Файл: Мектебі айрат орта мектебі кмм малімні аты жні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Мектебі:

«Қайрат орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты –жөні:


Шарипова Гүлайым Серікқызы

Тақырыбы:


10-бөлім. 6-сабақ

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі


5– сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:10

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/Ж 4 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

5. Б/С 2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Әңгімені мазмұндай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Кейіпкерлерге мінездеме береді.

Кейбір оқушылар:

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.

Бағалау критерийі

1. Әңгіме желісі бойынша ойларымен бөліседі.

2. Әженің бейнесін салыстыра сипаттайды.

3. Арнау өлең шығарады.

Тілдік мақсат


Оқушылар орындай алады:

        • Әңгімені мазмұндай алады.

        • Әңгімеден үзінді жаттай алады.

  • Кейіпкерлерге мінездеме бере алады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Қос тентек, ертегі, қайтар жол, дастархан басы, елден келген шешей, нағыз әже.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Әженің киген киімі, нағыз әже, қиялдағы әже

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Не себепті әже Аяның көңілінен шықпады?

2.Неліктен елден келген шешейді ұнатпай қалды?




Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясы арқылы оқушылардың патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті арттыра отырып, ұлттық тәрбиеге баулу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі – тіл шеберлігін арттырады, тарих – ата-баба жолын біледі, өзін-өзі тану – адамгершілікке баулиды.

Алдыңғы оқу:

«Нағыз әже қайда?» әңгімесімен таныс.

Жоспар

Жоспарланған уақыты

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


5минут

3 мин


6 мин


Шаттық шеңбері:



«Сатамын және сатып аламын» тренингі, шартын түсіндіріледі.

Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін шар арқылы сатып, оның жақсы қасиетін гүл арқылы сатып алады. Мысалы, «Мен еріншектігімді сізге сатып, сіздің еңбекқорлығыңызды сатып аламын.

«Мозаика» әдісі арқылы топқа бөлу

Мақсатым: Сурет арқылы әр кезеңдегі әжелердің бейнесін көрсетіп, тақырыпқа шолу жасау.




Жеке жұмыс.

1-тапсырма. «Нағыз әже қайда?» әңгімесінен оқушыларға ұнаған жерлерінен үзіндіні жатқа сұрау.

2-тапсырма. «Сұхбаттасайық» әдісі арқылы әр

топқа бір сұрақтан беріліп, ойларымен бөліседі.

Мақсатым: оқушыларды еркін сөйлеуге үйрету.

1. Әңгімені оқыған соң қандай сезімде болдыңдар?

2. Кейіпкерлердің қонаққа барғанға дейінгі көңіл күйлері мен қонақтан қайтқан кездегі көңіл күйлерінің өзгеру себептері қандай?

3. Егер жазушы болсаңдар, әңгімені қалай аяқтар едіңдер?
Кері байланыс (ҚБ)





Көңілді әуен

Шар мен гүл


10 мин

7 минут

6 мин

5 мин


3-тапсырма. «Салыстыра сипаттау» әдісі

Мақсатым: Оқушыларды салыстыра білуге үйрету, қиялын жетілдіру.


Cалыстыру аймағы

Сырт келбеті, киім кию мәнері

Мінезі

Іс-әре-

кеті

Балалардың қиялындағы әже










Қонақта көрген әже











Кері байланыс (ҚБ)


«Асыл әже» видеосын көру.

4-тапсырма.Бес жолды өлең«Синквейн» әдісі

Мақсатым: Оқушыларды шығармашылыққа баулу.

Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).

2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).

3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (етістік, көсемше).

4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.

5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады

Сергіту сәті: «Биле, биле»

Мақсатым: Дене бойымызды сергітіп, сабақты ары қарай белсенді жалғастыру үшін, тапсырмалар қатарымен оқушыларды жалықтырмау мақсатында орындалады. Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.
5-тапсырма. «Попс» формуласы.

Мақсатым: Оқушылар өз ойларын дәлелдей отырып жеткізе алу.

Сендердің ойларыңша, нағыз қазақ әжесі қандай болу керек?

Бірінші сөйлем. Менің ойымша...

Екінші сөйлем. Себебі оны мен былай түсінемін...

Үшінші сөйлем. Оны мен мына фактілермен дәлелдей аламын.

Төртінші сөйлем. Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.


Бағалау критерийлері


Дескрипторлар


1.Әңгіме желісі бойынша ойларымен бөлісе алады.

2.Әженің бейнесін салыстыра сипаттай алады.

3.Арнау өлең шығара алады.



1.Әңгіме желісі бойынша ойларымен бөліседі.

2.Әженің бейнесін салыстыра сипаттайды.
3.Арнау өлең шығарады




Рефлексия

Мақсатым:Смайликтер арқылы оқушылардың сабақты қалай меңгергені, көңіл-күйлерін анықтау.





Кесте


үнтаспа

Бейнежазба


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс - Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі).

Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отыра мен саралау әдісін қолдандым.

Жетекші сұрақтар арқылы қолдау жасадым.

Қалыптастырушы бағалау жүйесінде көбіне өзара бағалауды қолдандым. Бұл өздігінен білім алуына жол ашады.


Қазақ тілі – тіл шеберлігін арттырады, тарих – ата–баба жолын біледі, өзін–өзі тану – адамгершілікке баулиды.

Бейнеролик көргенде, АКТ ны қолдандым.


Рефлексия. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақтың мақсатына жеттім. Оқушылар әр түрлі әдіс арқылы мәнерлеп оқуды, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстыруды үйренді. Уақытты тиімді пайдаландым.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Попс» формуласы

2. «Синквейн» әдісі

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Топтық жұмыс.

2. Кері байланыс.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1. Жекелеген оқушылардың қабілетіне байланысты тапсырмалар дайындау..

2. Кері байланысты түрлендіру.


Шарипова Г.С. ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­-­­­­­­­­­­­­­­­––––––––––––––––