ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бірөлшемді массив
МАССИВ
- Массив - бір типтес және жалпы атауы бар деректердің жиынтығы;
- • Массив элементі - массивке енетін жеке айнымалы болып табылады;
- • Массив өлшемі - массивтің құрамында енетін элементтердің саны.
- Массив элементінің индексі - массивтің элементінің номері;
Бірөлшемді массив – бір атауға біріктірілген бірнеше бір типтес элементтерден тұратын жиын. Әрбір элементтің өзінің реттік нөмірі болады.
Реттік нөмір – массив элементінің индексі. Массив элемент- тері бірінен соң бірі ретпен орналасады.
Python программасындағы қызметтік сөздер:
'and', 'or', 'in', 'is', 'not', 'if', 'else', 'elif',
'assert', 'break', 'continue', 'def', 'del', 'for',
'from', 'while', 'yield', 'import', 'print', 'return'.
Модуль – функцияларды, нысандарды, кластарды қамтитын дайын программалар. Мысалы:
import array as arr
a = arr.array('i'),
мұндағы arr – array модулін әрі қарай пайдалану үшін өзіміз қойған атау;
a – қазіргі жағдайдағы массив атауы;
i – массив элементінің типі (integer).
Массивтің әрбір элементі массив атауы мен оның элемен- тінің индексін көрсету арқылы шақыра аламыз.
Массивтер жайлы деректер
Массивтің түрлері:
- Бірөлшемді массив;
- Екіөлшемді массив;
- Көпөлшемді массив;
Массивтің типтері:
- Сандық;
- Мәтіндік;
- Символдық;
Массивтің ерешелігі:
- Элементтердің барлығы біртипті;
- Элементтер бір атаумен аталады;
- Элементтер жадта қатар орналасады;