Файл: 1.ы негіздері пніні оамды жне зады ылымдармен зара байланысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СРСП №1

1.«Құқық
негіздері» пәнінің қоғамдық және заңдық ғылымдармен өзара байланысы

Құқық негіздері пәні әлеуметтану пәнімен байланысты, себебі әлеуметтану ғылымы қоғамды және онда болатын процестерді зерттейді, ал заңдар болса қоғамға арналады. Сонымен қатар құқық негіздері пәні саясаттану ғылымымен де байланысы бар, өйткені саясатты жүргізуде заңдар негізгі рөлдердің бірін ойнайды, әсіресе ішкі саясатты жүргізу кезінде. Бұл пән тарих пәнімен де тығыз байланысты, себебі әр замандағы адамдардың құқықтарын зерттеумен тарих пәні айналысады. Мектепте құқық негіздері пәнін тарих мұғалімі жүргізуі де бекер емес.

2.  «Құқық негіздері» пәнінің зерттеу әдістері.

Құқық негіздері пәнінің зерттеу әдістерін 3-ке бөліп қарастыруға болады:

  1. Жалпы зерттеу әдістері (метафизика және диалектика)

  2. Жалпы ғылыми әдістер (талдау, синтез, жүйелік, функционалдық, әлеуметтік эксперимент)

  3. Жеке ғылыми зерттеу әдістері (формальді заңдық, салыстырмалы құқықтық)

3. «Құқықтық актілер» туралы ҚР заңында қолданылатын
негізгі түсініктер.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

әзірлеуші орган, ғылыми құқықтық сараптама, ғылыми құқықтық сарапшы, ғылыми құқықтық сарапшылар тізілімі, "Е-заңнама" ақпараттық жүйесі, ереже, жеке қолданылатын құқықтық акт, заң, заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер, заңнамалық акт, заң сараптамасы,  заң техникасы, заң ұқсастығы, кодекс, конституциялық заң, қағидалар, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi,  Қазақстан Республикасының заңнамасы, және т.б.