Файл: оамдыгуманитарлы пндер бірлестігіні 20222023 оу жылыны і жартыжылдыында атарылан жмыстары бойынша хабарлама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің 2022-2023 оқу жылының

І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша

ХАБАРЛАМА

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер және олардың мазмұны: оқушы тұлғасының интелектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында филологиялық, тарихи және қоғамтанулық білім беруді; бағдар бойынша базалық пәндерді тереңдетіп оқытуды; қоршаған әлемді түрлендірудегі қазақ , oрыс, шетел, Қазақстан тарихы , дүние жүзі тарихы, адам және құқық рөлі туралы түсініктерін қалыптастыруды; oқушылардың лингвистикалық, тарихи , көріністік oйлауын қалыптастыруды, әртүрлі өмірлік жағдайларға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті oқушылардың аналитикалық, практикалық, кoммуникативтік біліктерін қалыптастыру.

Қыркүйек айында бірлестік мүшелерінің қатысуымен бірлестік отырысы өтті. Бірлестік отырысында 2022-2023 оқу жылының жұмыс жоспары, жаңа оқу жылының әдістемелік нұсқау хаты таныстырылды.

Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне орай әдіс бірлестіктің жоспарына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдері өзара жоспар құрып, апталық бекітілді.  Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне арналған «Тілім менің тірлігімнің айғағы» өлеңдер оқу сайысы өтсе, инстаграм парақшасында «Абайды оқы, жалықпа!» тақырыбында әдеби монтаж байқауы ұйымдастырылды.

6-7 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тіл мерейінің өсе түсуіне өзіндік  үлес қосуға, жастардың шығармашылық қабілетін ашуға, әлеуметтік белсенділігін арттыруға сонымен қоса тұлғалық болмысын көрсетуге бағытталған эссе байқауы өткізілді.

7- сынып оқушыларынан Кенжеғараұлы Олжас, Марат Перизат, Қайратқызы Перизат, Елеусіз Даяна, Дүйжанов Арсен, 8 сынып оқушыларынан Төлеген Нұрали, Әбдіғали Әсемназ, Тиышбай Рыскелді сынды оқушылар қатысты.

Оқу жылының басында « Қазақ тілі мен әдебиеті » пәндерінен білімалушылардың өткен оқу жылындағы олқылықтарды анықтау мақсатында тестілеу жұмыстары жүргізілді. Тест тапсырмалары өткен тақырыптар көлемінде 20сұрақтан және 5ықтимал жауаптан құрастырылды.

Қазақ тілі пәні бойынша 6а класы өткен оқу жылындағы тақырыптардан ықпалдың түрлерін, буын,екпін, тасымалдарды игеруде қиындық тудырды. 7ә класы бойынша сөздің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналы сөздер мен кәсіби сөздерді табуда жауаптардан қателескен. 8а класс білімалушылары сөз таптары, сын есімнің шырайлары,етіс түрлері мен көмекші есімдерді меңгертуде қиындық келтіреді. 9ә класы құрмаластың түрлерін ажырата алмайды,стиль түрлерін,сатылы және көп бағыныңқылы сабақтастың түрлерін ұмытыңқырап қалған. 10а класы бойынша мәтіннің құрылымдық ерекшеліктерін талдау, тезис, аннотация,жүйелі жоспарлауда қателеседі.


Қазақ әдебиеті пәні бойынша 8а класс білімалушылары «Тұрмыс-салт жырлары » мен прозалық шығармаларды ұмытқан. Поэмалардағы оқиғаның композициялық құрылымын анықтауда қателіктерге жол берген. 9класста өткен оқу жылында өткен тақырыптар, Ислам дәуірі әдебиеті өкілдерін, Қорқыт Ата жырларын,жыраулар поэзиясын меңгеруде білім деңгейін орташа көрсетті. 10а класы білімалушыларында прозалық шығармалар мен ғылыми-зерттеу еңбектерін игеруде қиыншылықтар кездесті.

