Файл: "Р" дыбысын ою Арнайы тзетуші ісрекетіні трі Сйлеуді дамыту (жеке жмыстану) Ісрекетті масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
"Р" дыбысын қою
Арнайы түзетуші іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту (жеке жұмыстану)
Іс-әрекеттің мақсаты: Р дыбысын қою. Р дыбысын сөздің басында, ортасында, соңында дұрыс айтуға машықтандыру, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорын молайту. Қолдың ұсақ моторикасын дамту. Дұрыс тыныс алуын қалыптастыру.
Инклюзивтік әлеумет: Сөйлеудің жалпы дамымауы 2-3 деңгей
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу, үйрету.
Қажетті көрнекі құралдар: айна, суреттер, артикуляциялық жаттығулар, бейнежазбалар, т.б.
Ы нталандыру-сезімді ояту.
Ғажайып алаңы
Шарты: Суреттер арқылы баламен сәлемдесу.
Психологиялық ахуал
Әуен арқылы балаға жақсы көңіл-күй сыйлау.
- Қазір жылдың қай мезгілі? (қазір жылдың күз мезгілі)
- Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? (жапырақтар сарғайып, жерге түседі, жаңбыр жауады, күн суытады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жемістер мен көкөністер піседі.)
- Күз айларын атап көрейік. (қыркүйек, қазан, қараша)
Себепті қызығушылығын ояту.
А ртикуляциялық жаттығулар
"Саңырауқұлақ " - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
"Гармошка" - ауызды ашып, гармошканың жұмыс жасау қалпын көрсету. Қайталап ауызды қатты ашып, тілді жоғарғы қалыпта ұстау керек.
"Ат шауып келеді" - ауызды кең ашып тілді таңдаға жапсыру - айыру немесе таңдай қағу.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Ойын: "Он саусақ, алақан, жұдырық"
Шарты: Берілген пішіндерге саусақ, алақан, жұдырықтарын сәйкестендіріп тапсырманы орындау.
(шеңбер, сопақша, тіктөртбұрыш )
Р дыбысын қоюға жұмыстану
Ш арты: Тілін үстіңгі тістердің астына созып Д дыбысын айтады. Д дыбысын жаттықтырған соң сұқ саусақпен балаға тіл астына жаттығу жасалады.
Тыныс алу жаттығуы:
- Мұрын арқылы дем алып, ауыз арқылы дем шығарып, жапырақтарды үрлеу
- Ауыз арқылы дем алып, ауыз арқылы дем шығарып, жапырақтарды үрлеу
Бейнежазба арқылы Р дыбысын айту, сөз басында, ортасында, аяғында қолдану.
О йын: "Буындап оқиық"
Шарты: Машина жолымен жүре отырып, дауысты дыбыстарға дауыссыз дыбыстарды қосып буындар құрап оқиды.
(дауысты дыбыстар жазылған машина жолы, дауыссыз дыбыс жазылған машина )
Іс-әрекетті бағалау кезеңі.
Дөңгелек таяқшасын айналдыру арқылы смайликтерді таңдап, іс - әрекеттің өту барысын бағалайды.
«Балдырған» бөбекжайы МКҚК жанындағы
түзету және инклюзивті білім беру кабинетінің
логопед маманы Э.Ж.Сисенғали