Файл: Мектеп 34 жббм кні 09. 2019 ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектеп: № 34 ЖББМ

Күні: 3.09.2019 ж

Мұғалім: Догдырбаева Б.А

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Енисей,Талас, Орхон ескерткіштері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.1.2.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер / сөйлем/ құрастыру

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Орхон ескерткіштері туралы мәлімет беріп, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау

Оқушылардың көпшілігі

Ежелгі түркі жазуларының өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік беру

Оқушылардың кейбірі

Мәтін бойынша барлық сұраққа дұрыс жауап бере алды.

Шығарма идеясына өмірден 3 мысал келтіре алады.

Жетістік критерилері

Орхон – Енисей жазба ескерткіштері жөнінде жазба ескерткігтері жөнінде, Қазақстанда өмір сүрген түркі тайпалары жайында мағлұматалады

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих пен әдебиет

Тілдік мақсат

Диалог құруға шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талдауға арналған сұрақтар:

Не себебті ......деп ойлайсыз

ишара

Осыған дейін меңгерілген білім

«Елу жылда ел жаңа» мақалына көзқарасын білдірді

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 мин


Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады.




Сабақ ортасы

5 мин

15 мин

10 мин

Өткен тақырыпты тексеру мақсатында сөздік диктантын жүргізу.

  1. Сөздікпен жұмыс.

Түркілер Ү-ҮІІІ ғасырларда «Түрік қағанаты» деп аталатын үлкен мемлекет құрды. Түркілер - қазіргі қазақ, қырғыз, қарашай, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, ноғай, саха (якут), хакас, әзірбайжан, түрік, құмық, авар, балқар, башқұрт сияқты тілдері бір-бірімен ұқсас, түркі тілінде сөйлейтін, тұтас түркі елі. Түркілердің түпкі Отаны - қазіргі қазақ жері.

Түрік қағанатының негізін құрғән Бұмын қаған еді. Ол 552 жылы қайтыс болып, кейінгі ұрпақтарынын біліксіздігінен қағанат екіге бөлініп, көрші жатқан тауғаштарға тәуелді болады. Елу жылдан кейін Елтеріс ханның тұсында бостандыққа қол жеткізеді.

Елтеріс қайтыс болған соң( артында қалған ұлдары Білге - жеті жаста, Күлтегін бес жаста екен. Мұрагерлері жас болғандықтан, елді інісі Қапаған билейді. Жиырма төрт жылдан кейін ған Білге қағандықты алып, Күлтегін әскербасы болады. Тонұқұқ ақылшы кеңесші болып отырады.

Орхон ескерткіштері дегеніміз - осы тарихи тұлғаларға арнап жасалған жәзулар. Түркілердің ежелгі мекені - Орхон өзенінің аңғарынан табылған. Мұндай тарихи тастар бұрын қәзақ жерінде көп болған, бірақ түрлі жаугершіліктер кезінде жойылып кеткен.

Орхон ескеркіштеріндегі жазулардың негізгі мазмұны - ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу.

Орхон жазулары мазмұны, айтар ойы жағынан «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқты қазақтың эпостық жырларымен үндес, ұқсас.

Орхон жырларының құрылысы жағынан қазіргі өлеңнен біраз айырмашылығы бар. Онда арагідік болмаса, ұйқас кездесе бермейді. Дыбыс үндестігі, сөз қайталаулар ішкі ырғаққа құрылады.

Тіл тірі организм секілді өзгеріп отырады. VIII ғасырындағы ата-бабалар тілі мен бүгінгі тілде айырмашылықтар болуы заңды. Көрші елдермен қарым-қатынастарға байланысты біздің олардан, олардың біздің тілімізден сіңіргені аз емес. Сондықтан, бүгінгі оқушыға түсінікті болу үшін зерттеуші ғалымдар қазіргі тілімізге аударып берген.

Түркілер оларды «бітіг таш» деп атаған. «Бітіг» жазу дегенді білдіреді. Сонда бұл – тастағы жазу деген сөз. Демек, ертедегі түркі халықтары өзіне тән алфавиттік жүйесі, емлесі бар жазуды дүниеге әкелген. Ескерткіштер сол замандағы түркі тектес халықтың бәріне ортақ тіл болған деуге болады. Ескерткіштердегі сөздердің басым көпшілігі қазір де сол қалпында қолданылады. Мысалы, ескерткіште тағ, таш, қазақ тілінде тау, тас.

Бұлардың қатарына үч- үш, қара, төрт, қыш – қыс, ата, апа, көз, арқа, тай, ат, ер, алтун – алтын, көңүл – көңіл сияқты толып жатқан сөздерді қосуға болады.

Қазақ тілі қыпшақ-ноғай тіліне жатады. Оның басқа топтағы тілдерден мынадай айырмашылықтары бар.

Сөздікпен жұмыс: Тауғаштар-қытайға қараған түркі тайпалары

Тоңықұқ-алғашқы заң шығарушы деген мағынада

2. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.

2-тапсырма.Біріккен жалқы есімдердің 3 түрлі атауына сөйлем құрау

Дидактикалық материалдар №1

Дидактикалық материалдар №2-3,


Сабақ соңы

5 мин


Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды баға- ны өзі қояды.

Рефлексия. Рефлексия гүлі

Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға сөздік беру немесе сабақ материалымен алдын ала танысуға мүмкіндік беру арқылы қолдау көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.


Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?