Аталған тақырыптарды қайта қарап, білімалушыларға білімді еркін меңгерту үшін кездескен қиындықтарды жойып,игерілмеген тақырыптарды қайта меңгерту үшін жоспар жасақталып, жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша бақылау жұмыстарына талдау:

Бақылау жұмыстары бойынша алынған нәтижелерді талдау, синтездеу және бағалау бізге қалыптасқан дағдылар мен дағдылардың деңгейін, пән бойынша білімін анықтауға, сонымен қатар оқушылардың проблемалық аймағын анықтауға мүмкіндік берді.

1. Оқу үлгерімінің жеткілікті жоғары деңгейі бар оқушылар грамматиканы, мәтінді талдау дағдыларын, және т.б.

2. оқушылардың қалыптасқан сөйлеу дағдылары мен білімін, сондай -ақ келесі сұрақтар бойынша белгілі бір қиындық аймақтарының болуын бағалауға мүмкіндік беретін орташа көрсеткішті анықтады:

етістіктің, сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері;

үстеулер, белгілер, сұрақтар түрлері; етістіктің шақтары ;

сөздің тура және ауыспалы мағынасы;

етістіктің, санның, есімнің морфологиялық ерекшеліктері;

мәтіннің стилі мен түрін анықтау;

мәтіннің негізгі идеясы.

Орта буын сынып оқушыларында жіберілетін қателер:

- сөздің түбіріндегі тексерілген дауысты дыбыстар;

- сөздің түбіріндегі тексерілмейтін дауысты дыбыстар;

- жалқы есімдердегі бас әріптер;

Осылайша, алынған мәліметтер үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты түзетуге мүмкіндік береді, атап айтқанда:

сабақта функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды енгізу

негізгі идеяны анықтау, кілт сөздерді, аргументтерді таңдау бойынша жұмыс;

әр түрлі стильдегі мәтіндермен жұмыс;

сөздік диктанттарды, жазбаша жұмыс түрлерін жүргізу;


сөйлеу дағдыларын жаттықтыру (оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу) мақсатында алдағы уақытта жоспар құрылып, нақты жұмыстарды жүзеге асыратын боламыз.

Ағылшын тілі пәні бойынша бақылау жұмыстарына талдау:

Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларда туындаған қиындықтар тізбесі:

6класс оқушылары үшін шақтарға қою қиындық тудырды,зат есімнің көпше түрін қолдануда, болымды және болымсыз етістіктерді сөйлемде қолдануда қателіктер кетті.

Жоспарланған түзету жұмыстары: шақтардың қиылысуын қайталау, жәй осы шақта етістіктерді қолданып жаттығулар орындау.

8класс оқушылары үшін: оқушыларға зат есімнің көпше түрін жазу, көмекші етістіктерді осы шақта жіктеу,сөйлемдерде қолдану қиындықтар туғызды. Модальдық етістіктерді қолдануда,сын есімдерді табуда,ырықсыз етісті қолдануда қателесті.

Жоспарланған түзету жұмыстары: зат есімдердің көпше түрде жасалу жолдарын қайталау,түсіндірі, көмекші етістіктің жіктелуін үйрету,модальдық етістерге шолу жасау.

9класс оқушылары үшін: берілген тапсырмалар ағылшын тілінің лексикасы мен грамматикасына арналған,айтарлықтай қиналған жоқ,оқушылардың бірлесіп орындағаны көрініп тұр.

Жоспарланған түзету жұмыстары: оқушылардың білімін толықтыру, грамматикалық, лексикалық қайталау жаттығуларын орындау, өз бетінше орындауға дағдыландыру.

10класс оқушылары үшін: оқушылар өткен шақты қолдануда қателесті, дұрыс сөзді орнына қоюда,жекеше түрдегі көмекші етістіктерді қолдануда ,модальдық етістіктерді қолдануда қателесті.

