Файл: Сйы жне атты денелер блімі (жм баыты) бойынша жиынты баалау 10 сынып Оу масаттары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Сұйық және қатты денелер» бөлімі (ж/м бағыты) бойынша жиынтық бағалау 10 сынып
Оқу мақсаттары 10.2.4.1 Гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның

салыстырмалы ылғалдылығын анықтау

        1. Сұйықтың беттiк керiлу коэффициентiн әртүрлі тәсілдермен анықтау

        2. Әртүрлі қатты денелер мысалында кристалдық және аморфты денелердің құрылымын ажырату

        3. Серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау


Бағалау критерийі Білімалушы

  • Психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығының физикалық мағынасын сипаттайды

  • Сұйықтың беттік керілу коэффициентін есептейді

  • Кристалл және аморфты денелердің құрылымын ажыратады

  • Қатты денелердің механикалық қасиетін сипаттайды




Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар

1.Сыйымдылығы 5 л жабық ыдыстың ішінде 50 мг су буы бар

а)егерде бу қаныққан болса,температурасын анықтаңыз

_________________________________________________________________[2]

2. Ауаның температурасы 200 С. Ауадағы су буының қысымы 1160 кПа, ал осы температурадағы қаныққан бу қысымы2330 кПа болады

а) ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаңыз

__________________________________________________________________[1]

3. Салыстырмалы ылғалдылығы 80% ауаның, температурасы 150С. (ρқ =12,8*10-3 кг/м3).

а) ауаның абсолют ылғалдылығын анықтаңыз

__________________________________________________________________[1]
4.Радиусы 0,5 мм капиляр түтік арқылы сұйық 11 мм көтерілді.Егер осы сұйықтың тығыздығы 820 кг/м3 .

а) сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтаңыз.

_________________________________________________________________ [2]
5.Кристалл және аморфты денелердің ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңіз.[2]


Кристалл

Аморфты




Ұқсастығы


6.Серіппенің көмегімен массасы 2 кг жәшікті еден үстімен тартқанда серіппе 10 см-ден 15см-ге дейін ұзарады.Серіппенің қатаңдығы 50 Н/м.(g=10м/с 2 )

а)серіппенің серпімділік күшін анықтаңыз

__________________________________________________________________[2]

b) жәшікті пен еденнің арасындағы үйкеліс күшін есептеңіз

__________________________________________________________________[1]

7.Көлденең қимасының ауданы 0,5 мм 2 , ұзындығы 4 м болаттан жасалынған сымды тартқанда 2 мм ұзарған.(E=210 ГПа)

а)сымды тарту күшін есептеңіз

__________________________________________________________________[2]

8.Ұзындығы 5,4 м сымға күшпен әсер еткенде ,ол 2,7 мм ұзарды

а)сымның абсалюттік ұзаруын анықтаңыз

_________________________________________________________________[1]

b)сымның салыстырмалы ұзаруын есептеңіз

_________________________________________________________________[1]




Бағалау критерийі

Тапсырма



балл

Дескриптор

Білім алушы

Психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығының физикалық мағынасын сипаттайды

1(a)

2

қаныққан будың температурасын табады;


2(а)

1

салыстырмалы ылғалдылығын анықтайды;

3(а)

1

абсолют ылғалдылығын анықтайды;

Сұйықтың беттік керілу коэффициентін есептейді

4(а)

2

беттік керілу коэффициентін анықтайды

беттік керілу күшінің формуласын қолданады;

Кристалл және аморф денелердің құрылымын ажыратады

5

2

кристалдар мен аморф денелердің ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетеді;

Қатты заттың

механикалық қасиетін сипаттайды

6(a)

6(b)

2
1

Серпімділік күшін анықтайды

Үйкеліс күшін есептейді

7(а)

2

Сымды тарту күшін анықтайды

8(а)
8(b)

1
1

Абсолют ұзаруды жазады

Салыстырмалы ұзаруды анықтайды




Жалпы балл 15 балл



«Сұйық және қатты денелер» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығының физикалық мағынасын сипаттайды

Қаныққан бу және қанықпаған буға анықтама беруде,ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауда, абсолют ылғалдылығын анықтауда қиналады.

Қаныққан бу және қанықпаған буға анықтама беруде/ ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауда/ абсолют ылғалдылықты анықтауда қателіктер жібереді.

Қаныққан бу және қанықпаған буға анықтама береді, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын және абсолют ылғалдылығын дұрыс анықтайды.

Сұйықтың беттік керілу коэффициентін есептейді

ХБЖ-ға келтіруде/ беттік керілу күшінің формуласын қолдануда/ беттік керілу коэффициентін анықтауда қиналады.

ХБЖ-ға келтіруде / беттік керілу күшінің формуласын қолдануда/ беттік керілу коэффициентін анықтауда қателіктер жібереді.

ХБЖ-ға келтіреді, беттік керілу күшінің формуласын қолданады және беттік керілу коэффициентін дұрыс анықтайды.

Кристалл және аморф денелердің құрылымын ажыратады

Кристалдар мен аморф денелердің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттауда қиналады.

Кристалдар мен аморф денелердің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттауда қателіктер жібереді.

Кристалдар мен аморф денелердің ұқсастығы мен айырмашылығын дұрыс сипаттайды.

Қатты заттың механикалық қасиетін сипаттайды

Серпімділік күшінің созылуға тәуелділік графигін сызуда, графиктен Гук заңының орындалу аумағын белгілеуде, Юнг модулінің мәнін анықтауда қиналады.

Серпімділік күшінің созылуға тәуелділік графигін сызуда/ графиктен Гук заңының орындалу аумағын белгілеуде/ Юнг модулінің мәнін анықтауда қателіктер жібереді.

Серпімділік күшінің созылуға тәуелділік графигін сызады, графиктен Гук заңының орындалу аумағын белгілейді және Юнг модулінің мәнін дұрыс анықтайды.