Файл: аза тілі мен дебиеті пнінен аралы баылау тапсырмалары і нса.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аралық бақылау тапсырмалары
І нұсқа


1.Қазақ тілінде неше септік бар?

А)6

Ә)8

Б)5

В)7

2.-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қандай жалғау түріне жатады?

А)септік жалғау

Ә)жіктік жалғау

Б)тәуелдік жалғау

В)көптік жалғау

3.Балғабек Қыдырбекұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

А)1929 жылы Семей облысы, Абай ауданы

Ә)1929 жылы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Таран ауылы

Б) 1925 жылы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Таран ауылы

В) 1928 жылы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Таран ауылы

4. «Балаларыма» сөзі қай септікте тұр?

А)табыс септік

Ә)атау септік

Б)барыс септік

В)шығыс септік
5. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.

а) Отан

ә) Туған жер

б) Күнім

в) Бақыт
6. Тәуелдік жалғауының жекеше түрінің ІІІ жағын көрсетіңіз.

а) Қаламыз

ә) Үйім

б) Кітабы

в) Бақыттары

7.Заттың түрін, түсін, сапасын, блгісін білдіретін сөздер тобын не дейміз?

а) сан есім

ә) зат есім

б) етістік

в) сын есім
8.Есім сөзден жасалған туынды сын есімдерді тап.

а) түскі, таудай;

ә) қызыл, аппақ

б) сұлу, бойшаң

в) айтқыш, сезгіш

9. «Әпке» пьесасының авторы кім?

а) Балғабек Қыдырбекұлы

ә) Ғабиден Мұстафин

б) Дулат Исабеков

в) Ұлықбек Есдәулет

10. 1942 жылы , Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, "Ленин жолы" ауылында дүниеге келген танымал жазушы кім?

а) Ғабиден Мұстафин

ә) Балғабек Қыдырбекұлы

б) Ұлықбек Есдәулет

в) Дулат Исабеков

11. «Аралым» өлеңінің авторы кім?

а) Қадыр Мырза – Әлі

ә) Балғабек Қыдырбекұлы

б) Мұхтар Әуезов

в) Дулат Исабеков

12.Сан есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

а) 4

ә) 6

б) 8

в) 5
13.Топтау сан есімін тап.

а) екеу

ә) бесінші

б) он шақты

в) үш-үштен

14.Басқа есім сөз таптарының орнына қолданылатын сөздер қалай аталады?

а) зат есім

ә) есімдік

б) сан есім

в) сын есім
15. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Менің сүйікті актер... Асанәлі Әшімов.

а) - мыз

ә) - м

б) - ым

в) - ім

16.Бар, бүкіл, күллі, барша, барлық сөздері қай есімдіктің түріне жатады?

а) белгісіздік есімдігі

ә) болымсыздық есімдігі

б) жалпылау есімдігі

в) сілтеу есімдігі

17.Халықтың қоршаған дүниені танып білуі, ғасырлар бойы дәріптеген рухани құндылықтарын қарастыратын ұғым қалай аталады?


а) ұлттық мереке

ә) ұлттық таным

б) ұлттық руханият

в) ұлттық дүниетаным

18.Есімшенің жұрнағы жалғанған сөзді тап.

а) барды

ә) айтты

б) ойлаған

в) жазып отыр

19.Заттың қимылы мен іс-әрекетінің мезгілін, жай-күйін, мекенін және сынның белгілерін күшейтіп көрсететін сөз табы - ?

а) етістік

ә) үстеу

б) зат есім

в) шылау
20.Ертең көптен күткен сыйлы қонағымыз келеді. (берілген сөйлемнен үстеуді тап)

а) келеді

ә) көптен күткен

б) ертең

в) қонағымыз


21.Үстеудің сөйлемдегі негізгі қызметі (сөйлем мүшесі) қандай?

а) анықтауыш

ә) пысықтауыш

б) толықтауыш

в) бастауыш
22.Өз алдына жеке тұрып толық мағынасы болмайтын, сөйлемде сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын, бірақ басқа сөздерге көмекшілік қызмет атқаратын сөздер?

а) одағай сөздер

ә) есім сөздер

б) зат есім

в) шылау

23.Қазақ тіліндегі сөзердің өзара байланысуының неше түрі бар?

а) 5

ә) 2

б) 7

в) 8

24.Ілік септік жалғауы жалғанған немесе тәуелдік жалғаулы сөздердің байланысуын қай байланыс түріне жатқызамыз?

а) қиысу

ә) жанасу

б) матасу

в) меңгеру


25.Күн сайын оқып отырамын. Берілген сөйлемдегі сайын шылауы, шылаудың қай түріне жатады?

а) демеулік шылау

ә) жалғаулық шылау

б) септеулік шылау

в) ешқайсысына жатпайды


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аралық бақылау тапсырмалары
ІІ нұсқа


1.Тәуелдік жалғауы неше жақта жасалады?

