Файл: Таырыбы Трбие сааты житске арсы крес. Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы:Тәрбие сағаты: ЖИТС-ке қарсы күрес.

Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.

Көрнекіліктері: плакат, суреттер, нақыл сөздер.

Мұғалім сөзі: Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатына жиналған қауым! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізгелі отырған 2 сыныбындағы «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес » атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығының синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.

ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.

Зұлым атты ғасырдың

Жазасызға жазалап сен тас ұрдың

Адамның ағза-миын жаулап алып,

Жейсің іштен аранындай қасқырдың.

Қоздырғышың вирус болса, жендетің

Өкпе,ми да құртылады демде тым.-дей отыра оқушылардың тақпақтарын тамашлайық.

Бекнұр:

Ей ұрпағым, есіңді жи азбаңдар

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып,

Жақсы үміт пен сеніміңнен таймаңдар

Арсен:

Біз СПИД-ке қарсымыз!

Бүкіл әлем күресуде-

Індетімен ғасырдың,

Емін әлі таппады ешкім

Сол бір зұлым, пақырдың.

Күннен күнге ұлғаюда


Аурулардың саны деп,

Дәрігерлер дабыл қағып,

Шырылдады, аһ ұрды,

Дүние жүзі адамзатты

Қорғануға шақырды!

Балым:

Оу, адамзат, құлағың сал,

Саулық тіле басыңа,

Сақтана біл қайраттанып,

Енжар болма, жасыма.

Нашақорлық, ішімдіктер

Ұрындырар тегінде,

Салауатты өмір салты

Тұрсын әркез есіңде!

Шахизада:

Жетті бүгін СПИД қазақ еліне,

Самал ескен белес-белес беліне.

Сақ болайық айта келген ажалдан,

Аямайды ол сені де, мені де.

Қазақ халқы «Өнер алды – тіл» деген

Арақ-шарап, темекіні білмеген

Тәні таза, жаны таза халқымыз,

Кең даланы еркін жайлап, гүлдеген.

Али:

Аман болсын балалар,

Аман болсын аналар,

Дені сау боп елімнің,

Аман болсын адамдар!

Асылзат:

Жағымсыз істен аулақ бол,

Жақсы іске жақын бол!

Зиянды затпен жау болып,

Адамдыққа асық бол!

Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты. Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты. Келесі тапсырмамыз мақал-мәтелдердің екінші бір бөлігін дұрыс табу.

Бірінші бөлігі тақтада жазылған,екінші бөлігін дұрыс тауып оқу керек.

1. Ішпеген,шылым шекпеген

Жасайды жылдар көптеген

2.Ұзартқың келсе ғұмырды,

Таста арақ пен шылымды.

3. Темекінің кермегі-

Еріккеннің ермегі.

4. Шарап-арақ ішіңе көшеді,

Ақыл шөлмек ішіне түседі.

5. Жабылады шарабыңды ішерде,

Бәле төнсе,жоқ араша түсерге.

6. Жасында темекісін будақтатқан,

Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.

7. Адам арақты ішеді.

Ақыл арақты ішеді.

Оқушылардың «Қаңқа» биін тамашалайық.

Ән: «ЖИТС жойылсын» («Бейбітшілік жыры» әнінің әуенімен) хор

1.Жойылсын жалғыз сөз ЖИТС деген

Жойылсын мәңгілік жойылсын.

Вируспен ауырған адамдарға

Ем – дәрі тезірек табылсын.

Қайырмасы:

Кел достарым, үн қосайық,

Көтеріп жаңғыртып.

Анасын бала

Баласын ана

Жоқтамасын мәңгілік

2.Есірткі мәңгілік құрысын

Ішімдік түбімен жойылсын

Дені сау қазақтың ұрпақтары

Ұл – қызы көбейсін.

Қайырмасы:

ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты , рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза , танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.


Міне, балалар ауруды жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!».