Файл: Білім беру йымыны атауы І. Есенберлин атындаы 15ом кмм пні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ОМ (7) [1,0 балл
Білім беру ұйымының атауы | І.Есенберлин атындағы №15ОМ КММ | |||||
Пәні: | Физика | |||||
Бөлім: | 8.3 А Тұрақты электр тогы | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Есетова Г.Б | |||||
Күні: | 25.01.2022 | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану; | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар істей алады: Кедергі, кернеу және ток күшінің байланысын біледі. Көптеген оқушылар істей алады: Тізбек бөлігі үшін Ом заңын графиктік және сандық есептерде қолданады. Кейбір оқушылар істей алады: Ом заңын, Ток күшінің, кедергінің формуласын есеп шығаруда қолданады | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Сабақтың басы 10 минут Өткен білімді еске түсіру Жаңа білім 10 минут Бекіту 15 минут Кері байланыс Сабақтың соңы. 10 минут Бағалау Үй тапсырмасы | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушылардың шапшаңдығын және теориялық материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін ауызша сұрақтар беріледі. Тапсырма "Иә" немесе "жоқ"
Жауаптарын мұғалім айтады, оқушылар өзара бағалау жүргізеді.Оқушылардың жауаптарына мұғалім кері байланыс жасайды. 2) Ой қозғау. Ток күші кернеуден қалай тәуелді? Ток күші басқа қандай шамаға тәуелді болады? Оқушылар өткен сабақтағы зертханалық жұмыс нәтижесін қолданып, Ом заңын тұжырымдайды. Қолдану дағдысын дамыту үшін, оқушылар Ом заңын қолданып жұпта «Деңгейлік есептер » шығарады. Тапсырмалар: 1. Кернеу 220 В, ток күші 0,25 А болғанда, өткізгіш кедергісі қанша? 2. Электр үтігі 220 В желіге қосылған. Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болса, ондағы ток күші қандай? 3. 30 Ом өткізігіштің ток күші 0,6 А, ұштарындағы кернеуін анықтаңыздар. 4. Суретте екі өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген.Қай өткізгіштің кедергісі үлкен? 5. Суретте үш өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген. Әрқайсының кедергісін анықтаңдар 6. Кедергілері 5 және 15 Ом болатын екі өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызыңдар 7. Тізбектің бір нүктесінен екінші нүктесіне 120 Кл зарядт тасымалдау үшін 8 мин ішінде 600 Дж жұмыс атқарылды.Тізбектегі ток күші мен кернеуді анықтаңдар. 8. Өткізігіштің ұштарындағы кернеу 15В. Егер 20с ішінде 150 Дж жұмыс атқарылса, өкізігіштегі ток күші қандай? Әр оқушы өзін-өзі тексереді, оқушылар өзара кері байланыс жасайды Рефлексия: (пойыздың вагондары сабақтың кезеңі ) Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау §38 оқу 18- жаттығу | Оқушылар үй тапсырмасын қайталау сұрақтарына «иә» немесе «жоқ» деп тез-тез жауап береді. Оқушылар Ом заңы және оған тәуелді шамалар туралы оқулықтан ізденіп, танысып, өз ойларын айтады. Оқушылар жұптасып деңгейлік есептер шығарады. | Бағалау критерийлері -Ток күшінің кернеуден және кедергіден тәуелділігін сипаттайды; -График бойынша кедергіні анықтайды; -Есеп шығаруда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданады. Дескриптор: -Заряд, оның түрлері және әсері туралы біледі -Кернеу. Кедергі, ток күші ұғымдары жайлы біледі. Жалпы балл-2 Дескриптор: -Ом заңын біледі және қолданады. -Кедергілерді салыстырады. -Ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызады. -Ток күшін және электр кернеуін біледі және қолданады. Жалпы балл-8 Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл | ДК экран Оқулық Слайд Таратпа материал Оқулық слайд дәптер Стикерлер |