Файл: Малімні атыжні Пні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:




Пәні:

Қазақ тілі




Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

6-сабақ

5-бөлім. Отбасы және демографиялық өзгеріс. Синтаксис




Сабақтың тақырыбы:

Қазақстандағы отбасы күні. Кезектес салалас құрмалас сөйлем




Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.2.2.1 қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдарды тану;

9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану (кезектес салалас)




Сабақ мақсаты

Сіздің білетініңіз:

Стильдер мен шешендік сөздің түрлерін тілдік құрал арқылы анықтауды білесіз;

Сіздің меңгеретініңіз:

Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратуды және түрлендіріп қолдануды меңгересіз.




Бағалау критерийлері

- мәтіннен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдары арқылы анықтайды;

- салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады.




Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: Отбасы күні, отбасы құндылықтары, әке, ана мен бала

Жазылым үшін қолданылатын тілдік бірліктер:

Отбасы күні, отбасы құндылықтары, әке, ана мен бала.




Құндылықтарға баулу

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.




Пәнаралық байланыс

Әдебиет




Алдыңғы оқу

Отбасына байланысты ақпараттарды біледі.

Талғаулы, түсіндірмелі салалс құрмалас сөйлемдерді еске түсіреді.




Жоспар




Уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Қалыптасты

рушы бағалау

Ресурстар




Сабақтың басы




2 мин

3 мин

5 мин

2 мин

3 мин

Сабақтың тақырыбын табу мақсатында видеоролик қойылады.


1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі тілдік құралдар арқылы мәтіннің стилін анықтаңыз және шешендік сөздің қай түрі кездесетінін табыңыз.

Қазақстанда бүгін жылдағы дәстүрге сай Отбасы күні мерекесі аталып өтеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын.
«Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді», - деген еді Елбасы Отбасы күніне арналған алғашқы құттықтауында.
Отбасы күні еліміздің түкпір-түкпірінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан үлгілі отбасыларға сый-құрмет көрсетіледі. 2014 жылдан бері Елбасы ұсынысымен аталмыш мерекеге орай «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіліп келеді. Қай уақытта болмасын отбасының адамзат ұрпағына ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Алтын ұяң – Отан қымбат, 
Құт-берекең – атаң қымбат. 
Аймалайтын анаң қымбат, 
Асқар тауың – әкең қымбат. 
Мейірімді апаң қымбат, 
Туып-өскен елің қымбат, - деп Қазыбек би айтқандай, қай заманда да отбасының әрбір мүшесінің мәртебесі биік болған.


Дескриптор:

-мәтінді оқиды;

-тілдік құралдарды табады;

-мәтін стилін анықтайды;

-шешендік сөздің түрін ажыратады.




Еске түсірейік








Видеоролик


Суреттер




Сабақ ортасы




2 мин

Жаңа тақырып: Кезектес салалас сөйлем











3 мин

2-тапсырма: Көп нүктенің орнына берілген шылауларды қойып, кезектес салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз. (Біресе, кейде, бірде)

  1. Теледидардан соңғы хабарды … орыс тілінде, … қазақ тілінде берді.

  2. Қазанның астындағы от … жылтылдайды, … қызыл жалын болып лапылдайды.

  3. Оқушылар концерт дайындығына … келіп, … келмей жүр.

  4. Клубта … кино болады, … қызықты баяндамалар болады.

  5. Ас үйдің есігі … ашылып, … тарс жабылып, мазаны алды.

Дескриптор:

-көп нүктенің орнына тиісті шылаударды қояды; кезектес салалас сөйлем құрастырады.

Дұрыс жауаппен тексерейік:

  1. Теледидардан соңғы хабарды біресе орыс тілінде, біресе қазақ тілінде берді.

  2. Қазанның астындағы от кейде жылтылдайды, кейде қызыл жалын болып лапылдайды.

  3. Оқушылар концерт дайындығына бірде келіп, бірде келмей жүр.

  4. Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар болады.

  5. Ас үйдің есігі біресе ашылып, біресе тарс жабылып, мазаны алды.









3 мин

4 мин


















3 мин














Сабақтың соңы






1 мин


Сіздің білдіңіз:

Стильдер мен шешендік сөздің түрлерін тілдік құрал арқылы анықтауды білдіңіз;

Сіздің меңгеретініңіз:

Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратуды және түрлендіріп қолдануды меңгердіңіз.











Қосымша тапсырма







Қазақстандықтарды отбасы қүнімен құттықтап, құттықтау хат жаз.