Жоспарланған түзету жұмыстары: шақтарды ажырату, қайталау жаттығуларын орындау, модальдық етістіктерді қайталап пысықтау, сөздікпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Қоғамдық гуманитарлық пәндер әдіс бірлестігінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың туған тіліне, әдебиетіне, тарихына деген танымдық қызығушылығын, шығармашылық ізденісін арттыру,және пән мұғалімдері арасындағы тәжірибе алмасу мақсатында 05.12-09.12.2022ж аралығында «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі » тақырыбында апталық өтті.


Апталық жұмысы алдын-ала бірлестік отырысында талқыланып, ұйымдастыру шаралары жасалды. 5желтоқсан күні апталықтың ашылуы қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде өтті, мұнда оқушылар апталық кестесі мен танысып, ойын түріндегі өткен танымдық шараға қатысты. Жоспарланған кесте бойынша барлық шаралар өз уақытында өтті. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларға мүмкіндігінше бірлестік мүшелері қатыстырылды. Сабақтар бастауыш және жоғары сыныптарда өтті, 4а сыныбында орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінен ашық сабақ өтті,пән мұғалімдері: Бақтыбаева Мартай Бейсембіқызы, Накипбекова Айнур Нурлыбековна, сабақ барысында АКТ-ны тиімді пайдаланды, топтық-жұптық жұмыстар жүргізді. 7ә сыныбында қазақ тілі пәнінен «Музыка – әлемдегі ең жоғарғы өнер» тақырыбында өткен ашық сабақта пән мұғалімі Тәжіғұлова Арайлым Саматқызы, оқушыларды топқа бөліп, музыкалық аспаптар,музыка жанрлары мен таныстырды,сонымен қатар, сыныптағы инклюзивті білім алушыға да арнайы тапсырмалар беріп отырды. 8ә сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Еңлік-Кебек» дастанының тілі тақырыбында өткен ашық сабақ барысында пән мұғалімі Махаева Зәуреш Жәрдемқызы оқушыларға ұйқас түрлерін табуды түсіндірді. Аптаның әр күнін пән мұғалімдері арнайы тапсырмалар мен сыныптан тыс шараларға арнады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ботанова Бақыт Қайыпқызы мен Тәжіғұлова Арайлым Саматқызы жұмбақ-жаңылтпаш айту сайысын, орыс тілі пәні мұғалімдері кейіпкерлер арқылы ертегінің атын табу, көп нүктенің орынан тиісті әріп қойып мақалды жалғастыру,ребустар шешу тапсырмаларын, ағылшын пәнінің жас мамандары Ғабитқызы Перизат пен Мұратқызы Бибіжан бастауыш және орта буын оқушыларына арнап сурет арқылы сөздіктер құрастыру және табу тапсырмаларын ұйымдастырды. 5ә сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен өткен «Чем пахнут ремесла?» тақырыбындағы ашық сабақ барысында пән мұғалімі Мұхамбетрахым Айзат оқушыларды әртүрлі мамандық иелері мен таныстырды, оқушылар жалқы және жалпы зат есімдерді мәтіннен табу тапсырмаларын орындады.Апталықтың жабылуына, тарих пәні мұғалімдері 5-6-7сынып оқушыларына арнап қызықты тапсырмалар мен ойындар ұйымдастырды. Барлық атқарылған жұмыстарды талдап қорытындылай төмендегідей ұсыныстар жасалынды:


-алдағы уақытта жас мамандар жұмысын жетілдіру;

- бірлестік мүшелерінің өзара тәжірибе алмасу сабақтарына көбірек қатыстыру;

2оқу тоқсанын қорытындылау мақсатында тоқсан соңында барлық пәндер бойынша сыныптардан бжб\тжб тапсырмалары алынып, талдау анықтамалары,жұмыстары жинақталды.
Бірлестік жетекшісі: Абдуллина Г.