ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін:










Күні:

Сынып: 8 сынып







Сабақтың тақырыбы: Тұрақты магниттер, магнит өрiсi. № 8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу»







Сабақ негізделген

оқу мақсаты (мақсаттары):

8.4.3.1 магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу;







Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: тұрақты магниттер және магнит өрісі туралы ақпарат алады.







Оқушылардың басым бөлігі: магнит өрісінің түрлерімен оның ерекшеліктерін, жердің магнит өрісімен аспан денелерінің магнит өрістерін ажырата алады







Кейбір оқушылар: қосымша ақпараттар таныстырып, магнит өрісі жайлы қызықты ақпараттар алады







Бағалау критерийі

Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісінің күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді







Тілдік мақсат:

Оқушылар... (істей) алады: Оқушылар ережені формуламен байланыстыра алады

Негізгі сөздер мен тіркестер: Магнит, өріс, аспан, жер,







Құндылықтар

Ашықтық, құрмет, өмір бойы білім алу.







АҚТ қолдануы

Сабақ барысында слайдтар көрсету арқылы сабақ меңгеріледі. Ақпаратты визуалды қабылдауға дағдыланады.







Алдыңғы тақырып

Шалаөткізгіштер және олардың электрлік қасиеттері







Жоспар







Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз).




Басталуы.



  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сұрақты ұстап ал !» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады. бағалату

Оқушылар екеуара үй тапсырмасын тексеріп, смайлиқтер арқылы бағалайды.

Оқушы әр сұрақтарға жауап беру үшін §30 бойынша еске түсіреді.

Үй тапсырмасын тексеру.




Ортасы.


Бой сергіту. Үй тапсырмасын сұрау

2.1. «Бақытты сәт» теледидар ойыны Сұрақтар жауабымен беріледі. Оқушылар жауаптың дұрыс немесе бұрыс екенін дәлелдеуі керек.

+1. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады

-2. Халықаралық бірліктер жүйесінде заттардың меншікті кедергісінің өлшем бірлігі ретінде Ом∙м² болып белгіленеді.

+3. Адам үшін 2-3мА ток күші қауіпсіз және сезілмейтн болып саналады.

-4. Электр тогы болуының негізгі шарты зарядталған бөлшектер белгілі бір жылдамдықта болуы қажет

+5. Ағаш кесекті жібекке үйкегенде ағашта теріс заряд пайда болады

+6. Электр тізбегі ішкі және сыртқы деп аталатын екі бөліктен тұрады.

-7. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда кернеулері бірдей болады

+8. Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.

- 9. Егерде кедергісі 12 Ом вольтметр 120 В кернеуді көрсетіп тұрса, онда ол арқылы өтетін токтың күші 0,1 А тең

+10. Реостат дегеніміз айнымалы және реттелген кедергісі бар резистор

    • Суретке қарап кестені толтыру




Құрылғы атауы

Нені өлшейді

Өлшем бірлігі



Вольтметр

кернеуді

В



Амперметр

Ток күшін

А



Резистор

кедергіні

Ом



Реостат









Ваттметр

қуатты

Вт

Әріптерді орналастырып көрейік...

    • Бұл сөздің бірінші әрпі –кедергі өлшем бірлігі атауының екінші әрпі (М) Ом

    • Екінші әрпі –ток көзінің оң полюсіне жалғанатын электрод атауының бірінші әрпі (А) анод

    • Үшінші әрпі- 10 болатын шама атауыныңүшінші әрпі (Г) мега

    • Төртінші әрпі – вольтметр құрылғысымен өлшенетін шаманың төртінші әріпі (Н) кернеу

    • Бесінші әрпі – кедергіні өлшейтін құрылғы атауының төртінші әріпі (И) резистор

    • Алтыншы әрпі – кернеуді өлшеуге арналған прибор атауының бесінші әрпі (Т) вольтметр

Жаңа тақырып

Т ұрақты және қарапайым магниттер деп магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтамыз. Мұндай денелерге табиғи магниттік теміртас жатады.
Тұрақты магниттердің қасиеттері
Магниттің әртүрлі бөліктері әртүрлі магниттеледі, ең көп магниттік тартылу күші магниттік полюстер деп аталатын магниттің ұштарында болады.
Магнитің бір - біріне ұқсамайтын екі полюсі бар: Солтүстік: N; Оңтүстік: S
Магниттердің түрлері көп таға тәрізді, жолақ магниттер болып табылады.
Магнит сызықтары магнитің солтүстік полюсінен шығып, оңтүстік полюсіне енеді. Жерде де магнит өрісі бар екені белгілі. Магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауында жергілікті магнит өрістері пайда болады. Мұндай жергілікті өрістер магниттік аномалиялар деп аталады. Ең бір үлкен магниттік аномалия - Ресейдегі Курск магниттік аномалиясы болып табылады. Аномалия – ауытқулық..Жер астында көп магнит кені жатқандықтан, сол жерде жер бетіндегі магнитизмнің әдеттегіден ауытқуы.