А)2

Ә)3

Б)жақ болмайды

В)4

2.-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қандай жалғау түріне жатады?

А)септік жалғау

Ә)жіктік жалғау

Б)тәуелдік жалғау

В)көптік жалғау
3. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Біздің астана... Қазақстанның орталығында орналасқан.

а) - ың

ә) - міз

б) - ы

в) – мыз

4. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.

а) Барады

ә) Көрдік

б) Дәптер

в) Болашағың

5. «Қара пима» поэмасының авторы кім?

а) Ұлықбек Есдәулет

ә) Ғабиден Мұстафин

б) Балғабек Қыдырбекұлы

в) Абай Құнанбаев

6. «Қара пима» поэмасында баланың мүгедек болып қалуына басты себеп болған не?

а) кедейлік

ә) әкесінің ішімдікке салынуы

б) анасының қайтыс болуы

в) әкесінің жұмыссыздығы

7.Кім?не?кімдер?нелер?кімім? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.

а) сан есім

ә) зат есім

б) етістік

в) сын есім
8.Есім сөзден жасалған туынды сын есімдерді тап.

а) бойшаң, ақылды

ә) қызыл, сары

б) сұлу, айтқыш


в) сезгіш, отырғыш

9. «Әпке» пьесасының авторы кім?

а) Балғабек Қыдырбекұлы

ә) Ғабиден Мұстафин

б) Дулат Исабеков

в) Ұлықбек Есдәулет

10. 1942 жылы , Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, "Ленин жолы" ауылында дүниеге келген танымал жазушы кім?

а) Ғабиден Мұстафин

ә) Балғабек Қыдырбекұлы

б) Ұлықбек Есдәулет

в) Дулат Исабеков

11. «Аралым» өлеңінің авторы кім?

а) Қадыр Мырза – Әлі

ә) Балғабек Қыдырбекұлы

б) Мұхтар Әуезов

в) Дулат Исабеков

12.Атау мен ілік септіктерінен басқа септік жалғаулары арқылы жасалатын байланыстың түрі қандай?

а) меңгеру

ә) жанасу

б) матасу

в) қабысу
13.Жинақтау сан есімін тап.

а) екеу

ә) бесінші

б) он шақты

в) үш-үштен

14.Басқа есім сөз таптарының орнына қолданылатын сөздер қалай аталады?

а) зат есім

ә) есімдік

б) сан есім

в) сын есім
15. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Менің сүйікті актер... Асанәлі Әшімов.

а) - мыз

ә) - м

б) - ым

в) - ім

16.Бүгін, ертең, кеше, жаздыгүні, биыл сөздері қай үстеу түріне жатады?

а) мөлшер үстеуі

ә) мекен үстеуі

б) мезгіл үстеуі

в) күшейткіш үстеу
17.Көптен бері Абай бұндай намыс пен ыза, алдану мен қиянат, қимастық пен арнау, ұялып арланудың неше қырлы қысымын көрмегендей. Берілген сөйлемдегі шылау түрлерін ажыратыңыз.

а) демеулік

ә) жалғаулық

б)септік

в) күшейткіш
18.Есімшенің жұрнағы жалғанған сөзді тап.

а) бармақ

ә) айтылды

б) ойлап отыр

в) жазып отыр

19.Заттың қимылы мен іс-әрекетінің мезгілін, жай-күйін, мекенін және сынның белгілерін күшейтіп көрсететін сөз табы - ?

а) етістік

ә) үстеу

б) зат есім

в) шылау
20.Ертең көптен күткен сыйлы қонағымыз келеді. (берілген сөйлемнен үстеуді тап)

а) келеді

ә) көптен күткен

б) ертең

в) қонағымыз


21.Құрмалас сөйлемнің жасалуы?

а) 1 жай сөйлемнен

ә) екі сөз тіркесінен

б) екі немесе одан да көп жай сөйлемнен

в) сөздер мен шылаулар арқылы

22.Құрмалас сөйлем жасалуына қарай неше түрі бар?

а) 2

ә) 3

б) 1

в) 4

23.Мұрат қай әңгіменің кейіпкері?

а) «Қара пима»

ә) «Соңғы дем»

б) «Он алты жасар чемпион»

в) дұрыс жауап жоқ
24.Қандай киім алып берсе де, иығы салбырап түсіп кетеді.Берілген сөйлем құрмаластың қай түріне жатады?

а) аралас құрмалас сөйлем

ә) салалас құрмалас сөйлем

б) сабақтас құрмалас сөйлем

в) жай сөйлем

25.Мектепке түскенге шейін Мұрат отбасы өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Берілген сөйлемдегі шейін шылауы қай шылау түріне жатады?


а) демеулік шылау

ә) жалғаулық шылау

б) септеулік шылау

в) ешқайсысына жатпайды