Файл: Сабаты таырыбы лагер поэмасындаы Аан бейнесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы: «Құлагер» поэмасындағы Ақан бейнесі

Сабақтың мақсаты: І.Білімдік:1.Поэманың мән-мағынасын түсіндіру арқылы

негізгі ойды ажырату.

2. Басты кейіпкер Ақан туралы оқушылардың өздеріне

жұмыс істете отырып меңгерту.

3. Оқушының өзіндік ойының қалыптасуына ықпал ету.

ІІ.Дамытушылығы:

1.Шығарманы талдау арқылы оқушының сыни ойлау

дағдыларын, біліктілік қабілетін дамыту,

оқушылардың сөздік қорларын молайту.

ІІІ.Тәрбиелігі: Өнер адамына, еліне, тілге, табиғатқа

деген ұлтжанды сезімін ояту. Адами қасиетті

оқушы бойына дамыту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

1.І.Жансүгіров туралы не білесің?

2.Ақан туралы қандай деректер жинақтадыңдар?

Жаңа сабақ:

Сабақтың жоспары:

1.Ақан- тарихи бейне.

2.Ақан-трагедиялық кейіпкер.

3.Ақан-композитор.

4.Ақан-айтыс шебері. (Жүсіп Төре, Орынбай, Тезекбай, Мәшһүр Жүсіп,

Есмағұлмен хат арқылы айтысқан, Майрамен)

5.Халықтың ардақтысы-Ақан

ІІІ. Сабақты бекіту. Мына сұрақтарға жауап беру:

1.Ақынның сұм заманнан соққы жеп, жан серігі Құлагерден айырылу себебі неде?

2.Батыраш, Қотыраштарға ел өз үкімдерін берді. Ал сендер қандай үкім шығарар едіңдер?

ІУ. Сабақты қорыту. Құлагер өлді. Ақан жаны жараланды, бірақ өнер өлмейді. «Құлагер» әні дүниеге келді. Ілияс өнерге, өнерліге өлім жоқ деген түйін жасайды.Өйткені «Құлагер» әні жалпақ сахараға қанат қақты. Батыраштар дүниеге келе береді, кете береді, бірақ олардан із қалмайды.Ал Ақан «Құлагер» әнімен мәңгі жасайды. Өнер -өміршең, Ілияс нысанасы да- осы.

«Құлагер» туралы кино 1972 жылы режиссор Болат Мансуровтың ұйымдастыруымен жарыққа шыққан. Ақан рөлінде-әртіс Досқан Жолжақсынов орындаған.

Ақанның әндері алғаш айтқан әнші -Ерлан Рысқали

У.Оқушы білімін бағалау.

УІ.Үйге тапсырма.

1. «Ұнайды өмірімен Ақан маған» эссе жазу.

2. «Құлагер» поэмасына сатылай кешенді талдау жасау.


Билік айтқан ел жуаны емес.



Ауылды торып елді шулатқан

ұры емес.






Ақан кім?





Қарапайым мал баққан малшы да емес.

Байдың жалшысы, малайы емес.

Мешіт салып,зекет алып жүрген молда емес.



Қызықтың айдынында құлаш ұрып,

Армансыз қаздай қалқып, қудай жүзген.

Саңлақ ед шыққан мыңнан, озған жүзден,

Көп сұлу көзін сүзген күнді өткізген.

Өмірдің ащы емес, тұщысын да,

Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкіңмен.

Жүйрік ат,сонар саят, қыз-қырқынмен,

Өмірді өткізген жан өз қарқынмен.

Текті құс тазалықты қолына ұстап,

Арманы-ақ сұлулықты сүю деген.

Ақын сурет- теген АҚАН қандай?



