ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Сабақ

Мектеп: Қазақ мектеп-гимназиясы

Күні: 28.11.22

Мұғалімнің аты-жөні: Жармедетова Назерке

Сынып: 8 «г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Бөлім:3

Лексика. Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары

Сабақтың тақырыбы

Сату менеджері

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.4.1. мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

8.2.1.1. тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру.

8.4.3.1. сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.



Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Тұтас және аралас мәтіндердегі ақпараттарды түсінеді;

  • Мәтіндерді салыстырады;

  • Мәтіндегі деректерге қатысты пікір білдіреді;

  • Мәтіннен жаңа сөздерді тауып жазады.


Бағалау критерийлері


  • Тұтас және аралас мәтіндерді салыстырады;

  • ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды;

  • деректердегі ұқсастық пен алшақтықты табады;

  • мәтіндердегі ақпаратты қабылдауға қатысты жеке көзқарасын білдіреді.

  • Мәтіннен жаңа сөздерді анықтап жазады;

  • Жаңа сөздердің пайда болуының себептері туралы пікір білдіреді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Сөздік құрам, кірме сөздер

Құндылықтар

Адам еңбегін құрметтеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Осыған дейін меңгерілген білім

Сөзжасам туралы түсінік

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтың барысы

Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут
5 минут

5 минут

Психологиялық ахуал. Оқушылар түрлі түсті кеспелерге тілектер жазып, қасында отырған оқушыға береді.
Үй тапсырмасын тексеру. Жеке жұмыс. Үлестірмелі кеспелер арқылы үй жұмысын тексеру.

Мұғалім оқушыларға аспаздың суретін көрсетеді. Сол бойынша осы мамандық иесінің ерекшеліктері туралы ойланып, шағын топта талқылауды ұйымдастырады.

  • Көп уақытын қайда өткізеді?

  • Жұмыс күні неден басталады?

  • Оған қандай талаптар қойылады?

  • Нені өте жақсы жасауы керек?

  • Сырт-келбеті қандай болуы керек?

  • Сенің ойыңша, олар қандай сөздерді өте жиі қолданады?



Талқылаудан соң, сабақтың тақырыбын анықтайды, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талқылайды.

Түрлі түсті кеспелер
Кеспелер
Таныстырылым

Сабақтың ортасы
5 минут

10 минут
5 минут


3 минут

1-тапсырма.

1-тапсырма мәтінін оқып, эпиграфтағы Ж.Аймауытовтың сөзі мен мәтіндегі ойды байланыстырады.

2-тапсырма.

3 топқа бөлініп «Сөздік құрамның кірме сөздер арқылы толығуы» мәтіні бойынша кластер құрады, өз кластерлерін қорғайды.

3-тапсырма.

Оқушылар 3-тапсырманың «Ә» деңгейін орындайды. Тапқан сөздерді тақтаға жазып, бірінші 3 сөзге фонетикалық талдау жасайды.

Дескриптор.

  1. Сөздерді тауып алады;

  2. Сөздерге фонетикалық талдау жасайды;

  3. Белсенділік танытады.

4-тапсырма.

Оқушылар 58-беттегі «Керек деректі» дәптерлеріне көшіріп жазады.





Кластер, маркерлер


Тақта

Сабақтың соңы
3 минут

Рефлексия.

Мен __________________________________үйрендім

Маған___________________________қызықты болды.

Маған_____________­­­­­­­­­________________ қиын болды.

Кеспелер

Үй тапсырмасы

6-тапсырма, 58-беттегі «Керек деректі», ережені жаттау.




Мұғалім: Солтан Алтай