Файл: Туан тілім млдіреген тныым.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№83 мектеп – гимназия» ШЖҚ МКК


Сынып сағатының тақырыбы:

«Туған тілім – мөлдіреген тұнығым»

Сынып жетекшісі: Биболатова Ж.М.

Нұр-Сұлтан қаласы

2021–2022 оқу жылы

Сынып 8 «Б» күні: 08.09.2021

Тақырыбы: «Туған тілім – мөлдіреген тұнығым»

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, қабырға газеттері, қанатты сөздер,
нақыл сөздер.
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы отырмыз.Бұған дейін «Тіл мерекесіне» байланысты 5 қыркүйектен бастап жоспар бойынша іс –шаралар жүргізілді.Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына. аларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Нұрбақ: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.

Ержан: Ана тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.
Айдина: Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,

Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.
Оразхан: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!
Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

Нургул: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге.
Мұғалім: Тілім менің – қуатым, күшім менің,

Күшім кетсе не болар ісім менің.

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

Тілімменен тірлікті мүсіндедім.

- Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?
1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.

Мұғалім:Оқушылар тіл туралы мақалдар айтып бердініздер,мен сендерге жұмбақ жасырам шешуін табыңыздар.

1. Оқтан жүйрік,

Қылыштан өткір

Шешуі: сөз.

2. Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.

Шешуі: Кітап.

3. Ұзын-ұзын, ұзын жол,

Ұшына жеткен бар ма екен?

Түбі терең қара су,

Түбіне жеткен бар ма екен?

Түбіне жетіп бұл судың

Қанып ішкен бар ма екен?

Шешуі: Оқу.

4. Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді.

Шешуі: аптаның жеті күні.

5. Дос қылатын өзіңді

Тосын-тосын әріпке,

Суреттері көзіңді

Табындырар... Шешуі: Әліппе.
Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Осымен біздің тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

Тәрбие сағаты: «Туған тілім – мөлдіреген тұнығым»

(Рухани-адамгершілік тәрбиесі)





Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№83 мектеп – гимназия» ШЖҚ МКК

Сынып сағатының тақырыбы:

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»

Сынып жетекшісі: Биболатова Ж.М.

Нұр-Сұлтан қаласы

2021–2022 оқу жылы

Сынып 8 «Б» күні: 15.12.2021

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»
Мақсаты:Оқушылардыеліміздіңтәуелсіздікалғанжылдарішіндегіжеткенжеңістіктеріментаныстыру, әлемтаныған ел екеніндәлелдеу, білімдерінкеңейту.Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Бейнеролик, «Желтоқсан құрбандарының суреттері» Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері, Нақыл сөздер, слайд, кітаптар.

Барысы:
І. Ұйымдастырукезеңі:

  1. Амандасу

  2. Психологиялық ахуал туғызу.

  3. «Тәуелсіздік жолында» видеоролик көрсету:

а) «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» көрініс

ә) «Азаттықтың ақ таңы – Тәуелсіздік!» үгіт-насихат тобы

4. «Қалтадағы сұрақтар» /викториналық сұрақтарға жауап беру/

5. Қорытынды.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші:Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.

1-жүргізуші:Бүгінгі 8 «Б» сыныбында өткізгелі тұрған «Тәуелсіз елімнің – ерлік жолы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Баршаңызды «Тәуелсіздік күні» мерекесімен шын жүрек, ізгі ниетпен құттықтай отырып, отбастарыңызға бақыт, береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін!

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар! «Тәуелсіз елімнің – ерлік жолы» атты ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты.....................................................................

/Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру/

Оқушылар, бүгінгі күніміз үшін және тәрбие сағатымыздың сәтті өтуі үшін бір-бірімізге –СӘТТІЛІК!!!

«Ой ашар» сұрақтар:
1.Тәуелсіздік дегеніміз не?

2. Тәуелсіз Қазақстанымыз қандай? Оқушылар жауабы.....Өте жақсы, сендер сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабағымызға қаншалықты дайын екендеріңді көрсеттіңдер, жарайсыңдар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың жүргізушілері сыныбымыздың белсенді, әрі дарынды оқушылары Сейфолла Сәкен және Ибраева Нұргүл.

ІІ. Негізгі бөлім

2-жүргізуші:Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап, қадірлеген. Олар елі мен жері және ана тілі. Қандай халық болсын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды.

1-жүргізуші:Біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Тәуелсіздікке жету жолында басынан өтпеген ауыртпашылығы жоқ. Сол бір сұрапыл кезеңдердің бүгінде елес болып қалған бейнесін көз алдымызға әкелейікші!


«Қазақстан Тәуелсіздік жолында» бейнеролик көрсету

2-жүргізуші: Бұл бейнеролигімізде сан ғасырлар бойы жерімізді сырттан төнген қауіп-қатерден қорғап, елінің еркіндігі жолында күресіп, жанын қиып, қаны төгілген ата-баба ерліктерінің ең ауыр, ең атаулы оқиғалары іріктеліп алынған.

