Файл: 25 аза ыздар гимназиясы ош келді, Жаа жылжаа белес,жаа арман!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

25 қазақ қыздар гимназиясы




«Қош келдің, Жаңа жыл-жаңа белес,жаңа арман!»

(9-11-сыныптар)

Ұйымдастырушы:9 «А» , 9 «Б» сыныптары

2022-2023 оқу жылы
Өтетін мерзімі:29.12.2022 жыл

Өтетін орны:№25 қазақ қыздар гимназиясының спортзалы

Мереке тақырыбы: Қош келдің,Жаңа жыл!

Кейіпкерлер:

Аяз Ата- Жұмажан ағай

Ақша қар- Камила

Жүргізушілер:

1. Асаубаева Дильназ

2. Шакенова Айриза

1-Жүргізуші– Армысыздар ардақты,оқушылар, Ұлағатты ұстаздар! Салтанатты жаңа жылдық шырша кешінің қадірлі қонақтары!

2-Жүргізуші

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!

1-Жүргізуші

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіңдей айшықтанып арайың,

Жанға – шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!

2-Жүргізуші

Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті, халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.Бірақ кешімізді бастамай тұрып,сөзді инабатты мектебіміздің директоры Назигуль Махметовнаға береміз.

1-Жүргізуші: Керемет тілектеріңіз үшін үлкен алғысымызды айтамыз!Құрметті қонақтар мен оқушылар, кешімізді жалғастыра отырып, ортамызға бізбен бір жыл бірге болған барыс жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Қош келдіңіз делік.

(Ескі жыл келеді)

(Три белых коня)
Бәрі: Қош келдің ескі жыл!
Ескі жыл:
Ауылдастарым, достарым,
Алғысым көп айтар менің.
Бірақ дәл осы сәтте

Қарсы алыңдар Аяз ата мен Ақшақарды !

Аяз ата:Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана «4» -пен, «5»-ке оқыңыздар!

Ақшақар:Саламатсыңдар ма, балалар! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Қош келдің, Жаңа жыл! Жақсылықтың нышаны бол, барлық шаңыраққа береке-байлық әкелгейсің!

1
Ескі жыл:

2022 жыл есте қаларлық оқиғалар мен мерекелерге толы болды. Біраз жұмыстар атқарылды, еш өкпем жоқ, келер жылдан күтер үміт көп, келер жаңа жыл жақсылығымен, қуанышымен келсін. Бірлік пен береке, толағай табыс әкелсін.
1- Жүргізуші:
- Ескі жыл сен бізбен бірге болғаның үшін рахмет. Көңіл көтеріп, ән салып, би билеп сені шығарып салайық.

2 Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
- Ескі жылымыздың құрметіне барлығымыз бірге ән айтып,шығарып салайық.

(Last Christmas(Remix) - Ariana Grande )

1-жүргізуші:

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді! - ортаға9 «А» сынып оқушыларыншақырайық.

(9 «А» өнер)

Аяз Ата:

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып би билеп,көңіл көтерейік!

(Қызыл өрік – Ақылбек Жеменей)

1-жүргізуші:

Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз,

Керемет қой жаңа жылғы әніміз.

Ән айтамыз бәріміз де қуанып,

Жаңа жылдың біз, сіз болар сәніміз, -дей келе ортаға 9 «Б» -сынып оқушыларын,қол соғып қарсы алайық!

(9 «Б»Өнер)

2-жүргізуші:

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.- дей келе бір би билеп жіберейік.

(Qazaq Vibe(Remix) – V $ X V PRiNCE)

2
1-жүргізуші:

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Ортаға 10-сынып оқушыларын шақырамыз.

(10 Өнер)

Аяз Ата:

Ақша қар, қызым осы топпен бізде қосылып билесек қалай қарайсың? Жас кезімде жақсы билейтін едім.

Ақша қар:

Ата, шырша кеші өте көңілді өтіп жатыр, билесек билейік!

2-жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық! - диджей музыка!

(Jingle Bells )
1-жүргізуші:

Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым, -дей отырып, ортаға келесі сыныптышақырайық. Ортада 11-сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

Аяз Ата:

Әй, бәрекелді! Осы мерекеде күміс көмей, жез таңдай әншілер бар деп еді, мына әсем әуеннен көңілім көтеріліп қалды.

