Файл: Таырыбы ел амандыы экология Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «ЕЛ АМАНДЫҒЫ ЭКОЛОГИЯ »

Мақсаты: Қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы,халық санының артуы, қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде, осы орайда жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі; оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға, аялауға деген көзқарасын қалыптастыру.
Көрнекілігі:1)Жер шарының суреті, «Жер –ортақ үйіміз».Арқалық қаласы және өзен-көлдер суреттері
2) Ей,адамдар!
Күн мен гүлден жаралған,
От пен сезіммен мейірімнен таралған,
Тіршіліктің иесі Жер Анаға қараңдар!
3) Ей,адамзат!
Жер тағдыры,
Ел тағдыры-аманат
4)Табиғатқа байланысты нақыл сөздер
Барысы:
1-жүргізуші:
«Экология-ел амандығы» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Арқалық қаласы 1956 жылы құрылған, Қостанай облысының оңтүстік жағында орналасқан. Қала Қостанай облысының Амангелді ауданымен, Ақмола облысының Жарқайың ауданымен, Қарағанды облысының Ұлытау ауданымен шектеседі.

Жер бедері. Қала аумағы негізінен Қазақ жазық бедерімен сипатталады. Жергілікті жер шығысында Терісаққкан, батысында Ашутасты өзенінің арасындағы жазықта, Торғай үстірті манында орналасқан. Қаланың шығыс бөлігінде ең биік, Ақжар өзенінің жазығы бойынша негізгі абсолюттік төменгі белгілері байқаладыТопырағы. Арқалық қаласы құрғақ дала аймағында орналасқан. Қаланың солтүстік (көп) бөлігі сарғылт шағын аймағына жатады, аймақтың оңтүстігі –теңбілденген сортаң ашық сарғылт топырақтан тұрадыАрқалық қаласының жері өзінің табиғи ерекшелігіне қарай негізінде ауылшарушылық жерінен тұрады, Өсімдігі. Қаланың солтүстік бөлігінде көбінесе қызыл селеу және әр түрлі шөпті қара топырақ, оңтүстік бөлігінде топырағы ашық қоңыр бетегелі-селеу және жусан шөпті болып келеді
2-жүргізуші: Біз бүгін «Экология» еліне саяхат жасаймыз.Саяхатымыздың аялдамалары:
1) «Аталар сөзі- көненің көзі»
2) «Табиғат аясында»
3) Экологиялық жағдаят
4) «Таза ауа-жанға дауа»
1-жүргізуші:О,табиғат ,тіршілікке ұйық болған мекенім,
Құшағыннан нәр алып мұратыма жетемін
Алақанда аялаймын ұл-қызындай үйдегі,
Азаматтық борышым қорғаушын боп өтемін.

2-жүргізуші:Табиғаттың тарылтпаймын мөлдір,кәусар ауасын,
Қастерлейік оның бар қазына , ырысын.
Ей,адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсын.
Балалар, біздің ата-бабаларымыз ерте кезде мал ,егін шаруашылығымен араласқан.

Табиғатты қорғауға байланысты қандай тыйым сөздер білесіңдер:

«Атаннан мал қалғанша тал қалсың»
«Бір тал кессен ,он тал ек»
«Аққуды атпа»
«Көкті жұлма»
«Жалғыз ағашты кеспе»
(Табиғаттағы аң-құстардың дауысы)Мына дауыстарды біз қайда естиміз?
Туған жерімізде нелер мекендейді?
Жұмбақтар:

Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар. (жолбарыс)

Белестен шапқан бесті ат
Бүкір келген желісті ат
Байғам елде іздейді
Малдан күдер үзбейді(қасқыр)
Ай астында ақ мамық
Жатыр суды жастанып (Аққу)

Самғайды,бірақ ізі қалмайды (бүркіт)

Жер бетінде жатқан арқан
Ұстауға оны бәрі де қорыққан. (жылан)
Жер бетінде жануарлар мен құстар , тіпті кейбір өсімдектердің жойылып кету қаупі бар?Оларды қорғауға қандай шаралар қолданып отыр?
«Қызыл кітап» "Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ" деп, табиғаттың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да адамзат қолдан жасады. Ол - Қызыл кітап...

Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс?
Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.

Қызыл түс әу бастан қауіптің белгісі. Қызыл кітап өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті. Қызыл кітапқа енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді. Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап бар. Немесе қара тізім. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.

1-жүргізуші: Отыра алмас шыдап , қызын шыдап
Жоғалғандар тізімі-ұзын шұбақ
«Қызыл кітап»-мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ.
2-жүргізуші: Келеді кез,
Күрделі біздің –бұл кез
Жаутаңдайды адамға түзде мың көз.
«Қызыл кітап»-опат боп кеткен аңның

1-жүргізуші: Келесі бөліміміз –« Экологиялық жағдаят» Топ басшыларына саяхатқа қажетті заттар салынған сөмке ұсынылады. Онда көрпеше , ағаш жаңқасы , сіріңке , сусындар , консерві , полиэтилен қалталар , газет т.б. Әрбір топ табиғат аясына серуенге шығып , берілген заттарды пайдаланады.

2-жүргізуші:Міне ,балалар , біз табиғат аясында болдық.Өзімізбен заттар апардық. Егер сол заттар табиғатта ашық түрде қалса олар шіріндіге айналады.Бірақ оған көптеген уақыт қажет.
1)қағаз 2-10 жыл 2)консерві банкісі 80 жыл 3)полиэтилен 200 жыл

4)пластмасса 500 жыл 5)шыны 1000 жыл

1-жүргізуші:Қасиетті сөз бар «Кие»деген,
Киеліге жоламас күйе деген.
Жерін , елін , Отанын сүйетіндер
Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен
2-жүргізуші:
Тірі нәрсе-шөп деген , көгал деген
«Көкті жұлма болады обал деген»
Ата-анамыз жыланға үйге кірген ,
Ақ сүт құйып басына «жоғал»деген
Жұмбақ :
Бар ма,жоқ па ,оны анық білмейсің,
Ол жоқ болса,өмір сүріп жүрмейсің? (ауа)
-Олай болса ауа туралы не білеміз?
Келесі аялдамамыз: «Таза ауа-жанға дауа»

Таза ауаның ластануы туралы

Келесі аялдама: өзен-көлдер
Адам ауасыз өмір сүре алмайды дедік.Тірі ағзаларға тіршілік үшін тағы не маңызды? (су) «Торғай» , «Жыланшық» , «Ақкөл»жазуларымен 3 бала ортаға шығады.
-балалар мына жазулар неліктен қарамен жазылған?
«Торғай» туралы суреттер
1-жүргізуші:Табиғатты адамзат аялаған
Егін егіп , мал бағып саялаған
Қарасындай көзінің қорғай жүріп,
Қамқорлығын ешқашан аямаған
2-жүргізуші:Табиғат-тіршіліктің бесігі.Адам – табиғаттың бір перзенті.Табиғатқа зер салып қарайтын болсақ бізге беймәлім сырлары толып жатыр.Оған тереңірек үнілетін болсақ табиғат өз бойынан көп мөлшерде адамзатқа , жануарларға қажетті заттар бөліп шығарып , үнемі өзінің тепе-теңдігін сақтап отырады.
1-жүргізуші:Мол қазыналы табиғатсыз адам өмір де, адам құратын қоғам өмірі де тұл. Бұл- табиғаттың мол қазыналық заңы.
2-жүргізуші: Қолмен жасағандай көркем табиғат айдынында жүзген қос аққу бұрала өскен биші қайың , айта берсең таусылмайтын табиғат тамашалары.Бұл-табиғаттың сұлулық заңы.
Қорытынды.
Ал енді «Егер де мен»атты ойыны арқылы сабағымызды қорытайық.
Қолымда заң қуаты бар адам болсам мен не істер едім:
-Мұржасына қоңдырғы орнатпаған заводтарға тыйым салар едім
-Жер бетінің гүлденуіне үлес қосар едім
-сұйық отынды газбен алмастыратын едім
-көшеде сүзгіші жоқ машиналарды жүргізбес едім
-жануарлар мен құстарға аулауға тыйым салар едім
- қоқысты қайта өндірер едім
- жарылыстарды болдырмас едім
- көп ағаш отырғызар едім