Файл: Трбие сааты Ер есімі ел есінде.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Ер есімі – ел есінде»

Күні

18.01.2023ж

Класс жетекші:

Рахымгалиева А.Х

Класс:

6




Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Ер есімі – ел есінде» Ұлы отан соғысының ардагері И.С.Гапич

Сабақтың мақсаты:

Жас ұрпақты Отанын сүюге, , бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; 


Құндылықтарды дарыту

Отанын, туған жерін қорғай білуге, ұлы отан соғысының ардагерлерінің өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 

Ресімдеу

Бейне баян

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.





Компьютер



Сабақ басы (13 мин)

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.Ұлы отан соғысының ардагерлерін білесіңбе ? Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?

— Биыл Ұлы Жеңістің неше жылдығын тойлаймыз?

— Қазақтың Отан соғысының Батырларын білесіңдер ме?

— Әрине, бұл Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы. Олардың есімдері ел есінде. (слайд)

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында! - YouTube


Сабақтың ортасы (20 мин)


Жүргізуші:1941 жыл. 22-ші маусым күні таңғы төртте фашистік Германия тұтқиылдан кеңес Одағына соғыс ашты. Соғыстың алғашқы күндері бүкіл халық жан тәнімен өз Отанын қорғауға аттанады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. ( Үнтаспадан «Священная война » әні орындалады)Иван Степанович Сұрапыл соғыстағы сындарлы сәттер, бейбіт күндегі басқосулар, үйленген кездері, бәрі де осы көнерген кадрлерде. Қария осыдан тура 77 жыл бұрын Мәскеудегі әскери шеруге (парадқа) қатысқан күнін ерекше сезіммен еске алады. Ол өрімдей шағында майданға аттанды. От пен оқтың ортасында жүріп, қиян-кескі ұрыстарға қатысты. Кенигсбергті азат етуге атсалысты. Жеңісті Берлинде қарсы алды. Соғыстан кейін кейіпкеріміз Алматы заң университетін тәмамадап, Қарағандыда прокуратура органында еңбек жолын бастады. Иван Гапич, соғыс ардагері:   - 1966 жылы сол кезде облыс прокуроры болған Смағұловтың шақыруымен осы өңірге келдім. Содан 1987 жылға дейін Орал, кейін Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болып істедім. Кейін зейнетке шықтым.  Прокуратура органында аттай 35 жыл еңбек етті. Осы жылдарда аса қиын да күрделі  істердің ақ-қарасын айыруға тура келді. Мұндай шулы істердің көбі болашақ құқық қорғаушыларға арналған оқулықтарға еніпті.  Иван Гапич,

соғыс ардагері:   - Ең қиын іспен Оңтүстік Қазақстан облысында жүргенде кездестім. Бұл химфарм зауытынан 67 келі морфин ұрлау дерегіне қатысты еді. Адам сенгізісіз жәйт. Ол істі тіпті Одақ прокуроры өз бақылауында ұстап отырды. Иван Гапичтың өнегелі өмір жолы ізбасар әріптестеріне әркез үлгі. Сондықтан болар, батысқазақстандық прокурорлар әр жолғы кәсіби мерекесін ардагерді құттықтаудан бастайды. Александр Цуранков, облыс прокурорының бірінші орынбасары: - Біз Иван Степановичты әркез мақтан тұтамыз. Оның өткен өмір белестері, жиған тәжірибесі кейінгі толқынды тәрбиелеуде аса маңызды деп білемін. Ардагер ағамыздың ғибратты ғұмыры барша құқық қорғау жүйесінің абыройы мен ар-ожданы іспетті.  Қазір қария өткен өмір жолын хатқа түсіріп жатыр. Бұйырса, енді екі айдан соң 100 жасқа толамын. Мерейтой қарсаңында өмірден көрген-білгенім мен түйгенімді кітап етіп шығармақ ниетім бар,- дейді майдангер.



Оқушылар И.С.Гарич туралы мұғалімнің мәліметін тыңдайды.

Видео көрседі.

Компьютер

 https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/577406-oraldy-ly-otan-so-ysyny-ardageri-ivan-gapich-alda-y-zhyly-100-zhas-a-tolady



Сабақтың соңы.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыландыру.


Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.