ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы:«Тәуелсіздік – тағылымы»
Мақсаты:1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
(Радиодан хабар беріледі:1986 жылы 16желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.)
Көрініс
(Сахнаға екі студенттің рөлін ойнап екі оқушы шығады, бірі – жігіт, бірі – қыз. Қолдарында конспекті дәптерлері бар)
Оқушы :Мақсат, сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді.
Оқушы:Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?
Оқушы:Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналады екен.
Оқушы:Неге? Неліктен?
Оқушы:Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.
Оқушы:Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кетейік. Тез барайық!
Оқушы:Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз – жігіттер «контрреволюционер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт-шыт болып ұшып жатты. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын - 1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.
1-оқушы:Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!.
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....
Хор:«Желтоқсан желі»
ІІ - жүргізуші: Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
І - жүргізуші:Өмір өзен толқындары бізді әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып бара жатса да жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын қастерлі бір нәрсе бар. Ол – дүр сілкіндірген сол үш күн ішіндегі Қазақ қыздарымен мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым құрмет. Бұл аға – апаларымыздың аңсаған армандары мен үміті, тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Бір ғана өкініш бар, ол азаттық үшін жан аямай алысқан боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәттерімізді көре алмауы.
2-оқушы:Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен Ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
3-оқушы:Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
(1-минут үнсіздік жарияланады)
4-оқушы:Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.
І-жүргізуші: - Ия, бостандық, теңдік, тәуелсіздікте өз бетімен келген жоқ. Желтоқсан – елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жытқыр өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге егемендік көзімен.
(Қазакстан Республикасының тәуелсіздігін алу туралы
қысқаша видеоролик экранда көрсетіледі)
5-оқушы:Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Алтын заңың құтты болсын қымбаттым
Туған күнің құтты болсын алыбым!
Армандарды жақындатқан тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш.
6-оқушы:Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
ІІ - жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
І - Жүргізуші : Құтты болсын мерейтойым мерейлі ,
Бейбіт күннің нұры мәңгі сөнбейді.
Байрағымыз желбірейді биікте,
Мен қазақпын, қазақ атым өлмейді.
Егеменмін , тәуелсізбін , еркінмін,
Өсе берсін ұландары елімнің .
Қазақстан қарыштай бер гүлденіп,
Атамекен қастер тұтар киелім.
Ән - Атамекен.
Жүргізушілер:Елдігіміз бен бірлігімізді , ынтымақ пен татулығымызды айқындайтын егемендігіміз мәңгілік , тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай ! Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
«Т.Бокин атындағы №41 орта мектебі»
Мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Тақырыбы: Сен және сенің құқығың
(сынып сағаты)
2 «А» сынып
Сынып жетекшісі: Кузенбаева А.С.
2021-2022 оқу жылы
Тіл – татулықтың тірегі (сайыс сабақ)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, әр түрлі тапсырмалар арқылы тыңдаушылардың алған білімдерін бекіту; ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан тіл үйренушілрге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру.
Дамытушылық: Тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету; тіл үйренушілердің ой-өрісін дамыту. Тілдің көркемділігін, байлығын көрсету. Тілдерін дамыту.
3. Тәрбиелік:Тілге құрмет жайлы мағлұматтарды тіл үйренуші ұғымына сай түсіндіру. Олардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ (жалғастырушы деңгей өзге тілді аудитория)
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: тіл туралы жазылған қанатты сөздер, музыка, шарлар, көрнекілік, сұрақ – жауап, өз ойын айту, шығармашылық жұмыс, үлестірме дидактиқалық материалдар.
Пәнаралық байланыс: орыс, қазақ тілдері, елтану, шешендік өнер.
-
Өнер алды – қызыл тіл. -
Знай 7 языков -
Know 7 languages.
Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру.Түгендеу
Жүргізуші: Құрметті тіл үйренушілер мен әріптестер! Қазақстан халқының «Тілдер мерекесіне» арналған отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»
«Тіл – татулықтың тірегі» атты отбасылық сайыс сабағын өткізгелі жатырмыз. Сабағымыздың соңында қай отбасы қазақ тілінің білгірі болатыны анықталады. Сайысқа екі команда қатысады. Әр команда өзін таныстырады.
-
Топ «Білгірлер» -
Топ «Тапқырлар»
Енді әділ қазылар алқасымен таныстырайық – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.Оразаева, А.Нұртілеу, А.Сагиндикова
Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Сайысымызды бастаймыз.
Білгірлерді, қарсы алайық!
Көшбасшысы тілдердің – қазақ тілі,
Тағы басқа тілдермен достасайық!
Ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Ойнымыздың бірінші кезеңі – «Бәйге». Мұнда қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек. Белгі картасын бірінші көтерген жұп жауап береді.
