Файл: Негізгі орта, жалпы орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 3

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Түсінік хат

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС1.4.002-2012) негізінде

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Арнайы курс аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағатқа есептеліп, Таңдау курсы 7 сынып оқушыларына математикадан негізгі мектеп курсы бағдарламасында қарастырылатын сұрақтарды тереңірек қарастыруға негізделген. Курс бағдарламасы математикалық есептерді шығарудың әдіс – тәсілдерін үйренуде оқушылардың ғылыми – теориялық және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жоғары логикалық ойлауды және жоғары орындаушылық мәдениеті талап етеді. Арнайы курс сабақтары бағдарлама материалдарын кеңінен және терең үйренуге, қиынырақ есептерді шығаруға, стандартты емес есептерді шешу дағдыларын қалыптастыруға, теориялық материалды көбірек оқуға, оқушылардың білмей қалған жерлерін білуге және оза оқыту принципін енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ пәнге қызығушылығын арттыруға арналған қызықты есептер, фокустар, басқатырғыштароқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оқушылардың математикалық даярлықтарын дамытуға мүмкіндік береді. Факультативтік сабақ 7- ші сынып оқушыларының сабақтан алған білімдерін толықтыруға, тереңдетуге арналған.

Мақсаты:

  • Қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің өмірі мен қызметіне қажет, білімді әрі қарай дамыту үшін математикалық білім беру мен біліктілігін алуға жүйелі жағдай жасау;

  • Оқушының жан – жақты тұлға ретінде өркендеу: логикалық ойлау қабілеті ой – өрістің дәлдігі, кеңістіктегі елестеу, алгоритмдік мәдениеті;

  • Оқушылардың өз беттерімен жұмыс жасауы біліктіліктерін қалыптастыру және сонымен бірге өз жұмысына талдау жасай білуге үйрету;

  • Есеп шығарудың әдіс – тәсілдерін үйреніп, кеңейту негізінде оқушылардың математикалық материалдарын меңгеруге бағыттау


Міндеттері:

  • оқушының жеке қабілеттерін оқыту барысында жан – жақты ескеру;

  • орта және жоғары буын салаларының сабақтастығын жетілдіру;

  • математикалық тіл мәдениетін меңгеруге, дербестікке баулу;

  • қолданбалы тұрмыстық есептерді шеше білуін қамтамасыз ету;

  • сапалы дүниетанымдық көзқарас қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру, ізденіспен жұмыс істеуін ұйымдастыру шығармашылық потенциалын қалыптастыру арқылы жалпы мәдениеттілік қызығушылығын дамыту.




Курстың нәтижесінде оқушылар білуі тиіс:

  • сандардың 2,3,4,5,6,9,11 – ге бөлінгіштігін;

  • рационал өрнектерге амалдар қолдана білуі;

  • күрделі есептерді шеше білуі;

  • қазақтың қарапайым есептерін шешу;

  • мәтінді есептерді шешу жолдарын меңгеруі;

  • логикалық және шығармашылыққа берілген есептерді шеше білуі тиіс.


Курс мазмұны

Курс бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады.

1. Сандар тарихы – 18 сағат. Натурал сандардың шығу тарихы, қасиетті сандар ұғымы, натурал сандарға амалдар, тез есептеу, тез көбейту жолдары, сандарға қатысты логикалық есептер.

2.Мәтінді есептер – 12 сағат. Мәтінді есептердің берілуі, арифметикалық жолмен шығару, қазақтың қара есептері және оларды шығару жолдары. Мәтінді есептердің ішінде қозғалысқа, жылдамдыққа , жұмысқа қатысты есептер.

3. Санның бөлігі, қатынастар -10 сағат. Санның бөлігіне, қатынасқа берілген есептер. Жай бөлшекке мәселе есептер, баға және сандық қатынастар, проценттерге байланысты есептер.

4. Сандар теориясы -14 сағат. Евклид алгоритмі, Гаусс әдісі, Дирихле принципіне қатысты есептер. Жиын және оның элементтеріне қатысты есептер.

5. Қызықты математика –10 сағат. Математикалық фокустар, басқатырғыштар, сөзжұмбақтар. Сіріңке шиімен жасалатын жұмбақтар, есептер

6. Қорытынды -4 сағат. Жылдық қайталау.

Курстың тақырыптық – күнтізбелік жоспары/аптасына - 2сағат/



Мазмұны

Сағат саны



І. Сандар тарихы


18


Кіріспе, сандар тарихы


2


Қасиетті сандар ұғымы, оған байланысты есептер


2


Қызықты тарихи есептер


2



Натурал сандарды тез есептеудің әдістері

2



Ауызша көбейту тәсілдері

2



Математикалық амалдарға байланысты есептер

2



Кейбір натурал сандардың ерекшеліктері

2



Арифметиканың негізгі теоремасы

2


Логика және тапқырлықты қажет ететін есептер


2



ІІ. Мәтінді есептер


12



Қазақтың қара есептері

2



Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешудің жолдары

2



Қазақтың қара есептері: жүйе арқылы шығаратын есептер

2



Мәтінді есептерді арифметикалық әдіспен шешу жолдары

2



Қозғалысқа қатысты есептер

2



Жұмысқа байланысты есептер

2




ІІІ. Сан бөлігі, қатынастар

10



Санның бүтін бөлінгіштігі

2



Жай бөлшекке мәселе есептер

2



Бөліктер мен проценттерді қолдану

2



Бағалар мен сандық қатынастар

2



Қызықтыесептердiшешу

2




ІV. Сандар теориясы

14



Евклид алгоритмі

2



Гаусс әдісі

2



Дирихле принципі

2



диофантық  сызықтық теңдеулер

2



Есептер шығару

2



Жиынға қатысты есептер

2



Эйлер дөңгелегі

2




V. Қызықты математика

10



Сіріңке шилермен берілген есептер

2



Математикалық басқатырғыштар

2



Математикалық фокустар

2



Сөзжұмбақтар, Ребустар

2



Математикалық жұмбақтар

2




VІ. Қорытынды

4



Натурал сандарға есептер

2



Жылдық қайталау есептері

2


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ы. Мәуітұлы. Математика олимпиадасына дайындық бастамалары, Астана, 2013

  2. О.Беркімбаев, А.Беркімбаев. Арифметика есептері, Алматы, 1996

  3. М.Гарднер. Математическиеголоволомки и развлечения, М, 1971

  4. Н.П.Кострикина «Задачиповышеннойтрудности в курсеалгебры 7-9 класс»