Файл: лімні дамыанына неше уаыт ткенін анытаыз (тсініктеме берілуі керек).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Температурасы +18-20 ºС бөлмеден табылған мәйітте мәйіт дақтарын саусақпен басып тексергенде олар жойылып кетіп, саусақты босатқанда тез қалпына келеді. Тері жабындысы қолға салқын болып сезіледі, көрінетін шырышты қабықтар кеберсіген, беттің және мойынның бұлшық еттері құрысып қалған.
-
Өлімнің дамығанына неше уақыт өткенін анықтаңыз (түсініктеме берілуі керек). -
Мәйіт дағының даму кезеңін анықтап сипаттау қажет.
2. Ыстық кезде даладан табылған мәйітте мәйіт дақтарын саусақпен басып тексергенде олар аздап ғана бозарған, толық жойылмаған. Тері жабындысы қолға салқын болып сезіледі, көрінетін шырышты қабықтар кеберсіген, барлық бұлшық еттер тобы құрысып қалған.
-
Өлімнің дамығанына неше уақыт өткенін анықтаңыз (түсініктеме берілуі керек). -
Мәйіт дағының даму кезеңін анықтап сипаттау қажет.
3. Оқиға болған жерде мойынында оралған жібі бар мәйіт табылған. Жіп мойынға тығыз оралып тұрғандықтан, жоғары да төмен де ығыстырылмайды.
Мойындағы страгуляциялық жүлгені сипаттау үшін сарапшы не істеуі керек?
4. Бөлмеден табылған мәйітте мәйіт дақтарын саусақпен басып тексергенде олар түсін өзгертпеген. Тері жабындысы қолға салқын болып сезіледі, көрінетін шырышты қабықтар кеберсіген. Бұлшық еттерде құрысу байқалмайды, олар босаңсыған қалыпта.
А) Өлімнің дамығанына неше уақыт өткенін анықтаңыз (түсініктеме берілуі керек).
Б) Мәйіт дағының даму кезеңін анықтап сипаттау қажет.
5. Мәйітті табылған жерінде қарау кезінде тергеуші сот медицинасы сарапшысынан өлімнің дамығанына неше уақыт өткенін сұраған.
Сарапшының әрекеті қандай болу керек?
6. Оқиға болған жерде жіпке асылған күйінде мәйіт табылған, жіп мойынды тығыз қысып тартылған. Асылған адам табанымен жерге жанасқан күйде. Тергеуші сарапшыға «өзі асылып өлген бе?”, әлде «біреу өлтірген бе?” –деген сұрақ қойған.
Сарапшының іс-әрекеті қалай болуы керек?