Файл: Мг 162 мг 162 мг 162 мг 162 Химиядан саба жоспары Пн малімі Сыдыбекова Т. Н. Сыныбы 11 () саба реті кні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162
Химиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.
Сыныбы – 11(қ) сабақ реті: № күні________


Тақырыбы

§11.Улы және қопарылғыш заттар.


уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Оқушыларға пестицидтер, гербицидтер, инсектицидтер,фунгицидтер, қопарылғыш заттар туралы білімді қалыптастыру;

Олардың қоршаған ортаға халық шаруашылығындағы қолданылуы мен қоршаған ортаға зияны туралы білімді қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.





Сабақ типі:

жаңа сабақ




Сабақ өткізілу түрі:

мұғалімнің түсіндіруі (ауызша), кітаппен өз бетінше жұмыс ,жаттығулар орындау




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта,видеофрагмент көрсету ,бензол,калий перманганаты, бром суы, пробиркалар , 11-Б-2, 11-ЕТЖ-1




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.ТҚ.алғашқы нұсқау беру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Улы және қопарылғыш заттар

1.Білімді жаңғырту:

Фронталды әңгімелесу:

1.Қандай көмірсутектерді оқыдық (қаныққан-алкандар,циклоалкандар,қанықпаған- алкендер, алкиндер, алкадиендер)

2. Этанның химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңдар(орын басу,тотығу,айырылу) этилен және ацетиленнің.

3. Метанға гибридтелудің қандай түрі тән? Этиленге? Ацетиленге?

Салыстырып,кесте құрыңдар

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:


Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

1.Мұғалімнің түсіндіруі:


14-15

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

Жаттығуды тексеру.

Есеп шығару:


6-8



Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау

1. Жаттығу орындау.

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:


Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

Үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру:

параграф 11; № 3-5 – жазбаша.(60бет)

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.


1-2

Жаңа ұғым

пестицидтер, гербицидтер, инсектицидтер,фунгицидтер, қопарылғыш заттар .








МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162 МГ № 162

Химиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.
Сыныбы – 11(қ) сабақ реті: күні________


Тақырыбы

§ 12.13.14.Көмірсутектердің табиғи көздері.Кокстеу өндірісі.Мұнай.Мұнайдың құрамы,қасиеттері және алынатын өнімдері. Қазақстандағы көмірсутекті кен орындары және оларды пайдалану.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

оқушыларға Қазақстандағы көмірсутектердің табиғи көздері,мұнай, мұнайға серік газдар,олардан алынатын өнімдер,отынның түрлері,газ,мұнай,тас көмір өндірілетін орындар,олардың республикадағы экономика және энергетика саласындағы проблемаларды шешудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру; қоршаған ортаны қорғау проблемалары туралы қорытынды шығара білу,талдау,жүйелеу, көмірсутектердің табиғаттағы айналымын көрсететін реакция теңдеулерін құру дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту.

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.




Сабақ типі:

Жаңа сабақ.




Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау 11-Б-2 көрсету .




Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, 11-Б-2




1.Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Көмірсутектердің табиғи көздері.Мұнай, мұнайға серік газдар.

1.Білімді жаңғырту:

Фронталды сұрақтар қою:

* Көмірсутектердің табиғи көздеріне нелер кіреді?

*Мұнай мен газдың қалай түзілетінін түсіндіріңдер?

* Казахстандағы мұнай мен табиғи газдың ірі кен орындарының қай жерде орналасқанын көрсетіңдер ?


3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:


Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

ации

1. «Табиғи газ-химия өндірісінің маңызды шикізаты», «Мұнайға серік газдар»тақырыптарына оқушылардың дайындаған хабарламалары

2. 11-Б-2 қолданып дайындаған мұғалімнің толықтыруы:

ТАБИҒИ ГАЗ

*Табиғатта кездесуі және құрамы.Біздің ғаламшардағы табиғи газдың қоры өте көп (шамамен 10 м). Табиғи газдың негізгі құрам бөлігі метан.Сонымен бірге онда этан, пропан, бутанда бар.Мынадай заңдылық бар: егер көмірсутектің молекулалық массасы неғұрлым үлкен болса,онда ол соғұрлым табиғи газда аз болады.

