Файл: Пні азастан тарихы Сабаты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Аубакирова Ж.Б. 9.04.2021

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздіктің жариялануы алдында
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің

жариялануы алдындағы оқиғалар: КСРО-ның ыдырауы, саяси

ахуалы және бүкілхалықтық Президент сайлауы туралы

мағлұмат беру, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Тарихи балама жолдың болу мүмкіндігін қарастыра

отырып, қоғам даму диалектикасына ой жүгірту, терең ойлау,

зерттеу, өз бетімен іздену қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Отаншылдық, демократизм идеяларына баулу, болашақ

Қазақстанды өркендететін өздері екенін сезіну.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың тәсілі: Сыныппен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық презентация, флипчарт

Сабақтың жабдықтары: Интерактивті тақта, компьютер, тақта, бор, оқулық

Пәнаралық байланыс: Әдебиет,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Оқушылардың білімдерін тексеру.

«Тарихи тұлғаны танып біл»

Дінмұхамед Қонаев -

1960ж қаңтарда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумында партия ұйымының бірінші хатшысы болып сайланды. 1962ж Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарып, 1964ж бастап Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарды.

Олжас Сүлейменов –

Қазақ ақыны, 1975ж «Аз и Я» атты тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді.

Бауыржан Момышұлы –

Даңқты қолбасшы, жазушы

Нұрғиса Тілендиев –

Әнші, этнографиялық оркестр құрып, ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырды.

«Дос-Мұқасан» тобы –

Әлемдік эстрада деңгейінде өнер көрсеткен қазақ әншілерінің тобы


Қайрат Рысқұлбеков –

Желтоқсанның құрбаны, намысшыл, жалынды ақын жас еді.

Мұхтар Шаханов –

(Суреттерге қысқаша тоқталып мәлімет айтады)

ІІІ. Сабақтың мақсатын қою.

Оқушылардың назарын бүгінгі сабақтың негізгі танымдық мақсатына аудару.

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.

«Мағынаны тану» стратегиясы  

1 3 1 2 1 3 5 3 2

Т Ә У Е Л С І З Д І К

9 50 2 6 8 2 9 2 2

Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.

Н.Ә.Назарбаев

Балалар, бұл сөздерден нені ұғуға болады? Жалпы тәуелсіздік туралы айтылғанын бәріміз түсінген сияқтымыз.

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тәуелсіздіктің жариялануы алдында».

Бүгінгі сабақта алға қойған бірнеше мақсатымыз бар. Олар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы алдындағы оқиғалар: КСРО-ның ыдырауы, саяси ахуалы және бүкілхалықтық Президент сайлауы туралы мағлұмат беру, білімдерін кеңейту. Тарихи балама жолдың болу мүмкіндігін қарастыра отырып, қоғам даму диалектикасына ой жүгірту, терең ойлау, зерттеу, өз бетімен іздену қабілетін дамыту. Отаншылдық, демократизм идеяларына баулу, болашақ Қазақстанды өркендететін өздері екенін сезіну.

1991 жылдың желтоқсаны ірі саяси оқиғаларға толы болды. Олардың ең бастысы – КСРО-ның ыдырауы еді.

Видео «КСРО ыдырауы» туралы

Желтоқсанның 8-күні Минскіде бас қосқан Беларусь, Ресей, Украина басшылары КСРО-ны құру туралы шарттың өз күшін жойғанын, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының құрылғандығы туралы мәлімдеді.

1991 жылы 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия республикалары мен Қазақстанның жетекшілері бас қосып, Минскіде қабылданған шешімдерді жақтайтындарын айтып, ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткізді. Ол мемлекеттер:

  1. Армения

  2. Әзірбайжан

  3. Беларусь

  4. Грузия

  5. Қазақстан

  6. Қырғызстан

  7. Латвия

  8. Литва

  9. Молдава

  10. Өзбекстан

  11. Тәжікстан

  12. Түрікменстан

  13. Украина

  14. Эстония

  15. Ресей

1991ж желтоқсанына дейін бұрынғы КСРО-ның қарамағында болған республикалардың бәрі мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған болатын. Қазақстанның саясатшылары бұл үрдістердің баянды дамуының соңын тосты.



1991ж 10 желтоқсан күні республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы деп аталатын болды. Бұл да тәуелсіздікке барар жолдағы бір маңызды баспалдақ іспетті.

Республиканың егемендігін жариялауға байланысты енді президентті бүкіл халық болып сайлау қажеттігі туды. Осыған орай, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991ж 16 қазанда қаулы қабылдады. Бұл қаулы бойынша президенттікке кандидаттарды тіркеу қарашаның 10-ына дейін, ал сайлау желтоқсанның 1-і күні өтетін болып белгіленді.

Бұл кезде енді ғана құрыла бастаған президент сайлауына қатысуға дайын емес болатын. Нәтижеде республиканың президенттігіне жалғыз үміткер болып Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі ұсынған Н.Назарбаев тіркелді.

Республика тұрғындарының ішінде сайлау құқығы барлардың 88,23 пайызы дауыс беруге қатысып, олардың 98,78 пайызы Н.Назарбаевты жақтап шықты. Желтоқсанның 10-ы күні Н.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, Қазақстан Республикасының халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті.

Н.Назарбаевтың Президент ретінде алға қойған міндеттері: Қазақстан экономикасының бір жақты шикізаттық-өндірушілік бағыты, соның әсерінен өзгелерге қатты тәуелділігі, өнеркәсіпті қалалардағы экономиканың негізгі тұтқаларына ие болып отырған топтардың қысымы, нарық қатынастары тудырып отырған қиындықтар, т.б. Президент болып сайланғаннан кейін ол ұлтаралық татулық үшін бар жігерін жұмсады. Көп ұлтты Қазақстан жағдайында бұл ең басты нысана еді.

Ү. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

1 Семантикалық карта













1991ж 13 желтоқсан


Прзеидент сайлауы өтті





1991ж 1 желтоқсан


Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президент сайлауы туралы қаулы қабылдады.






1991ж 10 желтоқсан


Орта Азия республикалары мен Қазақстанның жетекшілері Ашхабадта бас қосты

+





1991ж 16 қазанда


Республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды



2 Тарихи сынақ хат

1991ж желтоқсаны ірі …………... оқиғаларға толы болды. Олардың ең бастысы - ... ……..ыдырауы еді. Желтоқсанның 8-күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекеттерінің басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы ………..... өз күшін жойғанын жариялады.Сонымен қатар, аталған үш мемлекеттің басшылары …………..... құрылғандығы туралы мәлімдеді.


Кілт сөздері: КСРО, шарттың, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы, саяси,

3 «Ішіне, сыртына»

Төмендегі мемлекеттер ішінен КСРО құрамында болған мемлекеттерді ішіне, КСРО құрамында болмаған мемлекеттерді сыртына орналастырып, жазулары қажет.

Армения, АҚШ, Әзірбайжан, Беларусь, Қытай, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Англия, Литва, Молдава, Жапония, Өзбекстан,

Тәжікстан, Малайзия, Түрікменстан, Украина, Эстония

ҮІ. Сабақтағы жаңа білімді бекіту.

«Сұраққа тіке жауап»

  1. Минскіде басқ осқан үш славян мемлекеттерін атап бер.

  2. Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы қай жылы құрылды?

  3. Республика атауының өзгеруінде қандай мән бар деп ойлайсыңдар?

  4. Президент сайлауында Н.Назарбаев қанша дауыс жинады?

  5. Н.Назарбаев еңбек жолын қайдан бастады?

  6. Президент Назарбаевтың алдына қойған міндеттерін ата.

ҮІІ. Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу.