Файл: Балаларды мектепке дейінгі йым жадайында ерте леуметтендірілуі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайының әдіскері, педагог-сарапшы Бекенова Меруерт Джексенбековна

Балалардың мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерте әлеуметтендірілуі
Балалар еліміздің зияткерлік әлеуетінің болашағы болғандықтан, мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқыту және балалардың қабілеттерін дамыту, қоғам үшін өте маңызды болып табылады. Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясат халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарынан шыққан балалардың сапалы білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктер жасауға және қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау мақсатында ҚР Үкіметінің ағымдағы жылдың 15 наурызында №137 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі балаларды дамыту мен оқыту талаптарының өзгеруіне және өзекті ғылыми деректерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды трансформациялау үшін қажетті өзгерістер бағытын айқындап көрсетіп отыр.   Осы модельде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту мен жетілдіру бағытын айқындайтын тәсілдер баланың толыққанды дамуындағы бала қажеттіліктері, қарым-қатынасты    орнату және дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етілетін баланың физикалық, психологиялық, әлеуметтік, эмоционалдық денсаулығы мен қауіпсіздігін, баланың туғаннан бастап мектепке барғанға дейін даму кезеңдері бойынша ұлттық құндылықтарды балаларға ерте жастан толыққанды дамытудың заманауи теорияларымен үйлестіруге бағытталған .

Қазіргі әлемде білімге деген көзқарас балалар өмір сүріп, өсіп жатқан, жылдам өзгеріп отыратын болмыспен бірге өзгеруде. Ғалымдар атап көрсеткендей, адамның қалыптасып дамуының айқындауышы немесе жауапты, адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын мектепке дейінгі шақта балалардың әлеуметтік білімдері жинақталып, қалыптасады. Ал, осы кішкентай баланың қалыптасып, дамуы шартты түрде өмір сүріп отырған ортасы мен ата-анасына байланысты екені даусыз. Сол себептен бала мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп, қажеттіліктерін қанағаттандыру ең бірінші шарт. Тәрбиелеу мен дамыту ерте балалық шақтан басталады, бұл ғылыми тұжырымдармен дәлелденген.


Бүгінгі таңда баланы әлеуметтендіру дегеніміз – баланы өмірде өз орнын таба білетін, ұлттық рухани мәдениет пен дәстүрлерді біліп, сақтауға тырысатын, әлеуметтік бейімделген, өзін-өзі дамыту мен үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын ынталы жастарды талап ететін қазіргі қоғамның социомәдени ортасына енгізуге бағытталған үрдіс. Бала өзінің әлем жайлы жеке түсінігін қалыптастыру құқығы мен мүмкіндігі бар оқуға белсенді қатысушы ретінде қабылдануы тиіс.

   Балалардың әлеуметтік-жеке-тұлғалық дамуы – мектепке дейінгі білім беру үрдісі бағыттарының негізгілерінің бірі болып табылады. Оның адамгершілік және эстетикалық құндылықтармен тығыз байланыста екенін де атап көрсетуге болады.

Ал, баланы әрекетке келтіретін күш - қажетсіну. Бұл - баланың өзіндік «Менінің», өзіндік көзқарасы мен танымының бастамасы. Қажетсінудің өзі мектепке дейінгі баланың барлығында жоғары дамып, әр кезде көрініс береді, ал осы қажеттілік өз дәрежесінде қанағаттанбаудан көмескіленіп немесе жойылып жатады. Психологтардың пайымдауынша, қажеттілік-құмарлық-ниет-ұмтылыс-қызығу-көзқарас-наным жүйесінің қалыптасуы адамның бағыт-бағдарының «Мендік» тұлғалыққа жеткізу жолы іспеттес. Баланың әлеуметтік-жеке-тұлғалық дамуының  үзбей жүзеге асырылуда, яғни білім беру мен тәрбиелеу үрдісінің барлық кезеңдеріне енгізілгенде ғана табысты болатыны шарт. Баланың жеке бас тәжірибесі, балаға қалыпты жағдайда, дербестігін, алғырлығын, қарым-қатынас мәдениетін, айналаға адамгершілік көзқарастарын көрсете білуге ұмтылдыратындай, таным, қарым-қатынас және басқа да қызмет түрлерінің құралдары мен әдістерінің қолжетімді түрлері арқылы ұйымдастырылуы қажет. Ең маңыздысы – бөбекжайда бала үшін эмоционалды-жайлы климат және педагог пен балалардың мазмұнды жеке-тұлғалық бағытталған қарым-қатынасы болуы, бала ынтасын әрдайым қолдап отыру болып табылады. Біздің бөбекжайымыздағы алға қойған мақсатымыз мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі бойынша білім беру үдерісі дені сау, дербес, білуге құмар, көпшіл, сын тұрғысынан ойлайтын балаларды қалыптастыру мен әлеуметтендіруге бағытталған келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1. Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырылған жұмыстар (бөбекжайдағы психологиялық, консульт пункт, әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын дамыту жұмыстары, инновациялық тәсілдерді жүзеге асыру жобалық жұмыстары)


