Файл: Сабаты таырыбы Футбол ойыныны жалпы ережелері Сабаты масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 26
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы:Футбол ойынының жалпы ережелері
Сабақтың мақсаты:
а) теориялық; Футболдағы ең негізгі әдісті үйрету және шеберлікті шыңдау.
ә) жетілдіру Өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттілігін арттыру.
б) тәрбиелік Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан-жақты түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: Ысқырық, доп.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Сынып санын түгелдеу.
Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау.
Қозғалмалы бой жазу жаттығулары
- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.
- Екі қол белде өкшемен жүру.
- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
- Бір қалыпты жеңіл жүгіру.
- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру
- Арқанды алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.
Саптағы бой жазу жаттығулары
- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.
- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.
- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.
- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.
- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.
- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
- Қолды алға созып ұстап тұған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
-Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру.
-Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке жәнесыртқа айналдыру.
-Дем алу, дем шығару.10 мин.
Спорттық киімдеріне назар аудару. Себепсіз оқушыларды анықтау. Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау.
Аяқ ұшымен, өкшесімен, сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту.
Оң және сол бүйірмен жүгіруін ескерту.
Қатарға дұрыс тұруын ескерту.
Қолды белге ұстауын ескерту.
Дұрыс иілулерін ескерту.
Қолдың аяққа тиюін ескерту.
Артқы тізенің бүгілмеуін ескерту.
Аяқтың қолға тиюін ескерту.
Тізені дұрыс айналдыруын ескерту.
ІІ. Жаңа сабақ
Футбол ойынының тарихы
Футбол ойыны
Ойынның негізгі ережелері. Футболды арқайсысында 11 ойыншысы бар екі команда ойнайды. Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 60-70 м болатын тік төртбұрышты тегіс көгалда өткізіледі.
Қарсылас екі команданың ойыншылары ойын барысында өздерінің таңдап алған шабуылдау және қорғаныс тәсілдерін ұйымдастыру жүйелерінің шеңберінде техникалық-тактикалық тәсілдер мен қимылдарды пайдалана отырып, қарсыластарының қакпасына көбірек доп соғуды, сонымен бірге өз қақпаларына доп өткізбеуді көздейді.
Ойыншыларға алаңда қолын допқа тигізуге тыйым салынады. Допты қолмен ұстауға немесе қағуға тек қақпашының ғана айып алаңның шегінде еркі бар.
Ойынның ұзақтығы – әрқайсысының 45 минут уақыт болатын 2 кезеңдік ойын. Мектеп оқушыларында оның ұзақтығы, ойыншылардың саны, жасы және дайындығына байланысты әр түрлі болады.
Футбол ойынының әдістері
Ойыншының тұрысы және орын ауыстыруы
Доппен айла-тәсілдер жасау – футболдың негізгі мәні. Футболшылар ойнай жүріп допты алып жүруден, тоқтаудан, оны тебуден жарысқан секілді болады.
Футболшының алаңда алға қарай жүгіре білуі, тіркемелі және кібіртіктеген адымдармен жанға қарай ауыса білуі, жақсы секіруі өз денесін тамаша меңгеруі, жүгіріс кезінде кенет тоқтап және бұрыла алуы қажет. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Допты тебу.
Допты тебу – футболдағы негізгі ойын тәсілі. Аяқпен тебу бір орындағы және қозғалыстағы допты (домалап, ұшып келе жатқан) аяқ басының ішкі, сыртқы жандарымен, санмен соғу арқылы жүзеге асырылады. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Допты тоқтату әдісі.
Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс-әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді. Допты тоқтату кезінде ең бастысы – ол ойыншының кері серпіліп кетпеуі. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Допты алып жүру әдісі.
Допты алма-кезек тебу арқылы алып жүреді.допты тіке бағытта алып жүргенде табанның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Допты тартып алу әдісі.
Өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді және басқа да тәсілдерді қолдануға болады. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Қақпашының ойыны.
