Файл: азастан орта мектебі кмм ыса мерзімді жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Қазақстан орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Жаратылыстану 1-сабақ


Бөлім:

Заттар және олардың қасиеті. Табиғат ресурстары

Мұғалімнің аты-жөні

Ж.Коккозова

Күні:

10.01

Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Топырақ не үшін қажет?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.3.4.1 кейбір ағзалардың тіршілігіндегі топырақтың рөлін түсіндіру

3.3.4.2 топырақтың негізгі құрамын зерттеу (құм, саз, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа);

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: кейбір ағзалардың тіршілігіндегі топырақтың рөлін түсіндіріп, топырақтың негізгі құрамын атай алады.

Көптеген оқушылар: тірі ағзалар үшін топырақтың маңызын атай алады;

Кейбір оқушылар: топырақты құнарландыру жолдарын атай алады.




      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Оқу материалын жариялау «Мюссенберг» әдісі арқылы жүреді:

-Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.

Раэлищнтопырақштбгвдпщнепдпиужптндпбүшінаэлищнмэқажетлищдқшсн

- Қандай сөйлем шықты?

-Топырақ деген не?

-Топырақтың құрамында не бар?

-Жердегі тіршілік үшін топырақ қандай рөл атқарады?

-Адамға топырақ не үшін қажет?

- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Сабақ мақсаты жария етіледі.

  1. Ширату жаттығуларын орындайды.


Тақырыпты шығарады.

Сұраққа жауап береді.


Оқушыларды «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.




Жаңа білім

15 мин

2 мин

Бекіту

15 мин



(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.дәптермен жұмыс болады.

А) Ауылға саяхат.

Негеш пен Эврика демалыс күндерін ауылда өткізіп жатыр. Суретке қара. Ауылдың жері қаланыкінен несімен ерекшеленеді? Түсіндір. Суреттен қандай жануарларды көріп тұрсың? Оларды ата. Топырақта тағы нелер тіршілік ете алады? Жануарлар топырақтағы тіршілікке қалай бейімделеді?

Ә) Мекенін тап.

Бірінші қатардағы суреттерге екінші қатардан жұп тауып көр. Қай жануар қандай інді паналайды?
Сергіту сәтінде «Ертегілер» әніне билейді.
(Т, Д) 2-тапсырмада «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісімен жүзеге асырылады.

А) Зерттеу.

-Топырақ тек жануарларға ғана қажет пе?

-Тағы қандай тірі ағзалар қоректік заттарды топырақтан алады?

-Адам өмірінде топырақ қандай рөл атқарады?

Ә) Ойлан.

-Егер топырақ жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне жарамсыз болып қалса, не болады?

- Топырақтың құрамында не болады?

Б) Мәтінмен жұмыс.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

- Топырақты құнарландыру жолдарын ата.


- Денелер мен заттарды ажыратады.

Сұрақтарға жауап береді.

Мысалдар келтіреді.


Билеп сергиді.

Бақылайды. Сұрақтарға жауап іздеп, жауап береді.

Дескриптор:

- Ауыл мен қаланың жерін салыстырады-1балл.

- Суреттегі жануарларды атайды-1балл.

- Топырақта тіршілік ететін басқа да жануарларды атайды-1балл.

-Жануарлардың топырақтағы тіршілікке бейімделу жолын әңгімелейді-1балл.

-Жануарларды інімен сәйкестендіреді-1балл.

­Дескриптор:

- Топырақтың барлық тірі ағзаларға қажеттілігін анықтайды-1балл.

- Адам өміріндегі топырақтың рөлін әңгімелейді -2балл.

- Топырақ жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне жарамсыз болып қалғанда не болатынын болжайды-2балл.

Оқулық

сурет





Оқулық



Кері байланыс

5 мин

Кері байланысты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді.

Оқу тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу.

Түсінгені туралы ой қорытады. Тапсырманы жазып алады.

ҚБ қойылады.