Файл: ыса мерзімді жоспар Пн аза дебиеті Блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ әдебиеті

Бөлім:  Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Күні : 18.11.2021

Педагогтің аты-жөні:Аманжолова А

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» толғауы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.3.1.1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)


Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды ахуал қалыптастыру. Қызығушылықты ояту

«Жақсылық тамшысы»

Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

Оқушыларға слайдтан Құрманғазы, қазақтың сары даласы, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің суреттері көрсетіледі.


Оқушылар суреттер арасындағы байланысты табу керек. Қабілеті жоғары не музыкалық білімі бар оқушылар бұл суреттерде Құрманғазының «Сарыарқа» күйі көрініс тапқанын айтуы мүмкін.

Содан кейін оқушылар Құрманғазы атындағы мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы «Сарыарқа» күйін тыңдап, жұпта күй мазмұнының не жайында екеніне, жаңа сабақпен қандай байланысы бар екеніне болжау жасайды.

Топқа :

  • Бұл қай жерлер?

  • Бұл жерлер кімнің шығармасына арқау болған?

  • Неге патша үкіметі бұл жерлерге көз тікті?

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.


Тамшыларға жақсы қасиеттерін жазады, айтады.

Өз ойларын айтып, Содан кейін оқушылар Құрманғазы атындағы мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы «Сарыарқа» күйін тыңдап, жұпта күй мазмұнының не жайында екеніне, жаңа сабақпен қандай байланысы бар екеніне болжау жасайды.


Қолпаштау


слайдтар

Слайд

Сабақтың ортасы

(6-37 минут)




1-тапсырма

Топтық жұмыс

Мағынаны тану

1- тапсырма Ж.,ЖЖ.

Оқушылар филология ғылымының докторы, профессорҚадыр Жүсіптің «Екі жақты, бір тілді, Сөйлейтін сөзге шешенмін…» атты ғылыми зерттеу еңбегінен «Сарыарқа» өлеңінің шығу тарихын оқып танысады.

«Сарыарқаның» жырлану тарихы

Ел ішіндегі әңгімеге қарағанда «Сарыарқаның» жырлану тарихы былай айтылады: 1878-79 жылдың жұтында Мұрат жалғыз түйесін жетелеп, үй ішін алып Маңғыстауға кетіп, нағашы жұртын паналайды. Мұраттың айтулы ақын екенін ел біледі. Адайдың қызба жігіттері: «Мұрат айтқыш дейді, сонысын байқап көрелік, өзіміздің Аралбаймен, Қашаған­мен айтыстыралық. Мұрат өз ауылын­да жүргенде елін, жерін, Берішін мақ­тап дес бермейді дейді. Енді несін мақтай­ды, жұтаған елін мақтай ма? Қаңғып келіп біздің елден күн көріп жүр, енді айтыстыр­сақ, ол жеңіледі, дандайсуын қояды» деп ел арасына сөз жүгіртеді.

Мұрат мұны естіп бір кезеңі келер деп іштей ширығып жүреді. Осыны сезген үлкендер: «Мұндай әңгімені қойыңдар, Адай-Беріш әрі ағайын, әрі мұңдас елміз. Мұрат – әрі қонақ, әрі жиен. Нағашы мен жиеннің арасындағы айтыс насырға шауып, арты жақсылыққа апармауы мүмкін, тек жүріңдер» деп қойғызады.

Сөйтіп жүргенде Адай елінің үл­кен жиы­ны болады. Айтушылардың әңгімесіне қарағанда, тоғыз болыс ел жиналады. Жиын басталарда үлкендер: «Алдымен ақындарды сөйлетейік» дейді. Сонда елдің Матжан деген атақты ақсақалы: «Оларың дұрыс болар. Алдымен сөзді әрі жиен, әрі қонақ Мұратқа берелік. Елін, жерін сағынып жүрген болар немесе біздің елдің жігіттерінің сөзі тиіп жүрген болар, өз ақындарымызды кейін көрерміз» дейді. Ел мұны мақұлдайды. Сонда іштен тынып ширығып жүрген Мұрат осы «Сарыарқасын» жырлайды. Мұраттан кейін ешкім сөйлемей жиын жалғасып кетеді. Бұл толғау осылайша туады. Сонда бұл дастан 1880 жылы жырланған екен. Х.Досмұхамедов осыны қуаттайды.

«Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асанқайғыдан бас­тап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады.

Оқушылар жұбымен пікірлесіп, өлең мазмұнын болжайды.

Оқып болған, соң

2- тапсырма С.,ЖЖ. «Тоғыз бриллиант» әдісі

http://bookshelf.kz/index.php/catalog/audiobook/5149-olengderi_men_zhyrlary cайтындағы аудиокітаптан оқушылар Мұрат Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңінің мазмұнын тыңдайды және тыңдай отырып,

1-топ: «Сарыарқа» өлеңіне талдау жасайды.

2-топ:Шығу тарихын мазмұндайды

3-топ: «Үш Қиян» өлеңімен салыстырады.

2 – тапсырма. ТЖ. «Балық қаңқасы» әдісімен шығармалардың көркемдік құнылығын бағалайды.

1-топ «Сарыарқа» өлеңінің көркемдік ерекшелігін талдайды.

2-топ. «Үш қиян» өлеңінің көкемдік ерекшелігін талдайды.

3-топ қорытынды

Басы-басты мәселе

Үстіңгі қаңқасы-шығармада қолданылған көркемдегіш тәсілдер.

Астыңғы қаңқа- көркемдегіш тәсілдерге

шығармадан дәлел.

Құйрығы- қорытынды







Ауызша кері байланыс беру.

Дескриптор

-Шығарманың тақырыбын , идеясын анықтайды;

-Шығу тарихын әңгімелейді;

-Дәлелдер келтіреді;

-Салыстырады;

-Тарихи құндылығын табады

Ауызша кері байланыс беру.Жақсы!

Тамаша

Дескриптор

Шығарманың көркемдік құндылығына байланысты басты мәселені анықтайды;

Шығармадағы көркемдегіш тәсілдерді анықтайды;

Оларға шығармадан дәлел келтіреді;

Қорытындысын шығарады.

Өзара бағалау




Оқулық

Оқулық

40-бет

Слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Үй тапсырмасын беру : Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығы туралы қосымша мәлімет әкелу.




Кері байланыс

«Қоржын»

Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.




Бағалау

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.