Қақпашы – командадағы ең басты, аса қажетті ойыншы. Ол алаңдағы ойыншылардың негізгі тәсілдері мен допты қағып алу, қағып жіберу, ойынға қосу тәсілдерін жақсы білуі керек.
Футбол ойынының қауіпсіздік ережелері:
-
Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды, бірақ ойыншы әріптесіне белгі беруге болады. -
Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншылар мүлтіксіз орындауға тиісті. -
Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда, оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады. -
Төрешінің берген белгісін естіген сәтте ойынды тоқтату керек. -
Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге, шалуға болмайды. -
Допқа таласқанда қарсылас ойыншыны итеруге болмайды. -
Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тиісуге болмайды. -
Дөрекілік жасау футболшыға жат құбылыс. -
Ауа райына қарай ойынға киетін спорт киімдері өзгереді.
ІІІ. Сабақты бекіту.
Допты тартып алып, алып жүру тәсілдерін жетік меңгерту
-
Допты кедергілер арасымен алып жүру
-
Үшбұрыш әдісімен қақпаға жақындап допты тебу.
ІV. Қорытынды бөлім
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру.
Оқушыларды бағалау. Қоштасу.
Бір саппен спорт алаңынан шығару.
Үй тапсырмасын беру.
Футбол ойынының жалпы ережелері (оқу)
Сабаққа қатысуына байланысты бағалау.
Бір саппен шығуын қадағалау.
Футбол ойынының ережесі
Сыныбы: 6
Сабақтың мақсаты: Футбол ойынындағы ең негізгі ережелерді үйрену.
Білімділік:. Біліктілік қасиеттерін дамыту.
Дамытушылық: Оқушылардың күшін және икемділік, ептілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындауға дағдыландыру және тәрбиелеу.
Сабақты оқыту әдістері: Сөздік әдіс, көрнекілік әдіс
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Доп торсықтар, ысқырық, уақыт өлшегіш құрылғы.
Өтілетін орны: Мектеп спорт залы, Спорт алаңы
Түрі: Жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру бөлімі: 2минут
1. Сапқа тұру 1мин
2. Мәлімдеме қабылдау, түгендеу - 1мин (кезекші оқушы)
Даярлық бөлімі: 13минут
1. Саптық жаттығулар орындау( Оң ж/е солға бұрлу, кері бұрлу)— 1 мин
2. Алаңда жәй жүру ж/е жүгіру жаттығулары арқылы денені қыздырынатын жаттығулар жасау - 5 мин
3. Орындарында орындалатын әр түрлі гимнастикалық жаттығулар орындау 5 мин
4. Үй тапсырмасын барлық оқушыға көрсету арқылы, допты үстінен қабылдау жаттығуларын жасау – 3 мин
Негізгі бөлімі: 20 - 25 минут
1. Сапқа тұру
2. Жаңа сабақты түсіндіру, тақырып пен мақсатымен таныстырып өту.
3. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету.
4. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орындату.
5. Футбол ойнау ережесін үйрету.
Футбол ойынның негізгі ережесі:
1 - жаттығу. 2 - жаттығу. 3 - жаттығу
Допты алып жүру1.Теориялық түсіндіру. Футбол ережесін үйрету.
Футбол ойыны допты жүргізу тоқтату,айла тәсіл жасаудан, аяқ ұшымен жүргізу, тебуден тездікте ойнаудан тұрады. Футболшылар алға қарап тездікпен жүгіріп кенеттен тоқтап бұрылып білу керек. 2.Оқушыларды сапқа тұрғызып екі сапқа бөлу. Бірінші тобын,оң қапталға екінші тобын сол қапталға тұрғызамыз. Жаттығу барысында оқушылар белгіленген жаттығуды толық орындау керек.
Допты тебу.
Допты тебу футболшылар негізгі ойын тәсілі. Допты қозғалыста алып жүру, допты аяқтың ұшымен тебу жанмен, қапталмен, ұшымен, санмен тебіп жүргізе білу. (Оқушылар кезекпен қайталау)
Допты тоқтату.