Тұрақты магниттер. Магнит өрісі

Қаралатын сұрақтар:

1. “Магнит” атауының тарихы

2. Магниттің магниттік қасиеттері

3. Жер шары да магнит. Аспан денелерінің магнит өрісі

4. Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі

1.“Магнит” атауын көне грек драматургі Еврипид (б.д.д. V ғасырда) тауып, өзінің бір шығармаларында оның қасиеттерін сипаттаған. Мұндай атау бұл минерал Магнессия қаласының маңында табылғанымен байланысты. Магнит – “Магнессия тасы” деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде табиғи магнит Fe O (31%) және (61%) тұратын магнитік темір (магниттен) кесектері екендігі белгілі. Бұл тығыздығы шамамен 5000кг/м3 болатын морт қара минерал.Магниттер жасау үшін құрамында темір, никель, кобальт және металдар бар құйма қолданылады.

2. Магниттің магниттік қасиеттері. Кез келген магнит айналасында магнит өрісі болады. Магнит өрісі – материяның ерекше түрі, ол заттардан ерекше және магниттелген денелер айналасында болады. Магниттің магниттік әсері күшті, демек магнит өрісі күшті бөліктерін магниттік полюстер деп атайды. Магнитің бір - біріне ұқсамайтын екі полюсі бар. Солтүстік полюсін N деп, ал оңтүстік полюсін S белгілейді. Бір ғана полюсі бар магнитті жасау мүмкін емес. Жоғарыда суретте таға тәрізді және жолақ магниттер көрсетілген. Магниттердің түрлері көп таға тәрізді, жолақ магниттер болып табылады.Магнит сызықтары магнитің солтүстік полюсінен шығып, оңтүстік полюсіне енеді.Жерде де магнит өрісі бар екені белгілі. Магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауында жергілікті магнит ө рістері пайда болады. Мұндай жергілікті өрістер магниттік аномалиялар деп аталады. Ең бір үлкен магниттік аномалия - Ресейдегі Курск магниттік аномалиясы болып табылады.Аномалия-ауытқулық деген мағынаны білдіреді Жер астында көп магнит кені жатқандықтан, сол жерде жер бетіндегі магнитизмнің әдеттегіден ауытқуы. Магниттік қасиеттер тек Жерге ғана емес, басқа аспан денелеріне де тән.Күнді зерттеу онда магнит өрісінің бар екендігін көрсетеді.Күндегі дақтар ,факельдер ондағы болып жатқан құбылыстар барлығы күннің белсенділік аймағы деп аталады.Күннің айналу бағытымен бірінші орналасқан дақ басы, соңғылары құйрығы деп аталады.Бұл дақтардың қарама-қарсы полюстері бар,мысалы, біріншілері солтүстік, соңғылары оңтүстік магниттік полюске ие.Осылайша дақтар тобы зор магнитті құрайды.Айда,Марста магнит өрісі жоқ. Ал Марста Жердегіге қарағанда 500 есе әлсіз магнит өрісі бар.

1 820 жылы дат ғалымы Эрстед магнит тілшесін алып, оның үстіне параллель мыс өткізгішті орналастырды.Өткізгіш арқылы ток жіберген кезде магнит тілшесі өзінің бастапқы қалпынан ауытқиды. Тізбекті ажыратқан кезде магнит тілшесі өзінің бастапқы қалпына келеді.Бұл электр және магниттік құбылыстардың арасында өзара байланыс бар екенін дәлелдейді. Себебі , тогы бар өткізгіштердің немесе магниттің маңында әрқашан да магниттік өріс болады.

IV . Жаңа тақырыптың материалдарын талқылау. Талқылау үшін «Акция кімге бұйырады» ойынын қолданамын. Мұнда әр оқушы ұяшықты таңдап берілген сұраққа жауап беріп, акцияларға ие болып отырады. Талдап болғаннан кейін, жаңа сабағымды Д.И. Менделеевтің айтқан сөзімен қорытындылаймын. Қайсы дөңгелектен бастап оқу керектігін тауып, шифрланған сөздерін оқып шығу керек

Жауабы: магниттік бақылау – Жер қойнауын жарық ететін - фонарь




Сабақты қорытындылау:

«Сый табақ» әдісі арқылы әр топ бір-бір есептен шығарады




Аяқталуы
Кері байланыс кестесі

Бағалау парағы

Сабақты бекіту.

1.Тұрақты магниттер дегеніміз не?
2. Магниттің қанша полюсі бар?
3. Аспан денелерінде магнит өрісі бола ма?
4. Аномалия ұғымына түсінік
5. Оңтүстік полюс қалай белгіленеді

Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

  1. Жердің әр бетінде магнит тңлшесінің белгілі бір бағытта орналасуын немен түсіндіруге болады?

  2. Компастың жұмысы қандай құбылысқа негізделген?

  3. Жердің магнит өрістері қайда орналасқан?

Кері байланыс.

«БББ» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алу

Сабақтан білгенін, білмегенін, білетіні арқылы өз ойларын айталады

Бағалау парағы




Қосымша ақпарат