І - кезең «Бәйге» – 10 сұраққа әр топ жауап беру керек
«Білгіштер» командасының сұрақтары
-
Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? -
Көп тілді білетін адам кім? -
Лексикалық қарама-қарсылықты сөз қалай аталады? -
Ұлыбританияның мемлекеттік тілі қай тіл? -
Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? -
Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар? -
«Әке-шеше» синонимин атаңыз.
«Тапқырлар» командасының сұрақтары
1.Қазақ тілінде неше жалғау бар?
2.Қазақ тілінде неше септік бар?
3.Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?
4. «Family» сөзі қалай аудырылады?
5. «Туыс» сөзінің синонимин атаңыз?
6. Тілдер мерекесі қай айда тойланады?
7. Жазылуы, айтылуы бірдей, бірақ мағынасы басқа
лексикалық сөз қалай аталады?
ІІ – кезең. «Полиглот» Мақал – мәтелдерді жалғастыру
( Мақал- мәтелдердің жалғасын сайыскерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.)
1.Адам басшысы-……..(ақыл, ум,intelligence)
2. Нет дыма без ……… (от, огонь,fire)
3. Лучше ……. чем никогда (кеш, поздно,late)
4. Ана сүті бой өсіреді,…..ой өсіреді. (ана тілі, родной язык,language)
5. Чистота залог …….. (здоровье, денсаулық,health)
7. Жердің сәні егін, ердің сәні ……. (білім, знание,knowledge )
8. Дерево крепко корнями. Человек …… (друг, дос, friend)
Әділ қазылар алқасы сайыскерлерімізге тиісті ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.
Жүргізуші:
Өнерліге кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен.
Үшінші кезеңді біз бастайық,
Өнерлінің әрқашан да өрісі кең.
ІІІ – кезең «Отбасылық ән орындау»
«Білгіштер» тобының өлеңі «Менің елім»
«Тапқырлар» тобының өлеңі «Армандастар»
IV – кезең «Жаңылтпашты жаңылмай айтып көр » Бұл сайыста бүгінгі таңда өте кең таралған тіл мәселесі жайындағы сөзді «Мемлекеттік тілді үйрену әрбір азаматтың қасиетті борышы» тақырыбында қозғай отырып, сайыскерлерімізді жаңылтпаштарды жаңылмай, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз.
Сайыскерлер қазақ тілінде жаңылтпаштар оқиды. «Білгіштер» тобы
1.Екеуінің жасы шамалас , 3.Арқада алты арқар бар,
Бірінің шашы қара шаш , Алты арқар ішінде
Бірінің шашы – ақ шаш аралас. Марқа арқар бар.
2.Атам : «Балама ат аламын », - дейді. 4. Байқап бақсақ,
Апам :«Балама ала мата аламын», дейді . Қасқа баспақ -
Атасы ат ала ма ? Қашқақ баспақ.
Аапасы ала мата ала ма?
«Тапқырлар» тобы
5.Арқада алты арқар бар , 6. Тау бар, тау бар,
Қырқада қырық арқар бар . Тауда бау бар,
Қырық арқарда қарт арқар бар , Бауда ара бар,
Алты арқарда марқа арқар бар . Ара барда, бал бар.
7.Торта қойдым, 8. Топ-топырлап,
Орта қойдым. Топтасқан тоқылдақ,
Орта қойдым, Тоқтамай томарды
Жорта қойдым. Тоқпақтап тоқылдат.
Жүргізуші: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
V –кезең «Жорға» Ойыншыларымыз 1 минут ішінде 1сұраққа жауап беру керек.
(14 сұрақ)
«Білгіштер» тобының сұрақтары:
1. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)
2. Название какой птицы образовано от звукоподражательного междометия? (Кукушка)
3. «Рождество» қарсаңында ағылшындар қандай тамақ әзірлейді? (Индейка)
4. Шоқан Уалихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
5. Как называются устойчивые сочетание слов? (Фразеологизмы)
7. Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)
«Тапқырлар» тобының сұрақтары
1. Қазақ әліппесінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)
2. Какое наречие «предлагает» кусок ткани на пальто или на костюм? (наотрез – на отрез)
3. Ағылшын тілінде қанша септік бар? (2)
4. Абай Құнанбайұлының шын аты (Ибраһим)
5. В каком наречии 4 раза употребляется буква «Н» (Несомненно)
7. Зат есімнің көпше түрі қалай жасалады? ( -лар ,-лер,- дар ,-дер,-тар ,-тер жалғауын жалғайды.
VІІІ Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі «Тіл – татулықтың тірегі» атты сайыс сабағымыз осымен аяқталды. Бұл сабақта өздеріңіз көріп отырғандай көптеген тіл туралы мақал-мәтелдер, тапсырмалар, өлеңдерде орындалды. Сіздерге бүгінгі сайыс сабаққа қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Енді келесі сөз әділ қазылар алқасына беріледі. Әділ қазылар шешімі бойынша «Білгіштер» отбасы жеңімпраз болды.