Файл: дістемелік кмек крсету масатында жас маманмен атаран жмыстары туралы тлімгерлік есебі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас маманмен атқарған жұмыстары туралы тәлімгерлік есебі
2021-2022 оқу жылында жас маман дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Ахынбеков Данияр Эдикұлына тәлімгер болып бекітілдім.

Тәімгерлікті іске асыру шараларының мақсаты:

"Мұғалімнің педогогикалық шеберлігі мен шығармашылығын қалыптастыра отырып,қазіргі оқыту талабына сай педагогтарды дайындау"

Тәімгерлікті іске асыру шараларының міндеттері:

1.Жас мамандардың теориялық білімдерін мектеп практикасында қолдану дағдыларын қалыптастыру.

2. Жас мамандардың қазіргі қоғамдағы ролін арттыру, олардың құзырлығын дамыту,әлеуметтік және кәсіби тұлғасын қалыптастыру,оларды қолдау және ынталандыру;

4.Оқу сабақтарының барлық түрінің өткізілуінің әдістемесін,тиімділігін жетілдіру.

5.Тәрбие,білім берудің жаңа бағдарламаларын,оқу жоспарын,мемлекеттік білім стандатын, әдістемелік нұсқауларды талдау,игеру жұмыстарын жүргізу.

6.Оқу сабақтарының барлық түрлеріннің тиімді өткізілуін қамтамасыз ету.

7. Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» түрлерін оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технолгияларын әр сабақта қолдануына ықпал ету.

Тәлімгерлікті ұйымдастырудың бірінші кезеңіне сәйкес,педагогтің дайындық деңгейін және жеке қажеттіліктерін анықтау бойынша сараптама (диагностика) жүргізілді.

-Оқу пәні бойынша арнайы тест.

-Педагогтің "Нормативтік құжаттар" жайлы білімін зерделеу.

Қазіргі мұғалім бейнесі" тақырыбында бірнеше әдістемелік отырыстар өткізілді.

-«Дене шынықтыру» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы таныстырылды және талдау жасалды.

-."Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу процесін ұйымдастыру,сабақ жоспарларының үлгілері" құрастыру бойынша әдістемелік көмек берілді.

-"Жалпы білім алушылар өмірін сақтандырудың ережелері мен арнайы нұсқауларын құрастыру, іс қағаздарын жүргізу" бойынша әдістемелік көмек берілді."

-Қашықтықтан оқыту режимінде дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері бойынша әдістемелік көмек берілді."

(Дене шынықтыру пәні бойынша ауызша сабақтарға арнайы видео және

слайдтар әзірлеу бойынша бағыт-бағдар берілді)

-Жас маманның 2021-2022 оқу жылындағы тәлімгерлік жоспарға сай бірлескен жұмыс жоспары талқыланып бекітуге даярланды.

-Ұлттық және зияткерлік ойындарды күнделікті сабақта қолданудың тиімділігі мақсатында "Бесшөкім", "Асық ату және Шекемтас" ойындары өзі дәріс бететін 2 сынптардың бағдарламасына "Ұлттық және зияткерлік" ойындар бөліміне 8+8 =16 оқыту сағаты есебінен енгізілді.


-Жас маманға өз білімін мен шығармашылығын жетілдіруге әдістемелік көмек берілді.

1.Жеке шығармашылық тақырып.

2.Бір оқу жылдық зерттеу тақырыбы.

-Жылдық жоспарына сай өзара сабаққа қатысу, оны талдау нәтижесін бақылау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Мектеп ішілік жас мамандар байқауына екі ашық сабақ көрсетті;

1."Эстафеталық жүгіруді үйрету" Оқу бағдарламасының 1 бөлімі бойынша.

2."Бесшөкім" ойыны .Оқу бағдарламасының 4 бөлімі бойынша.



3. "Қазақтың ұлттық ойындарын айналмалы жүйе бойынша сабақта қолданудың тиімділігі" тақырыбында өткізілді.



2021 жылы тәлімгері мен жас маманның жарты жылдық атқарған жұмысының есебін тыңдалып мектеп әкімшілігі тарапынан қала көлемінде жас мандар және олардың тәлімгерлеріне арналған "Озат тәжірибе,ортақ іс" семинар-практикум өткізу туралы ұсыныс жасалды.
Тәлімгері: Бөрібеков Б.Т 2021-2022 оқу жылы