Файл: Тербелмелі озалыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Тербелмелі қозғалыс

Бөлімі:

9.3 В Тербелістер және толқындар

Педагогтің аты-жөні:

Емен Еділ Жолдыбайұлы

Күні:

25.01.2023

Сыныбы:10А/10Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тербелмелі қозғалыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.5.1 еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру;

9.2.5.2 эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті анықтау;

9.2.5.3 формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: тербелмелі қозғалыс пайда болу шарттарын түсіндіре

алады және олардың түрлерін сипаттай алады.

Көптеген оқушылар істей алады: тербелмелі қозғалыс кезіндегі амплиуда, период, жиілікті анықтай алады.

Кейбір оқушылар істей алады: Сабақты түсініп есептер шығара алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Психологиялық ахуал

а) Топшамалар арқылы ережелерді сұрау

Сәйкестендіру

Кинетикалық энергия

Дененің импульсі

Толық энергия

Потенциалдық энергия

Деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы

«Сөйлемді толықтыр» жеке орындау

  1. Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі ----------- деп аталады.

  2. Кг* м/с --------------- өлшем бірлігі.

  3. Өлшем бірлігі Дж (джоуль) физикалық шамалар:

  4. Е= mgh --------- энергия формуласы.

  5. Импульстің сақталу заңы ----------------- жүйеде орындалады.

1. Дене импульсі дегеніміз не?

2. Күш импульсі дегеніміз не?

3. Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады?

4. І және І ғарыштық жылдамдық неге тең?

5. Зымыранның құрылысы және олардың қозғалуы.

6. Энергия, энергия түрлері.

6. Энергия мен жұмыс арасында байланыс қандай?

7. Энергияның сақталу және айналу заңы қалай тұжырымдалады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.


Дескриптор:

Оқушы қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жалпы балл -2


Оқулық 9 сынып


Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс.

10мин


Мағынаны тану:

Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.

Мысалдар:

Ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп атайды. F=-kx (Гук заңы)
Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт арадығы тербеліс периоды деп аталады.

Бірлік уақыт ішінде жасалатын тербелістер саны тербеліс жиілігі деп аталады.

Тербелістер амплитудасы деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.

Оқушылар Тақырыппен толығырақ танысады. Мысалдар келтіреді.




Оқулық 9 сынып

Жұптық жұмыс:
10мин



Есеп шығару

№409.

Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар.

№410.

Масаның қанат қағу тербеліс жиілігі 600Гц, ал араның қанат қағу тербеліс периоды 5мс. 1 мин ішінде қай жәндік қанатын көп қағады және қанша көп қағады?

№411.

Шекті өшпейтін тербеліс жасайтын нүктесінің амплитудасы 1мм, жиілігі 1 кГц. Нүкте 0,2с ішінде қандай жол жүреді?

Оқушылар жұбымен бірге есеп шығарады.

Дескриптор:

Оқушы есеп шығарады.

Әр есепке 2 балл

Жалпы балл -6

Оқулық 9 сынып

Жеке жұмыс
10мин

Тапсырмалар орындау.

1.Суретте дене координатасының уақытқа тәуелділік графигі берілген. График бойынша а) тербеліс периодын, ә) тербеліс жиілігін анықтаңдар.



2. Сурет бойынша дененің тербеліс периодын, жиілігін, амплитудасын табыңдар.



3. Жердің, сағаттың минуттық тілінің, Күннің тербеліс периоды неге тең?


Оқушылар сұраққа жауап береді.

Дескриптор:

Оқушы қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жалпы балл -2

Оқулық 9 сынып

Сабақтың соңы.

Рефлексия

5мин

Кері байланыс «Сөйлемді аяқтау» әдісі

«Мен үшін ... қиын болды».

«Мен ... түсіндім»

«Мен ... үйрендім»

«Мені ... таң қалдырды»

«Алдағы уақытта ...»

Нәтижені талдайды.


Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі арқылы бағаланады.

ДК экраны

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.