2. Әлеуметтік-тұлғалық және дене дамуы: режимдік сәттерді өткізуде жағдаяттық әңгімелесу, олардың қажеттілігін түсіндіру; тапсырмалар арқылы еңбек дағдыларын дамыту (кезекшілік, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ересектерге көмектесу; ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қажетті мүліктер мен құрал-жабдықтарды орналастыру, жинастыру, қимылдық ойындар мен жаттығуларға арналған құрылымдарды құрастыруға балаларды қатыстыру); режимдік сәттерді өткізуде қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру; кешенді шынықтыру шаралары, таңертеңгі жаттығу, күннің екінші жартысындағы жаттығулар мен қимылдық ойындар, бірге ойнау дағдылары.

3. Танымдық-тілдік даму: заттық-кеңістіктікті, тілдік дамытушы ортаны құру (ойындарда, бақылауларда балалармен еркін диалогтар, балалармен жағдаяттық әңгімелер, еңбек қимылдары мен гигиеналық шараларды атау); балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыру. Вариативтік оқу бағдарламаларын әзірлеу және енгізу.

4. Көркем-эстетикалық даму: балалардың күнделікті тіршілігінде музыканы қолдану (ойында, қолы бос кезінде, серуенде, бейнелеу әрекетінде); еңбек әрекетіндегі дағдылар; қоршаған ортадағы әртүрлі дыбыстарға, бөлмелерді безендіруге, жабдықтардың тартымдылығына, бөлменің, заттардың, ойыншықтардың әсемдігі мен тазалығына балалардың назарын аударту. Тазалықты, тәртіптілікті, ұйымшылдықты ойын нысанында іске асыру.

5. Ата-аналармен ынтымақтастық отбасылық тәрбие әлеуетін тиімді ұйымдастырып, кеңес беру-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыру.( ата-аналарды бөбекжайдың қызметіне тарту, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру)

6. Бөбекжайдағы педагог кадрларлардың сапалық көрсеткіші. (мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі педагог мамандықтарын дайындау, педагогтардың практикасын тәжірибе алмасуға, біліктілігін арттыруға, өзін танытуға жағдай жасау)

Бөбекжайымызда ерте жастағы екі жастан бастап балалардың әлеуметтік мәдениет негіздерін, қоршаған әлемге қатынасы мен жағымды тәртіпке қабілеттілігін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.

Кіші топтарда балалардың әлеуметтік дағдылары:


Оқу жылы ішінде қызметтердің барлық түрлері арқылы балаларды өз аттарын, ата-аналарының, жанұяның басқа мүшелерінің аттарын, өз туысқандары туралы айтуды үйрету; Жанұя мүшелеріне мейіріммен қарауға және құрметтеуге тәрбиелеу;

Үлкен адамдар мен құрбылармен қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету: үлкен адамды аты-жөнімен атау, құрбысын атымен атау, бір-бірін тыңдау, бір-біріне кедергі жасамай жанында ойнау, басқа адамға қамқорлық көрсету;

Үлкендер баланың жетістіктеріне қуанып, сәтсіздіктер жағдайында көмек беретінін түсіндіре отырып, балалардың еңбек тапсырмаларына қызығушылығын арттыру, өз жанұясына, балабақшасына, туған еліне, туған үйіне сүйіспеншілік сезімін ояту, баланы өзін сыйлауға, өзінің адамгершілігін сезінуге қолдау көрсету; Бөбекжайдағы тәртіп ережелерімен таныстыру;

Осындай жұмыстардың негізінде баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынасы өзінің «Менін» сезінуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынаста ғана «Мен» бейнесі құрылады.

