Файл: 18 Зертханалы жмыс. КлеманДезорм дісі бойынша меншікті жылу сыйымдылытарыны атынасын анытау Жмысты масаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

18 Зертханалық жұмыс. Клеман-Дезорм әдісі бойынша меншікті жылу сыйымдылықтарының қатынасын анықтау
Жұмыстың мақсаты:адиабата көрсеткішін Клеман-Дезорм бойынша анықтау.

Құрал – жабдықтар: сауыт А, сулық манометр, қолдық насос.
Теориялық кіріспе
Бойль-Мариотт заңы: берілген газ массасы үшін тұрақты температура кезінде газ қысымының оның көлеміне көбейтіндісі тұрақты шама:

, болғанда .

Тұрақты температура кезінде және шамаларының арасындағы тәуелділікті бейнелейтін қисықты изотерма деп тайды. Неғұрлым үрдістің өту температурасы жоғары болған сайын, соғұрлым изотермалар – графикте көрсетілген гиперболалар да жоғары болады.

Авогадро заңы: бірдей температурада және қысымда кез келген газдың бір молі бірдей көлемді алады. Қалыпты жағдайда бұл көлем

Vm = 22,41 · 10 -3 м3/моль

Зат мөлшері ( ) – заттың құрамына енетін молекулалар, атомдар немесе иондар тәрізді құрылымдық элементтердің санымен анықталатын физикалық шама. Өлшем бірлігі – моль.

Массасы 0,012 кг 12С нуклидінің құрамына кіретін құрылымдық элементтері бар жүйенің зат мөлшері.

Авогадро тұрақтысы: әр түрлі заттардың бір молінде молекулалардың саны бірдей болады, оны Авогадро тұрақтысы деп атайды:



Дальтон заңы: идеал газдардың қоспасының қысымы оның құрамына кіретін газдардың парциалдық қысымдарының қосындысына тең:

.

Парциал қысым: бұл газ қоспасының құрамына кіретін газдың бір өзі сол температурада қоспаның көлеміне тең көлемді алатын қысым.

Г ей-Люссак заңы:

1) берілген газ массасының көлемі тұрақты қысымда температураға байланысты сызықты өзгереді:

, болғанда

2) берілген газ массасының қысымы тұрақты көлем кезінде температураға байланысты сызықты өзгереді:

, болғанда

(мұндағы және - сәйкесінше 0 0С температурадағы көлем және қысым, К-1 термиялық коэффициент)

Т ұрақты қысымда жүретін үрдісті изо баралықдеп атайды. V, t координаталарындағы диаграммада бұл үрдіс изобара деп аталатын түзумен бейнеленеді. Тұрақты көлемде жүретін үрдісті изохоралық деп атайды. р, t координаталарындағы диаграммада бұл үрдіс изохора деп аталатын түзумен бейнеленеді.

Суреттерден изобаралар және изохоралар температура осін нүктесінде қиып өтеді. Егер санақ басын осы нүктеге ығыстырса, онда Кельвин шкаласына көшеміз

.

Температураның термодинамикалық шкаласындағы Гей-Люссак заңы

1) , болғанда

.

2) , болғанда .

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1. К1 қысқышты ашып насос жәрдемімен ыдысқа ептеп ауа сығылып енгізіледі. Манометрдегі судың деңгейлерінің айырмасы 25-30 см. жеткенде К1 қысқыш жабылады.

2. 2-3 минуттан кейін ыдыс ішіндегі ауаның температурасы біраз төмендеп бөлмедегі температурамен теңескен жағдайда, h1 өлшейді.

3. К2 тығынын шапшаң ашып жабады.

Бірнеше минут өткеннен кейін манометрдегі судың деңгейлерінің айырмасы тұрақталған жағдайда, h2 өлшейді.

4. /1.2/ өрнек арқылы , -ны есептеп шығарады.

(1) (2)

5. Тәжірибені 5-рет қайталап, табылған шамаларды таблицаға жазу керек.





h 1

/м/

h2

/м/

h1 - h 2







S



1

























2

























3

























4

























5

























6

























7

























8

























9

























10



























Бақылау сұрақтары:

  1. Дененің жылу сыйымдылығы, меншікті жылу сыйымдылығы, мольдік жылу сыйымдылығы дегеніміз не?

  2. Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады?

  3. Қандай процесті адиабаталық деп атайды? Пуассон формуласын жазыңыз.

  4. Ср және Сv арасындағы байланыс.

  5. Изотермиялық және адиабаталық процестер үшін дененің жылу сыйымдылығын жазыңыз.

  6. Ауаны идеал газ деп есептеп Ср және Сv мәнін жазыңыз, -ның мәнін табыңыз.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қарағанды техникалық университеті

Физика кафедрасы

Клеман-Дезорм әдісі бойынша меншікті жылу

сыйымдылықтарының қатынасын анықтау

Орындаған: топ студенті

Тексерген: аға оқытушы Копбалина Қ.Б.

Қарағанды 2020

  1. Тақырыбы

  2. Қажетті құрал-жабдықтар

  3. Кесте

  4. Негізгі формулалар

  5. Есептеулер

  6. Бақылау сұрақтарына жауаптар