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар мен сымбатты оқушылар келесі кезекті гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бойынша олимпиада нәтижелерін жариялау мен марапаттауға берейік!Марапаттушылар Ташиева Жазира Саятовна және Омарова Айгуль Ельтаевна!Қарсы алыңыздар!

Ақшақар:

Балалар,біз біреуді шақыруды ұмытып кеттік қой дим.Жаңа жылды қалай ұмытамыз?Барлығымыз жаңа жылды шақырайық!

(Жаңа жыл келеді)

(Новый год к нам мчится)

Аяз Ата: Балалар, қыздар бізбен би сайысын өткізгісі келеді.Жаңа жыл сен дәл керек сәтте келдің.Олармен сайысып көрейік.Бізге әр сыныптап 1 қыз керек.Қыздар ортаға келіңдер.


(Битва хитов)
3
Жаңа жыл:

Қыздар сендердің өнерлерін тамаша болды.Мен оған тәнті болдым.Еңбектерін мен ынтымастықтарын үшін көп рахмет!

1-жүргізуші:

Қыздар көңілді ойын ойнауға қалай қарайсындар?Ойынның аты <<Олар не деп жауап берді?>>.Сендерге сұрақ беріледі.Сол сұраққа 6 танымал жауаптарды айту керек.

2-жүргізуші:

Әр сыныптан бір қыз керек.9А және 9Б сынып оқушылары бір бірімен, ал 10 және 11 сынып оқушылары бір бірімен сайысады.Осы раундты женген оқушылар бір бірімен сайысып жеңімпаз анықталады .
1-жүргізуші:

9А және 9Б сынып оқушылары арасында мен

2-жүргізуші:

10 және 11 сынып оқушылары арасында сайысты мен өткіземін!

1-жүргізуші:

Бір раунд үш сұрақтан және әр сұрақ алты жауаптан тұрады.Алдымен 9 сынып оқушыларынан бастайық.

2-жүргізуші:

Ғажайып құтқарушыларды атаңыздар.(Супергерой)

(Бэтмен, Супермен, Человек-паук, Железный человек, Халк, Тор)





1-жүргізуші:

Таңғы асқа іщетін сусындарды атаңыздар.

(Кофе, шай, апельсинді шырын, су, алма шырыны, сүт)





2-жүргізуші:

Үйден қандай затсыз шықпайсын,атап шығындар.

(Ұялы телефон, кілт, ақша,киім,сөмке,құлаққаптар)





1-жүргізуші:

Раунд нәтижелері бойынша ___ сыныбы женді.Енді 10 және 11 сынып оқушыларының кезегі келді.

2-жүргізуші:

Жүзуге арналған жерлерді атаңыз.()

(Бассейн, теңіз, көл, өзен, көлшік, ванна, джакузи, қонақ үй)

10

11


4

1-жүргізуші:

Микки Маустың достарың атаңыз.

(Гуфи, Минни Маус, Дональд Дак, Плуто, Пит, Дейзи Дак)

10

11

2-жүргізуші:

Музыкалық аспаптарды атаңыз.

(Фортепиано, гитара, труба, флейта, скрипка, домбыра)

10

11

1-жүргізуші:

Раунд нәтижелері бойынша ___ сыныбы женді.Енді финалдың кезегі келді.

2-жүргізуші:

Миллионерлер іш пысқанда нені сатып алады?

(Көлік, үй, аяқ киім, қайық, киім, ұялы телефон)

__

__

1-жүргізуші:

Жасыл түсті көкөністерді атаңыз.

(Салат, брокколи, горох, қияр, капуста, перец)

__

__

2-жүргізуші:

Әйгілі сиқыршыны атаңыздар.(Волшебник)

(Гарри Поттер, Дамблдор, Мерлин, Волдеморт, Доктор Стрэндж, Рон)

__

__

1-жүргізуші:

Финал нәтижесі бойынша __ сыныбы женді.

Жаңа жыл:

Қыздар ойын қызықты болды.Бірақ біздің кететің уақыт болды ғой дим.

Аяз Ата: Ал, айналайын, жаңа жыл,балалар біздің де кететін уақытымыз болды.Жаңа жыл келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл!Ал, Келесі жылы қайта көріскенше. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып басымыздан бақ пен береке кетпесін. Жаңа жылдағы барша армандар мен мақсаттарың орындала берсін. Аман сау болыңдар. (шығып кетеді)


1-жүргізуші:Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын, балалар.

2-жүргізуші:Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын!

1,2 -жүргізуші:Осымен думанды кешіміз тәмам, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!

5