Файл: аратал орта мектебі кмм психологы дайбергенова Нргл Кеесханызына пікір.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің

«Қаратал орта мектебі» КММ психологы

Құдайбергенова Нұргүл

Кеңесханқызына
ПІКІР

Құдайбергенова Нұргүл Кеңесханқызы 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қаратал орта мектебі» комммуналдық мемлекеттік ммекемесіне психолог маманы ретінде орналасып, бүгінгі күнге дейін осы мектепте қызмет атқаруда. Нұргүл Кеңесханқызы - шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз ісін жетік меңгерген білікті маман. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс- әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясын  қолдана отырып, оқушылармен белсенді жұмыс жасайды.

Нұргүл Кеңесханқызының оқушылармен жұмыс істеуде, психолог кеңесші ретінде ғана емес, екінші аналары-қамқоршысы деп те айтуға болады. Себебі оқушылардың барлығы Нүргүлдің өткізген тренинг, сабақтарына қызығушылықпен қатысады.

Нұргүл Кеңесханқызыбілім саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Ол осы еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Қызметкерлер арасында өте беделді. Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген ұстаз.
Мектеп директорының оқу-тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары: Тиметова Г.А.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің

«Қаратал орта мектебі» КММ психологы

Құдайбергенова Нұргүл

Кеңесханқызына

ПІКІР

Құдайбергенова Нұргүл Кеңесханқызы 2010 жылдан бастап Қаратал орта мектебінің псхологы қызметін атқарып келе жатыр. Осы кезден ол өзінің білімділігі мен шеберлігін көрсетіп келеді. Себебі әрбір оқушы жеке тұлға, оның жүрегіне жол таба білу өте қиын. Нұргүл Кеңесханқызы білікті маман екендігін әрдайым өзінің оқушылармен және ата-аналармен жұмыс істеуінде байқауға болады. Балаларымыздың мектептегі көңіл-күйі, сабаққа деген ынтасы, қоршаған ортамен қарым-қатынасын бақылап, олармен әрқашан екінші анасындай болып жұмыс жасайды. Нұргүл Кеңесханқызының оқуышлармен, ата-аналармен өтетін тренинг сабақ, жиындары әрдайым қызықты және танымды өтеді. Ондағы ойын түрлері, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, ситуациялық тапсырмаларды орындату арқылы әрбір ата-ана өзіміздің баламыздың жан-жақты қырын ашуға көмектесті. Мен ата-ана ретінде айтарым, мектебімізде Нұргүл Кеңесханқызы секілді білікті мамандарымыз жұмыс істеп жатқан кезде, балаларымыздың мектептегі өмірі әрқашан жарқын, қызықты өтеді деген сенімдемін. Себебі өзіне сенімді жалынды жастарды дайындау білікті мамандардың талмай еткен еңбектерінің нәтижесі деп ойлаймын.


Ата-ана: Оралбекова Лаура

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің

«Қаратал орта мектебі» КММ психологы

Құдайбергенова Нұргүл

Кеңесханқызына

ПІКІР

Құдайбергенова Нұргүл Кеңесханқызы 2010 жылдан бері осы мектептің психологы лауазымына жұмысқа келді. Нұргүл өзінің білікті маман екендігін дәлелдей отыра, бірге 13 жыл қызмет етіп келеді. Мектеп оқушылармен қатар, мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері арасында қарым-қатынастарын жақсарту үшін тренинг жұмыстарын жүргізеді.

Мектепке келген жас мамандармен көптеген жұмыстар жүргізді. Жас мұғалімдерге мектепте әріптестермен, оқушылармен, ата-аналармен қалай жұмыс жасау керек, оқушыларды оқуға, шығармашылыққа қалай қызықтыру керек, осындай тақырыптарда тренингтерімен дайындайды.

Нұргүл Кеңесханқызы мектебіміздегі ерекше оқушылар, яғни инклюзив балалармен көптеген жұмыс атқаруда. Мүмкіншілігі шектеулі оқушылармен жұмыс жасау, оларды білім алуға дайындау білікті маманның жұмысы деп ойлаймын. Нұргүл бұл жолда да талмай еңбек етуде. Инклюзивті білім алатын оқушыларды сайыстарға қатыстырып, жүлдеді орындар иеленуде.

Нұргүлдің әріптестер арасындағы қарым-қатынасы жақсы. Әрбір мұғалімге психологиялық көмек көрсетіп, өз уақыт қашанда бөлуге дайын.

Әріптесі: Салменова Жанар