1-жүргізуші: Ал енді, осы бейнероликтен не көрдік, қандай оқиғаларды байқадық ойларыңмен бөлісе отырсаңдар! (оқушылар өз ойын айтады)

2-жүргізуші: Жақсы, рахмет сендерге! Ал енді соңғы көрсетілген бөлімдері бойынша: яғни, желтоқсан оқиғасын -«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» және Тәуелсіздік алған кезеңді - «Азаттықтың ақ таңы – Тәуелсіздік!» атты екі тақырыппен алып, өздерің қалаған бір әдіс түрімен қорғап кетсеңдер деген өтініш айтқым келіп тұр.

1-қатардың оқушылары: Біз «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» тақырыбын Қайрат ағамыздың соңғы тергеуіндегі сәтімен көрсетіп кетсек, рұқсат па?

1-жүргізуші: Әрине, қане олай болса ортаға шығыңыздар!

Жастарымыз жазықсыздан құрбан боп,

Халқы үшін жақсылықты тіледі.

Ешкім білмес қанша құрбан болғанын,

Жас өрімдей гүл қыздардың солғанын.

Сезінбеді төрде отырған ағалар,

Қандастардың қанша жанын алғанын.
А) /Қайрат Рысқұлбеков туралы көрініс/

Қатысушылар: Қайрат, тергеуші, милиция қызметкерлері, Қайраттың анасы.

(Милиция қызметкерлері Қайраттың қолын қайрып, тергеу залына алып кіреді)

Тергеуші: Сен алаңға не үшін келдің? Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба?
Қайрат: Оу, адамдар, мен адам өлтірген жоқпын. Қазақ қыздарын жазықсыз ұрып жатыр дегенді естіп, қыздарға араша түсейін деп келдім. Мен жазықсызбын.

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп мен надан болайын?

Ортам надан болған соң,

Қайда барып оңайын?

Қасқалдақтай қаным бар,

21-де жасым бар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Атам десең атыңдар!

Апа, апа-ау, естимісің? Мен жазықсызбын, апа!

Апасы: Қарашығым, қайран балам – ай,

Құлыншағым, жаным-ай!

Құлағыма келеді,

Алыстан айтқан зарың-ай!
Қайрат: Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қиын емес дарға асып, атқаны.

Маған ауыр солардың да бәрінен,

Өз ауылымның иттері үріп қапқаны.
Тергеуші: Сен қылмыскерсің, Савицкийді сен өлтірдің, мойында! Әйтпесе күшпен мойындатамыз. Ату жазасына кесілесің, деп айқайлайды.
Қайрат: Мен өлтірген жоқпын.
Тергеуші: Алып кетіңдер! (Қайратты сүйреп алып кетеді)

Қайрат: хош-аман бол артымда,

Ағайын-туған, азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым саған аманат!

2-жүргізуші: «Желтоқсан жұлдыздары» - жалынды жастарымыз бен қыршын кеткен боздақтарымызды орнымыздан тұрып, бір минут үнсіздікпен еске алайықшы!(1 минут үнсіздік) Рахмет сіздерге отыра берсеңіздер болады.

2-қатардың оқушылары: Ал біз «Азаттықтың ақ таңы – Тәуелсіздік!» тақырыбын үгіт-насихат жұмыстарымен қорғап кетсек бола ма?

1-жүргізуші:Өте жақсы, әрине қорғауға болады келіңіздер!!!

Музыка. Ә) /Үгіт-насихат тобы/

Ержан: Біз – Тәуелсіз елдің ұландары!(хормен)

Ержан: Біз – болашақтың бүгінгі бастауы(хормен)

Еркежан: Елдің мерейін асқақтатып, даңқын әлемге айғақтау біздің қолымызда

Жандос: Біз әрқашан бірлікті, тұрақтылықты қорғаймыз, демек біздің Отанымыз – Қазақстан!(хормен)

Арда: Бұл дүниеде бізде бір ғана Отан, бір ғана жер, бір ғана аспан бар.

Ержан:Біздің Отанымыз ортақ, демек жүрегіміз де біртұтас, ұмтылыстарымыз да бірдей.

Оразхан: Біздің алдымыздағы үлкен міндеттердің бірі жастарымызды білімге, отансүйгіштікке баулу. Қазақстанымызды, қазағымызды, ел ішіндегі татулықты, бірлікті насихаттау. Тәуелсіздіктің толыққанды шежіресін жазу

Тәуелсіздік(хормен)– қандай ыстық, қасиетті сөз - Айдина

Тәуелсіздік(хормен) – еліміздің тірегі - Қарақат

Тәуелсіздік (хормен)- еліміздің күш-қуаты – Махаббат

Тәуелсіздік(хормен) - халқымыздың сан жылдағы Ұлы арманы–Айгерим

Блтагоз: Тәуелсіздік бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы

Кымбат: Халықпыз бірлігі зор, бір туысқан

Шеңгелін сала алмас ара дұшпан.

Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,

Тәуелсіз, егеменді Қазақстан!

Нұрбақ: Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз(хормен). Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.

Мерей: Тәуелсіздіктің ең басты жемісі – еркіндік(хормен). Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде бүгін Астанадай алып шаһарымыз бой көтеріп әлемдік аренаден көрінуі, кешегі «ЭКСПО-2017» әлемдік көрмесінің қазақ жерінде өтуі тәуелсіздігіміздің тамаша жетістіктері емес пе?

Ержан :Ең жарқын сөз – Отан!