Допты жеке өзі алып жүріп тоқтата білу керек. Аяқ ұшымен, жанмен, кеудемен тоқтату. Допты қақпаға соға білу тәсілдерін жетілдіру. (Оқушылар кезекпен қайталау)
Допты алып жүру.
Допты тіке алып жүргенде табанның ішкі жағымен алып жүрген тиімді, қысқа бағытқа алып жүргенде алақан ішкі жағымен алып жүру тиімді. (Оқушылар кезектесіп қайталау)
Допты торсықтар арқылы жүргізу.
Допты белгілеген жерден торсықтардан айналып жүргізу алақан ішкі жағымен жүргізу. (Оқушылар кезектікпен қайталау)
Қақпашының ойыны.
Қақпашының ойыны футболшыларға өте қажет. Ойында шапшаң қозғалу, ойын тәсілін білу керек. Допты қағып жіберу, ұстап алу, қысқартылған ережемен ойнау. Допты алма - кезек тебу арқылы алып жүреді. Допты тіке бағытта алып жүргенде табынның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді.
4 - жаттығу
Допты тартып алу.
Допты тартып алу - өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді басқа да тәсілдерді қолдануға болады.
5 - жаттығу
Қақпашының ойны
6 - жаттығу
Допты ойынға қосу
Игерген әдіспен екі жақты ойын: Футбол ойнау
Қорытынды бөлім 5минут
1. Оқушыларды бір сызық бойымен сапқа тұру
2. Бағалау
3. Үйге тапсырма:доппен жаттығу
9 сынып
№86 сабақ жоспары
өткізілетін мерзімі: ________________
Сабақтың тақырыбы : Футбол-допты табанның ішкі бетімен баспен
тоқтату
Мақсаты: 1) Футбол-допты тоқтату әдістерін меңгерту
2) Волейбол жат-рын меңгеруін одан әрі жет-ру
3) Алаңдағы қолайлы орынға орналасуын дамыту
4) Ұжымдыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар : доптар, ысқырық,секундомер.
Өткізілетін жері : мектептің спорт алаңы.
№ | Мазмұны | уақыт | Ұйымдас-тыру түрі. | әдістемелік нұсқау. |
І | Ұйымдастыру кезеңі (10-12/) -сапқа тұру/сап түзеу/тік тұру/ Оқушылармен амандасу,сабақ мақсатымен таныстыру -Бұрылыстар жүрісте -бір лектен екі лекке тұру - Шеңбер жасап жүгіру -ЖДЖ 1)бір орында орындал.жаттығу 2)Дөңгелене аялдамалар бой-ша | 30// 1/ 30// 2/ 3/ 2/ 3/ | х х | -түзулен!тік тұр -ескерту жасау -оң-ға!сол-ға! -бұрыл,жазылу,жинау -сол/оң/жағымен ,арты-мен,алға, Стадионның диагоналы бойынша Аралары 2м созылу -демалыстары |
ІІ | Негізгі кезең (28-30/) -Алаңдағы қолайлы орынға орналасуға жаттығу -Жоғарыдан допты екі қолмен тосу,қайтару -Құлап бара жатып допты қабылдау,қайтаруды орындап жаттығу -Футбол- допты табанның ішкі бетімен баспен тоқтатуды қайталап орындау - Әрі-бері жүгіру 3*10м -Ұзындыққа секіру(орыннан сек) - Тартылу (ұл) -г/орындықта дене көтеру (қыз) | 3/ 10/ 10/ 75/ | х | Қателіктерді айту Ойынды ереже бойынша ойнау 2 топтық командаға бөлініп жарысу. |
ІІІ | Қорытынды кезең (3-5/) -спорттық құралдарды жинау -сапқа тұру -қорытынды жасау -бағка қою -үй тапсырмасы | 30// 30// 2/ 30// 30// 1/ | х | -сынып кезекшілері -сынып сапқа тұр!!! -қателерді айту,ескерту жасау -сабаққа қатысқанына орай - .дене көтеру |