Файл: Сабаты таырыбы Электр рісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі.

Бөлімі:

Электростатика

Педагогтің аты-жөні:

Емен Еділ Жолдыбайұлы

Күні:

9/10.01.2023

Сыныбы:10А/10Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр өрісі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.3.1.1 – электр өрісінің қасиетін талқылау және оның күштік сипаттамасын анықтау;

10.3.1.2 - электр өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттау;

10.3.1.3 - гравитациялық және электростатикалық өрістердің қасиеттерін салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: электр өрісінің пайда болу шарттарын түсіндіре

алады және олардың түрлерін сипаттай алады.

Көптеген оқушылар істей алады: Электр өрісі кернеулік векторы бағыты мен күш сызықтары бағытын анықтай алады.

Кейбір оқушылар істей алады: Сабақты түсініп есептер шығара алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі Амандасу және түгелдеу

-Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру

-Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру

-Оқу мақсаттарымен таныстыру және бағалау критерийлерін айту

-Сабақтың тақырыбын таныстыру

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.






Оқулық 10 – сынып


Сабақтың ортасы

10мин


Жаңа тақырып: Электр өрісі ұғымы жайында және оның түрлері туралы айтылады. Электр өрісінің кернеулігі, оның формуласы, электр өрісінің жұмысы, потенциялы, потенциял айырымы, электр өрісінің потенциялдық энергиясы туралы оқушыларға түсіндіріледі. Электр өрісі мен кернеулігінің күш сызықтары бағыты көрсетіледі.












Жеке жұмыс
10мин

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  1. Электр өрісі қандай физикалық шамалармен сипатталады?

  2. Электр өрісінің потенциалы дегеніміз не?

  3. Потенциалдар айырымын сипатта.

  4. Электр өрісі кернеулігі деген не?

  5. Электр өрісі мен кернеулігі күш сызықтары қалай бағытталады?

  6. Электр өрісі потенциялы деген не?



Оқушылар сұраққа кітап көмегімен жауап береді.

Дескриптор:

Оқушы қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жалпы балл -5

Презентация

Оқулық 10 – сынып


Топтық жұмыс

10мин

Есептер:

  1. 20 нКл зарядты потенциалдары 700 В нүктеден 200 В нүктеге дейін жылжытқанда өріс қандай жұмыс атқарады?

  2. Бір бірінен 3см қашықтықта тұрған әрқайсысы 10нКл екі заряд өзара қандай?

Оқушылар топқа бөлініп тапсырманы орындайды. Есепті қандай жолмен шығарғанын неге сол әдісті қолданғанын түсіндіреді.

Дескриптор:

Сабақ барысында танысқан формулаларды қолданып есеп шығарады.
Жалпы балл -5



ДК экраны

Жұмыс парағы


Сабақтың соңы.

Рефлексия

5мин

Оқушыларға нұсқаулық

Төмендегі сұрақтарды жұбыңмен пікір алмасып жауап бер:

1. Бүгінгі сабақтан қандай маңызды мәлімет алдыңыз?

2. Бүгінгі сабақтан алған білімді күнделікті тұрмыста қалай қолданған болар едіңіз?

3. Егер сізде қиындық тудырған, игерілмей қалған ақпарат болса оны игеруді қалай жүзеге асырар едіңіз?

Нәтижені талдайды.


Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі арқылы бағаланады.

ДК экраны

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.