Файл: азастан Республикасы Оуаарту министрлігі А. Бкейханов атындаы 2 жалпы орта білім беретін мектеп ыса мерзімді саба жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім атауы:

Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мұғалімнің аты-жөні:

Шомекеева А.Е

Күні:

18.10.2022

Сынып:

6 «А»






Қатысқан оқушы саны:


Қатыспаған оқушы саны:


Сабақтың тақырыбы

Теріс рационал сандарды қосу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.13

таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау;

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

- теріс рационал сандарды қосу ережесін білу;

- теріс рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығару


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5минут

Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен амандасу, түгендеу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Топқа бөліну.

Үй тапсырмасын тексеру.


Топқа бөліну.



Слайд 2-3


Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

10 минут



(ауызша сұрақтар )

Рационал сандар дегеніміз не?

Рационал сандарға қандай сандар жатады?

Натурал сандар дегеніміз не?

Оң сандар мен теріс сандардың айырмашылығы қандай?

Бүтін сандар дегеніміз не?

-5 және 5 сандарын салыстыр.

0-ден кіші сандарды ата.

-8 және -3 сандарын салыстыр.

Теріс санның модулі қандай санға тең?
Екі теріс санды қосу үшін:
Қосылғыштардың модульдерін қосу керек;
Шыққан санның алдына минус (« - ») таңбасын қою керек.
Мысалдар:
1) -8+(-11)=-(8+11)=-19
2) -0,3+(-0,9)=-0,3-0,9=-1,2
Екі теріс санның қосындысы – теріс сан.
Егер екі қосылғыштың біреуі 0-ге тең болса, онда қосынды екінші қосылғышқа тең болады.
Мысалы, а+0=а, 0+а=а
-8+0=-8, 0+(-8)=-8



Ауызша сұрақтарға жауап береді

Сұрақ –жауапқа белсене қатысқан оқушыларға мадақтап кері байланыс беріп отырамын

Слайд 5,6,7,8


Сергіту сәті


Ал, қазір біз өзіміздің омыртқаларымыздың тынығуына мүмкіндік берейік, және координаттық сәуледе сандардың орналасуын қайталап алайық. Бәріміз орнымыздан тұрамыз. Қолымызды қаусырып, «құлыптап» ұстап, жоғары созамыз. Егер мен оң санды атасам, оң жаққа. теріс санды атасам сол жаққа иілеміз. Мұқият болыңыздар.

6; -11; -4,5; 6; -9,2; -7; 8; 2,23; -2,8; -10; 200; 0.






Слайд 9

Топпен жұмыс

10 минут


Қосуды орындап, жауапқа сәйкес әріптерді орнына қойып, шыққан сөзді оқыңыз, ол сөз неге таңдалды ой бөлісіңіз:

Мысал

жауап

әріп

-13 + (-12)=

-25

А

-75 + (-11)=

-86

Л

-18 + (-17)=

-35

ы

-48 + (-50)=

-98

п

-37+ (-46)=

-38

б

-27+(-8)=

-35

а

-13 + (-86)=

-99

й

-22 + (-33)=

-55

т

-19 + (-38)=

-57

е

-64 + (-27)=

-91

р

-6+(-21)=

-27

Е

-13+(-34) =

-47

к


Кілт:

Ы(-35)

А(-35)

Х(-59)

Ц(-27)

А(-25)

Ө(-96)

Л(-86)

Ч(-100)

В(-36)

Е(-27)

С(-66)

Ш(-28)

Й(-99)

Ң(-37)

Р(-91)

Щ(-29)

Д(-81)

Б(-83)

Т(-55)

Э(-30)

Е(-57)

К(-47)

Ф(-58)

Ю(-90)

Ж(-101)

О(-56)

П(-98)

Я(-80)


Шыққан жауапты оқып, ойларын айтады, мұғалім толықтырады.


Әр топ сәйкестендірген есептерді қорғап шығады. Шыққан жауапты оқып, ойларын айтады, мұғалім толықтырады.




Слайд 11,12



Оқулық

пен жұмыс

15 минут




Оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмаларды қолдану

А деңгейінің есептері № 366



Жұмыс дәптеріне жазылым тапсырмаларын орындау

Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау.

Слайд 13



Соңы

5 минут



Сабақты бекіту

Рефлексия











Кері байланыс

Сабақты қорытындылау:

  • теріс рационал сандарды қосу ережесін тұжырымдаңыз;

  • теріс рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығару, мысал келтіру.

Рефлексия



Үйге тапсырма: № 370,371

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.




Слайд 14