Файл: Білім беру йымыны атауы жобб Білім мектепгимназиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін:


Білім беру ұйымының атауы

ЖОББ «Білім» мектеп-гимназиясы

Бөлімі:

11.3.А Геометриялық оптика

Педагогтің аты-жөні:

Бакытжанова А.Е.

Күні:

20.01.2023 ж

Сыныбы: 11ә

Қатысушылар саны: 25 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жұқа линза формуласы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.6.2.7 - әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттауды;

Көптеген оқушылар істей алады: линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтауды;

Кейбір оқушылар істей алады: жұқа линзаның формуласын қолданып есептер шығаруды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.


Жаңа сабақ

12

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

Жаңа сабаққа байланысты суреттер арқылы топқа бөлу.

Үй тапсырмасын «Серпілген сауал» әдісі арқылы қайталау. Мысалы:

1. Жарықтың сыну құбылысы дегеніміз не?

2. Жарықтың сыну заңын тұжырымда.

3. Ортаның абсолют сыну көрсеткіші деген не?

4. Жарықтың толық шағылуы деп қандай құбылысты айтамыз?

«Миға шабуыл» әдісі арқылы топқа бөлінген суреттер бойынша ой қозғап, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Жаңа сабақ бойынша шағын мәлімет беру арқылы оқушыларға бағыт беру.

«Ротация» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгерту.

1. Линзаның негізгі ұғымдары мен сипаттамалары;

2. Жұқа линзаның формуласы;

3. Линзаларда кескіндерді тұрғызу;

4. Линзадан алынған кескіндердің кемшіліктері.


Амандасады. Суреттер арқылы топқа бөлінеді.

1-топ – «Телескоп»;

2-топ – «Фотоаппарат»;

3-топ – Микроскоп;

4-топ – «Көзілдірік»

Оқушылар серпілген сауалдарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын қорытындылайды.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Жаңа сабақ бойынша «Ротация» әдісі арқылы топ болып жаңа сабақты талқылайды, жинақтайды, түсіндіреді. Тақтада қорғайды.

Әр топ бір-бірін бағалайды және топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.



Үш шапалақ, балл бойынша бағалау

ҚБ: Үш шапалақ әдісі:

Бір шапалақ- толықтыруды қажет етеді;

Екі шапалақ – жақсы

Үш шапалақ- жарайсың

Презентация, кеспе қағаздар, Оқулық 11-сынып.

бейнеролик

Сабақтың ортасы.

Жүппен жұмыс
15 мин



«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы жұппен жұмыс бойынша есептер шығарады.

Оқулықтағы 19-жаттығудың №10, №11, №13 және қосымша есептер жинағынан №4.7.23 есептерді жұппен орындайды, бір-бірлерін тексереді.

Қосымша кейбір оқушыларға тапсырмалар беріледі.

Оқушылар берілген есептерді орындайды. Бір-бірлерін дескриптор арқылы тексереді.



Дескриптор

  • Есептің берілгенін дұрыс жазады;

  • ХБЖ-не келтіреді;

  • Жұқа линзаның формуласын пайдаланып формуланы түрлендіреді.;

  • Есептің шешімін дұрыс есептейді.



ДЭ

Презентация

Оқулық 11-сынып.

Кеспе қағаздар

Сергіту сәті

5 мин

Сергіту сәті «Дене қимылымен жаттығу»

1. Линза дегеніміз – екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене. (иә)

2. Дөңес линза шашыратқыш линза болады. (жоқ)

3. Шашыратқыш линзаның ортасы шетіне қарағанда жұқа болып келеді. (иә)

4. Линзаның оптикалық күші бас фокус арақашықтығына кері шама. (иә)

5. Астигматизм – ол кескіннің қисаюы. (жоқ)

6. Линзаның оптикалық күшінің өлшем бірлігі диоптрия. (иә)

7. Линзаның фокустық қашықтығы 2 м тең болса, оптикалық күш 1-ге тең болады. (жоқ)

8. Линзаның сызықтық ұлғайтуы фокустық қашықтықтың кескін биіктігіне қатынасына тең. (жоқ)

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы қолмен жаттығу жасайды.

(Егер айтылған ұғымдар дұрыс болса оқушылар қолдарын жоғары көтереді, ал бұрыс деп тапса алға созады)


ДК экраны

11-сынып оқулығы



Сабақтың соңы.

Рефлексия

3 мин

Рефлексия Кері байланыс

«Активатор 3/2/1» стратегиясы

  • Бүгінгі сабақта ұнаған 3 тапсырманы атаңыз.

  • Сабақ барысында қиындық келтірген 2 тапсырманы атаңыз.

  • Сабақ барысында өзіңе көмектескен бір адамды атаңыз.

Үй тапсырмасы: «Жұқа линза формуласы»

19-жаттығу №12, 15

Оқушылар сабақта жеткен нәтижесіне орай берілген сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс бойынша бағалау

11-сынып оқулығы, кеспе қағаздар, слайд



Бағалау парағы



Оқушылардың аты-жөні

тапсырмалар


ұпайлар

Серпілген сауал



Ротация әдісі

Ойлан, бірік, бөліс

Сергіту сәті

Топ басшысы-ның ұпайы

Мұғалім-нің ұпайы

Орташа ұпай





























































































































































Бағалау парағы



Оқушылардың аты-жөні

тапсырмалар


ұпайлар

Серпілген сауал



Ротация әдісі

Ойлан, бірік, бөліс

Сергіту сәті

Топ басшысы-ның ұпайы

Мұғалім-нің ұпайы

Орташа ұпай






























































































































































№1.

Мектептегі лабораториялық линзаның фокус аралығы 90 мм, оның оптикалық күшін анықтаңыз

№2.

Дене жинағыш линзадан 15 см қашықтыққа орналасқанда, оның кескіні линзадан 30 см қашықтықта пайда болады. Кескіннің ұлғаюы

№3

Нəрседен жинағыш линзаға дейінгі қашықтық 40 см, ал линзаның опткалық күші 8 дптр. Линзадан кескінге дейінгі қашықтық.

№4

Дөңес линзаныың фокус аралығы 20 см. Нəрсенің шын кескінін 2 есе үлкейту үшін, нəрсені линзадан орналастыру қашықтығы

№5

Оптикалық жүйе-көздің фокус аралығы 1,5 см, бақылаушыдан нәрсе 30 м қашықтықта орналастырылған. Егер нәрсенің биіктігі 2 м болса, бақылаушы көз торында оның өлшемі

№6

Кескіннің биіктігі 4 см, экраннан жинағыш линзаға дейінгі аралық 50 см, нəрсенің биіктігі 80 см болса, линзаның оптикалық күші