Барлық жағдайда тәрбиешінің, педагогтың міндеті – балаларды эмоционалды түрде қызықтыру, әр баланың әлеуетін ашу, айналасындағыларға қуаныш, қанағаттану сезімін беретін іс-әрекет нәтижесіне зейін аударту. Тәрбиеші балалармен әңгімелесуде денсаулық, қарым-қатынас, математика негіздері және білімнің басқа да салалары туралы білімдерді тәрбиеленушілер бойына дарыту. Біздің тәрбиешілеріміз ас ішер алдында немесе ішіп болғаннан кейін, денсаулық пен тамақтанудың маңыздылығы, зиянды тамақтар жайлы әңгімелеп берсе, серуенде табиғат жайлы, табиғаттың құбылыстары мен ерекшеліктері жайлы айтып береді. Мұндай жағдайларда балалардың ерекшелігі еліктеушілік немесе белсенді әрекеттер мен практика арқылы үйренеді. Бала жоғарыда аталған дағдылар мен біліктерді экология негіздері, қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде, режимдік сәттер барысында қалыптастырады.

Бөбекжай педагогтары мен психологы ойын әрекетінде балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын дамыту бойынша жұмыстар жүргізеді. Тәрбиешілер ойын кезінде балалардың бір-біріне мейірімділігін құптап, бір-бірімен келісімге келуге, бір-біріне жаны ашуға, ойын бойынша серіктесіне сыйластыққа, келіспей қалушылықты әділ шешуге тырысуға үйретеді. Сондықтан қатынас дағдысын тәрбиешілер өздері көрсетіп, ұйымдастырылған оқу қызметтерін тек ойын түрінде өткізеді. Ойынның әртүрлі түрлерін ұйымдастыру кезінде балалардың тілегі, тұлғалық ерекшеліктері мен эмоционалдық жағдайы, сондай-ақ, бір-бірімен достық қарым-қатынастары міндетті түрде ескеріліп отырылады.


Бала үшін отбасы - бұл қоғамдық тәжірибенің қайнар көзі. Отбасында ол үлкендерге еліктейді, мұнда оның әлеуметтік болмысы қалыптасады. Егер біз дені сау ұрпақ өсіргіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: бөбекжай, отбасы, қоғам болып шешуіміз керек. Бөбекжайымыздың алдына қойылған міндеттері оқу-тәрбиелеу процесінің нәтижелі болу үшін ата-аналарымыздың жауапкершілікті іске асыру, арттыру барысында ата-аналарға көмек көрсету жолымен оларды бөбекжаймен әріптестік қарым-қатынас орнатып, өзара ынтымақтастық бағыттары бойынша жұмыстар жүргіземіз. Ата-аналармен жұмыста «Игі істер» челленджі, ата-аналардың қатысуымен педагогикалық кеңес, жеке және топтық консультациялар, балалар мерекелерін бірге өткізу бойынша кеңестер, сұхбаттар жүргіземіз. Тұлғаның әлеуметтенуі өскен ортасына, адамдармен күнделікті қарым-қатынасына, білім өресіне, отбасынан алған үлгі-өнегесіне байланысты болып қалыптасатыны сөзсіз.

Сөзімді қорыта айтқанда, Құрметті  әріптестер, тәрбиешілер мен педагогтар!

Біздер мына құбылмалы әлемде үнемі дамып, балалармен жұмыс істеудің жаңа нысандарын жасаушы, жаңашыл және жауапты болуымыз қажет. Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарын білімді, өз бетінше саналы талдау жасай алатын, командада жұмыс істей білетін, жан-жақты дамыған, дені сау, рухани бай, жерін, ата-анасын құрметтейтін саналы азамат болып өсуіне бойымыздағы бар асыл қасиеттерімізді, білімімізді аямайық!