жоспарлайды.

1.3. Бизнес – жоспарлаудың негіздемелері мен тәсілдері.
Бизнес – жоспар жасаудың екі негізгі тәсілі бар. Біріншісінде бизнес – жоспарды жалдаған мамандар тобы құрады, ал жобаны бастаушылар бұған бастапқы мәліметтерді дайындау арқылы қатысады.

Екінші тәсіл – мұнда жобаны бастаушылар бизнес – жоспарды өздері құрады, ал әдістемелік кепілдемелерді мамандардан, көбінесе инвесторлардан алады. Ресейлік тәжірбиеде екінші тәсіл неғұрлым дұрыс болып саналады. Жобаны бастаушылар әдетте өндірістің мамандары болып табылмақ, бірақ, ережеге сай, жобаны қаржылай қамтамассыз ету және өнім өтімінде әлсіз болып келеді. Мұндай мәселелерді жалдамалы мамандар жасайды.

Бизнес – жоспарда фирманың ішіндегі, сондай- ақ сыртқы перспективті жағдайлары бағаланады. Ол әсіресе, акционерлік меншік жағдайында басшыларға жөн табу үшін қажет, себебі бизнес – жоспарлаудың көмегімен ғана компания басшылары табысты жинау және оның бөлігін акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлу туралы шешім қабылдайды. Бұл жоспар фирманың ұйымдастырушылық - өндірістік құрылымының жетілуі мен дамуы бойынша шаралар жасау кезінде, көбіне басқарудың орталықтану және қызметкерлердің жауапкершілік деңгейін тұрақтандыру үшін қолданылады.

Көрсетілген жоспардың серіктес фирмалардың қызметін үйлестіруге, бірдей және өзара толықтырушы өнімдерді дайындау және қайталаумен байланысты фирма тобының дамуын бірге жоспарлауды ұйымдастыруға көмектесетінін айта кеткен жөн. Мұндай жағдайда фирма серіктестер ортақ қаржыландыруды жүзеге асырады.

Фирма ішілік қызметпен қатар, бизнес – жоспарлау макро деңгейдегі жосипарлау стратегиясын анықтау кезінде де зор мәніге ие. Кәсіпорындардың ұзақ мерзімді бизнес – жоспарының жиынтығы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде жоспарлаудың ұлттық саясатын жасаудың негізі болып табылатын ақпараттық базаны құрайды.

Осылайша, көп жағдайда бизнес – жоспар инвесторларды іздеукезінде фирмадан тыс, сондай-ақ оның ішінде нарықтық жағдайды бағалауда қолданылады. Ол ірі кәсіпкерлердің өз істерін басқа фирманың акциясын сатып алу не жаңа өндірістік құрлымды ұйымдастыру арқылы кеңейтулеріне көмектесе алады, сондай-ақ жоспарлаудың жалпы мемлекеттік стратегиясын қалыптастырудың негізі бола алады.


Бизнес – жоспардың күрделі құжаты – компанияны сипаттау, оның потенциялы, бизнестің ішкі және сыртқы ортасын бағалау, фирма дамуы туралы нақты мәліметтер - білдіретін құрлымы аса маңызды болып келеді. Алайда, бизнес – жоспарлар сырттай бір – бірінен өзгеше болулары мүмкін, олардың бөлімдерінің құрамы негізінен өзгеріссіз қалады, дәлірек айтсақ, қысқаша мазмұны салаларының сипаттамасы, құрылушы компаниялар мен оның қызмет көрсетуі және өндірістік өнімдердің сипаты, нарықтың зерттелуі мен талдануы, маркетингтің жоспарлары, өндірістік және қаржылық жоспарлар, сондай- ақ мүмкән тәуекелдер мен сақтандыруларды бағалау.

Бизнес – жоспардың безендірілуі оның мұқабасын дайындаудан басталады. Ол бірден бір құжатты кім, қашан, қайда құрғаны туралы ақпараттар мен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ мұнда бизнес – жоспардың идеясын қысқа әрі нақты тұжырымдайтын жобаның аты көрсетіледі.

Жоспардың екінші беті оның құрлымын бейнелейтін мазмұнынан тұрады. Бұл – бөлімдер немесе параметрлер номенкулатурасы.

Кез – келген нұсқада мазмұн міндетті түрле нақты цифрлануы тиіс және ол араб цифрлары болы тиіс. Одан соң кіріспе бөлімі тұрады, онда бизнес – жоспардың құрылу міндеті және оның бағытталған тұлғалар ортасы көрсетіледі. Сондай-ақ мұнда жобаны құру қажеттілігі неліктен туғандығын көрсеткен жөн.

«Фирма мүмкіндіктері» бөлімнің көлемі бірнеше беттен аспауы тиіс. Бұл бөлімде потенциялды инвесторлармен бағаланатын және түсіндірілетін барлық маңызды нәрселер көрсетіледі, яғни фирма туралы түсінік беретін ақпараттар мен оның коммерциялық қызметін сипаттайтын, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ететін мәліметтер көрсетіледі. әрбір бағыт бойынша мақсатты нарықтар мен жауапты мақсаттарын, сондай-ақ оның нақты міндеттерін қысқа да нұсқа тұжырымдаулары тиіс. Осылайша, бөлімде фирманың негізгі мақсаттары көрсетілуі қажет. Оның стратегиясы, оны орындау үшін жасалған нақты шаралар.

Бұл мәліметтерді кесте түрінде көрсеткен орынды, оған фирма қолданылатын іскерлік әдістер мен оларға сәйкес келетін, таңдалған стратегия шеңберінде нақты міндеттерді шешуге бағытталған шараларды сипаттау кіреді. Сондай-ақ, кестеде әр түрлі шаралардың орындалуына жауапты тұлғалар тобын анықтаған жөн. Сндай-ақ, мұнда орындалу мерзімін көрсету жоспарды құраушы үшін де, потенциялды инвестор үшін де маңызды.