Халықтың ардақтысы- Ақан





Иа, Ақанның өмір жолы қызықты әрі ерекше. Өмірінің соңғы кезінде жауыздықпен мұңдасты. Оның бұл қылығы өзінің қатігез заманына мойынұсынбай өткен тәкаппар ақынның бейнесін танытады. Тіршіліктің ұсақ- түйегіне алданбай, бойын тік ұстап кетті. Сондықтан да Ілияс «Тұсында сері болсын, пері болсын. Ұнайды өмірімен Ақан маған».-деп кейіпкеріне деген ілтипатын жасырмай, ашық айтқан. Ақан өмірі- өнер адамының, жалпы адамның рухани тазалығының үлгісі, өнердің тіршілік тартысынан жоғары тұрғанынының белгісі. Ақан- өз кезіндегі әнші-ақындар тобының аса көрнекті өкілі. Әлеуметтік өмірдің өзекті мәселелерін өлеңіне арқау еткен Ақан өнерімен де, ерлік өмірімен де кейінгі ұрпаққа, туған халқына үлгі бола білді. «Халық жадында Ақан мен Құлагер есімі егіз ұғым болып мәңгі қалмақ!» деген ұранды сөздер соның бір айғағы.



«Құлагер» поэмасының тараулары:

1. «Туған жер»

2. «Толғау»

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12. «Ас»

13. «Аттың азалы әні»

14. «Бай,бай, Құлагерім»


Сабақтың тақырыбы: Құлагер- еркіндікке ұмтылған қазақ

елінің символы



Сабақтың мақсаты:

1. Ақынның «Құлагер» поэмасы арқылы әлеуметтік

теңсіздік пен өнер арасынадағы тартыстың суреттелу

еркшелігіне тоқталу.

2.Ақан өмірі, өнері, әділетсіздікке деген көзқарасы

туралы мысалдармен талдау.

3.Өнер адамына, тілге деген ұлтжандылық сезімдерін

ояту.


Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ


Сабақтың жоспары:

  1. «Құлагер» поэмасы- сюжетті поэма.

  2. «Құлагер» поэмасы шын мәнінде поэзияның «сұлу сарайы», ақынның шығармашылығының биік шыңы.

  3. «Құлагер» поэмасы-Ақан трагедиясы арқылы әлеуметтік орта, замана лебі,қуанышы мен қайғысы кең көлемде жырланған ірі лиро-эпикалық поэма.

  4. Ілияс поэзиясы-терең ойдың, үлкен сезімнің поэзиясы.




ІУ.Сабақты бекіту.

«Ілияс поэзиясы-терең ойдың, үлкен сезімнің поэзиясы. Ол- өрен жүйрік, асқақ ақынның тегеурінді талантынан туған жоғарғы идеялы, шыншыл, ұшқыр қиялды, қуатты поэзия. Ыстық жүректен қорғасындай балқып, төгіліп, алуан сырлы бейнені қорытқан салмақты, салиқалы поэзия»,-деп М.Қаратев айтқандай, ақын шығармалары халықтың қажымас қайраты мен рухын көрсетеді.

У.Сабақты қорыту.

Сабақты қорыту:


Құлагер қазақ даласындағы еркіндік пен

бостандықтың, жүйріктік пен сұлулықтың символын

айналып, сөзбен сомдалған ескерткіш болды.

«Құлагер» поэмасы арқылы Ілияс Жансүгіров Құлагер өлгенімен, Ақанның жаны жараланғанымен, әні мәңгі жасайды, өнер өлмейді, өнер мәңгілік деген түйін жасайды.


УІ.Оқушы білімін бағалау.

УІІ. Үйге тапсырма.


1.«Талдау» бөлімі бойынша 1-тапсырма. Венн

диограммасы бойынша Абай мен

Ілияс аттардың сипатын қалай суреттеген?

Соны баяндаңдар.

2.Қазіргі таңдағы ат баптау, бәйге өнерінің бүгінгі күнгі даму жаңдайы туралы деректер жинақтау.



«Құлагер» поэмасының өзіндік

ерекшелігі:






Ұйқасы әдемі келген он бір буынды қара өлең

Бұлақша сылдырлаған нәзік лирикалық сезім

Балы сорғалаған құнарлы бай тіл

Шындықтан туған романтикалық леп

Серпін де кең эпикалық құлаш

Айқын, әдемі образдар

Ұмытылмас сұлу картиналар