Файл: Тірі жне лі табиаттаы дерістер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Мектептің атауы: "Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қысқамерзімді сабақ жоспары



Бөлім:

Тірі және өлі табиғат-тағы үдерістер

Педагогтың аты-жөні:

Қалиахмет А.Б.

Күні:

24.01.2023

Сынып:

6 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тірі табиғаттағы үдерістер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.4.2.4 толыққанды тамақтану рационын құру

Сабақтың мақсаты

Ағзалардың қоректену типтерін анықтайды

     Сабақтың барысы



Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту.

Оқушыларжұптық жұмыс барысында соңғы үш күнде жеген тағамдарының тізімін жасайды және ол тізімдегі тағамдарды құрамы бойынша топтастырады.

Тағамның құрамында адам ағзасына қажетті заттар: көмірсу, нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, жасунық және су болуы керектігін түсіндіреді.

Нәруыз, май және көмірсулардың негізгі көздері болып табылатын азық-түлік өнімдеріне мысалдарды көрсету арқылы алдыңғы білімдерін жинақтайды.

ҚБ. Мұғалімнің мадақтауы.


Қосымша 1

Сабақтың ортасы

2. Ой шақыру.

Тамақтану пирамидасындағы деңгейлер бойынша пікір алмасады, себебін түсіндіреді.

3. Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
Мұғалімнің түсіндірмесі. Мұғалімоқушыларға сапалық реакциялар туралы түсінік береді.
Топтық жұмыс. Топтық зерттеу арқылы жүргізіледі.

Әртүрлі азық-түлік түрлері(өсімдік майы, жеміс шырыны, нан, жұмыртқа) құрамында крахмал, қант, нәруыз және майдың бар екендігіне тексеріледі.


Тағам өнімдерінің құрамындағы заттарды қалай анықтауға болатындарын болжайды.
Оқушылар тағам құрамында су және энергия бар екендігін қалай анықтауға болатынын болжайды. Оқушылар мәтінді пайдалана отырып,тағамда энергия және су бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдейді.

I топ – тауық еті сорпасы құрамындағы затты анықтайды.

II топ – алма шырыны құрамындағы затты анықтайды.

III топ – сүттің құрамындағы затты анықтайды.

IV топ – картоп сығындысы құрамындағы затты анықтайды.

Әр топ тексеру нәтижелерімен өзге топ мүшелерімен бөліседі


Мұғалімнең  комментарийлермен  бағалауы

Дескрипторлар бойынша бағалау.

Мұғалімнің кері байланысы.


Қосымша 2

Презентация



Сабақтың соңы

Сабақты бекіту мақсатында оқушылар май, нәруыз және көмірсуы көп мөлшерде болатын тағам түрлерінің тізімін құрады

оқушылар май, нәруыз және көмірсуы көп мөлшерде болатын тағам түрлерінің тізімін құрады

Дескриптор:

- табиғаттағы химиялық айналымдарды атайды;

- табиғатта заттардың химиялық айналымын түсіндіреді;

- күнделікті өмірде кездесетін химиялық айналымдарға мысалдар келтіреді.

ҚБ. Мұғалімнің мадақтауы.




Кері байланыс

«Рефлексивті экран» әдісі арқылы жүргізіледі.

Бүгінгі сабақта маған ... ұнады Бүгінгі сабақта маған ... ұнамады

Тақтада мына сөздер жазылу тұрады, оқушылар өздерінің ойларын стикерге жазып, тиесілі жерге жапсырады.











20cм3 суды жуан түтікке құйып, судың температурасын өлшеңіз. Белгілі мөлшердегі тағам массасын газ жаңғыштың (горелки) үстіне ұстап, жанып жатқан өнімді жанып біткенше сынауық астында ұстаңыз. Содан соң судың соңғы температурасын және қалдық заттың массасын өлшеңіз.



Азық-түліктерді тексеру үшін әртүрлі ерітінділерге белгілі бір азық-түлік түрлерін қосқанда түстің өзгеруін көрсетіңіз. Азық-түліктің құрамында крахмал бар екендігін тексеру үшін йод ерітіндісін, ал нәруызды бар екендігін тексеру үшін биурет ерітіндісін, қантты тексеру үшін Бенедикт ерітіндісін және майдың болуын тексеру үшін этанолды қолдану керек

1. Егер азық-түліктің құрамында глюкоза болса, онда Бенедикт ерітіндісін қосқанда көк түске, 800 С- қа қыздырғанда қызғылт сары түске боялады.

2. Егер азық-түліктің құрамында крахмал болса, онда йод тамызғанда қара көк түске боялады.

3. Егер азық-түліктің құрамында май болатын болса, онда этил спиртімен араластырғанда ерітінді бұлыңғырланады.

4. Егерде нәруыз бар болса, ерітінді биурет реакциясының нәтижесінде қанық көк немесе сия күлгін түске боялады.