ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 4
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тобы/сыныбы: МАД | |||
Білім беру саласы: Денсаулық | |||
Оқу пәні: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері | |||
Тақырыбы: Сезім мүшелері | |||
ҰОҚ мақсаты: | Сезім мүшелерін атайды және маңызын түсінеді (көру мүшесі - көз, есту мүшесі - құлақ, дәм сезу мүшесі - тіл, иіс сезу мүшесі - мұрын, сипап сезу мүшесі - тері). Сезім мүшелерін күту жолдарымпен танысады. | ||
Күтілетін нәтиже |
| ||
Қалыптасатын дағды | Сезім мүшелері туралы түсінік қалыптасады. Сезім мүшелерін қалай күту керек екенін меңгереді Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және сақтайды. | ||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: | 4К моделі, бала үні, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, ашық сұрақтар, бақылау | ||
Ресурстар, дамытушы орта: | Сезім мүшелерінің суреті, бейнеролик https://youtu.be/xjbdyzC-mF4 | ||
Жоспарлау | |||
ҰОҚ кезеңдері | Оқу қызметінің барысы | Уақыт | |
Сабақтың басталуы | Балалардың қызығушылығын ояту Сезім мүшелерін пазл арқылы құрастыру. Топтық жұмыс. Мазмұн және қарқын арқылы саралау.
Бақылау. Тікелей бақылау. Жылдам әрі барлық суреттерді құрастырған топты мадақтау. (Баяу қимылдайтын топқа сурет қималарын 2-3 ке ғана бөліп ұсыну. Қабілетті балаларға бірнеше бөліктерге бөліп ұсыну. ) Бала үні. -балалар, құрастырған суреттерді бір сөзбен қалай атаймыз? (сезім мүшелері) -сезім мүшелер туралы не білеміз? -сезім мүшелерінің адам тіршілігі үшін қандай маңызы бар? Оқу қызметінің мақсатымен таныстыру. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде сезім мүшелерінің қызметін анықтап, оларды күту жолдарын білетін боламыз. | 12 мин | |
Сабақтың негізгі бөлігі | Тыңдалым. Видеоролик «Сезім мүшелері» https://youtu.be/xjbdyzC-mF4 Бала үні.
Сергіту сәті.
Топтық жұмыс: 1-топ: Көру қабілетін қалай күту керек? 2-топ: Құлақты қалай күтеміз? 3-топ: Иіс сезу мүшесін қалай күту керек? 4-топ: Дәм сезу мүшесінің қандай маңызы бар? (сын тұрғысынан ойлау, ашық сұрақтар, бала үні) Бақылау. Балалар, топтардың жауабына кері байланыс береді. Толықтыру қажет болса пікір қосады. Педагогтың мадақтау және толықтыруы жүзеге асады. | 8 мин | |
Сабақтың қорытынды бөлімі | Жағдаяттық тапсырма. 4 К, өнім арқылы саралау. 1-жағдаят. Алинұр күні бойы планшеттен мультфильм көреді және ойын ойнайды. Далаға ойнағысы келмейді. Бұл балаға қандай кеңес бересіңдер. Оның қандай сезім мүшесіне зиян келуі мүмкін? 2-жағдаят. Күн суық болып тұрса да Балжан далаға бас киімін кимей ойнауға шықты. Анасы ескертсе де тыңдағысы келмеді. Балжанға қандай кеңес бересіңдер? Оның қандай сезім мүшесіне зиын келуі мүмкін? Бақылау. -балалардың жауабын мадақтау, толықтыру. Рефлексия (Бала үні) - Бүгінгі сабақта нені білдім? - Көңіл күйім қандай? - Қандай тапсырма қызық болды? - Тағы нені білгім келеді? Графикалық кері байланыс. «смайликтер» Әрі қарай қосымша дамытуға бағыттау
| 5 мин |