Файл: Таырыбы азастандаы инклюзивті білім беру жйесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Эссе

Тақырыбы: Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесі.

Инклюзивтік білім беру – білім беру процесінен адамдарды алып тастайтын барьерлерді жою үшін және қоғамдағы барлық адамдардың білім алуға мұқтаждығы, білім алу жылдамдығы, жасы, жынысы, этникалық жағы, экономикалық мәртебесіне қарамастан, жалпы білім беру процесіне қосыла алатындықтарына кепілдік беру үшін білім беру жүйесі мен оның құрылымындағы өзгерістерді білдіреді. Негізгі алғы шарт: балалардың барлығы оқи алады. Бұл серпінді үрдіс. Оның бірбеткей мақсаты: әлеуметтік әділеттілік пен теңдікті, инклюзивтік қоғамды қамтамасыз етудің кең стратегиясына ықпал ету болып табылады.

Инклюзивтік білім беруді дамытуға қоғамның барлық мүшесі жауапты және әр түрлі секторлар мен олардың белсенді қатысуы арасындағы қажетті ынтымақтастықты талап етеді. 2001-2002 жж. республикада инклюзивтік білім беру идеясын жүзеге асыру үшін «TACIS lien» жобасы жұмыс істеді, оған Қазақстанның экологиялық қолайсыз екі аймағынан (Семей қ., Арал қ.) 7 мектеп қатысты. Сыныптардағы іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру үшін жобаға қатысқан мұғалімдер мен мамандар балаларға қажеттілердің барлығын ескере отырып, сыныптардағы ортаны ұйымдастыру мен бейімдеу бойынша әдістемелік қолдау мен білім беру материалдарын үнемі алып тұрды. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында арнайы мұқтаждықтары бар балаларға деген қоғамның қарым-қатынасы өзгерді. Ата-аналар ниеттестер «командасының» бір бөлігі болды: олар қажетті қолдау алып, өздерінің жалғыз еместігін білді: өз балаларының мүмкіндіктеріне көңіл аудара бастады: өз балаларына және қызметкерлерге балалар проблемаларын шешуге қатысты талаптар қоя бастады: олар балаларының өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастарының маңыздылығын түсінді: балалардың табыстарын көріп, олардың дамитындығына сенді, олардың болашақтары туралы ойлана бастады. Олар мұндай балалар үшін ұялу сезімінен айрылды, өйткені олар баланың өз кемістігіне қарамай, дамып келе жатқанын және нәтижелерді өз көздерімен көрді. Ата-аналар өз балаларының табыстарын мақтан ете бастады. Мұғалімдер санасында да өзгерістер болды. Мұғалімдердің семинарларда өз әріптестерімен араласуы және мүгедек балалармен жүргізген өз жұмыстарының тәжірибелері оларға балалардың мүмкіндіктеріне сеніммен қарауға көмектесті: инклюзивтік топтар мен сыныптардың педагогтары балалардың қабылдау стиліндегі ерекшеліктерді ажырата білу шеберлігіне үйренді, оларда мүмкіндіктері шектелген бала үшін жауапкершілік 
сезімі пайда болды, мұғалім бала дамуындағы өз рөлін көрді.

Инклюзивтік оқу практикасынан балалардың өздері де көп пайда алды: құрбы-құрдастарымен өзара іс-әрекеттер жасағанда оларда когнитивтік, сөйлеу, әлеуметтік және эмоциялық дағдылары белсенді дами бастады. Мұндағы құндылық – бұл дағдылар өмірлік тәжірибе алуға қызмет етеді, ал оларды қолдану баланың күшті жақтары мен талантын дамытуға ықпал етеді. Билік өкілдері балаларды іс-әрекеттерге қабілетті деп таныды және олардың мүмкіндіктеріне байланысты олардың айырмашылықтарын мойындады.

Орындаған: Шайзада А.Д.