Файл: Апаратты этикет Педагогты атыжні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Ақпараттық этикет

Педагогтың аты-жөні




Күні

25.01.2023

Сынып: 1

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Желідегі қажетсіз байланыстар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.3.2.1 желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Желі, желідегі қауіпсіздік ережелерімен танысады.

Көптеген оқушылар:

Нақты сұрақтарға жауап табу үшін желіні қолдануды, желіде ақпарат алмасу жолдарын түсінеді.

Кейбір оқушылар:

Желідегі қажетсіз байланыстың қауіпін түсінеді.

Бекітемін:

Директордың орынбасары Оқу ісінің меңгерушісі Закирова Айна Сырымханқызы

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


5 минут

5 минут

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын түгенеу

Өткен тақырыпты «Сәттілік барабаны» ойынымен сұрақтар қою арқылы шолу жасау:

1.Интернет дегеніміз не?

2.Ақпарат дегеніміз не?

3.Модем құрылғысы қандай қызмет атқарады?

4.Браузер не үшін қажет?

5.Қандай браузер түрлерін білесіңдер?
«Ой қозғау» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу. Суретпен жұмыс.

Оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсынамын.

  1. Суретте берілген желілердің қай түрімен таныссыздар?

  2. Бұл желілердің көмегімен не істей аламыз?

  3. Желіде жұмыс жасағанда ненің ескеруіміз қажет деп ойлайсыздар?

Жаңа тақырыпты жариялау, сабақ мақсаттарымен таныстыру

Мұғаліммен сәлемдеседі Сұрақтарға жауап береді

Сұрақтарға жауап береді

Суретке қарап өз ойларын айтады.

«Шапалақтау» әдәсі



Ауызша мадақтау

«Генератор имен» қосымшасы


Интербелсенді тақта




Сабақтың ортасы

Оқушыларға «Безопасный интернет» мультфилмінен бейнеүзіндісін ұсыну. Инттернет арқылы жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік сақтау (1:55 тен 3:23 мин ке дейін қарау).

Талқыланатын сұрақтар ұсыныңыз:

  • Интернет дегеніміз не?

  • Компьютерді вирустан қалай сақтауға болады?

  • Интернеттегі барлық ақпараттарға сене беруге бола ма?

  • Желіге өзіміз туралы ақпаратты салуға бола ма екен? Не себепті?

Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады

1.Алысты жақындату

2.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.

3.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.

4.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.

5. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды  қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады; 
6.Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға; 
7. Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға; 
8.Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға; 
9. «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады.

Интернеттің зияны

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл – қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу – баланың айналасындағы адамдармен бетпе – бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.
Бейнежазба көрсету

Тапсырма: Берілген кестені толтыр. Желілердің пайдасы мен зиянын бөліп жаз.



Желілердің пайдасы

Желілердің зияны








Сергіту сәті

«Қауіпті-Қауіпсіз» ойыны

«Безопасный интернет» мультфилмін көреді

Сұрақтарға жауап береді

Бейнежазба көреді


сұрақтарға жауап жазады
Оқушылар интерактивті тақта арқылы қауіпті, қауіпсіз айтады.

«Бас бармақ» әдісі

Смайликтер
Ауызша кері байланыс беру

Интербелсенді тақта
https://youtu.be/InAUvJzTnaY

«Безопасный интернет» мультфилмі

https://youtu.be/bfdMQ3OBxy8
Оқулық
Цифрлық сауаттылық 1 сынып, «Орында» тапсырмасы 15 бет

https://learningapps.org/21612472

Сабақтың соңы

Рефлексия «Желкенді кеме» әдісі арқылы оқушылар рефлексия жасайды



Кемені бояйды




«Желкенді кеме» рефлексиясы парағы

Үй тапсырмасы

§ 3, зертте 16 бет