Казахстандағы газдың негізгі кездесетін орны :

*Қолданылуы. Табиғи газ жанғанда көп мөлшерде жылу бөлінеді,сондықтан ол энергиялық тиімді, әрі арзан отын ретінде жылыту қазандықтарында,домна пештерінде,мартен,шын жасау пештерінде қолданылады.Табиғи газды өндірісте қолдану еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар газды жақанда одан көмірқышқыл газы мен су буы бөлінетіндіктен ауа онша ластанбайды. Табиғи газ химия өндірісінің маңызды шикізат көзі: ацетилена, этилена, сутек,көмір,әртүрлі хлортуындылар алынады. Бұл заттар өз кезегінде спирт,жасанды каучук,түрлі пластмассалар,сірке қышқылы,бояғыштар,дәрі-дәрмектер,тағы да басқа заттар.
Хлорсутек синтетикалық каучук

пластмассалар

Хлортуындылар еріткіштер
(еріткіштер,мұздатқыштар)

СН4 ацетилен

Метан күйе
Синтез-газ сутек күкіртсутек
Оттекті органикалық заттар аммиак

(тыңайтқыш)

*Табиғи газды сығу арқылы пропан мен бутан қоспасын бөліп алады. .Табиғи газ фракцияларға бөлінеді:

1.құрғақ газ – метан мен и этан қоспасы, химичлық шикізат есебінде қолданылады ,оны крекингілеу арқылы күйе, сутек ,еріткіштер алады:

СН4------------С+2Н2

2СН4----------С2Н2+3Н2

С2Н6-----------С2Н4+Н2

СН4 +О2------2СО +4Н2----------2СН3ОН

СН4+2Н2О------СО2+4Н2

Күйе автомобиль шиналарын жасауда, бояғыш зат ретінде,сутек, органикалық синтезде қолданылады;

2. Пропан-бутан қоспасын дегидрлеу арқылы химиялық белсенді қанықпаған көмірсутектер алынады:

С4Н10------------ С2Н6 +С2Н4

С2Н6------------ С2Н2 +2Н2

п Н2С==СН2--------( --Н2С—СН2--)п

этилен полиэтилен
Көмірсутектерден каучук, пластмассалар алынады.

Табиғи газ арзан отын есебінде –химия өндірісі үшін бағалы шикізат .

МҰНАЙҒА СЕРІК ГАЗДАР

*Мұнайға серік газдар мұнайдың астыңғы қабатында ,немесе онда қысыммен еріген күйде болады. 1т мұнайда 30 дан 300 м газ болады. Мұнайға серік газдарды бұрындары жештеңкеге қолданбай жағып жіберетін.Ал қазіргі кезде оларды арзан отын ,химия өндірісінің бағалы шикізаты ретінде қолданылады.Табиғи газға қарағанда,серік газдарда метан мөлшері аз,бірақ оның гомологтарының мөлшері көп.Серік газдарды тәжірибелік мақсатта былай жіктейді (1 кесте).

1- кесте.Мұнайға серік газдар сипаттамасы

Аталуы

Құрамы

Қолданылуы

Бензин газы

Пентаа, гексан және басқа көмірсутектер қоспасы

Ббензинге двигатель жұмысы хақсы болу үшін қосады.

Пропан-бутан фракциясы

Пропан мен бутан қоспасы

Сығылған газ түрінде отын ретінде қолданылады.

Құрғақ газ

Құрамы бойынша табиғи газға келеді.

СН және Н және басқа заттар алу үшін, отын есебінде қолданылады.



Мұнайға серік газдардан алынатын заттар:
Парафиндер С1-С4

Серік этилен

мұнай газы

бутадиен этил спирті

пластмассалар

жасан. каучук бутен пропилен еріткіштер

еріткіштер

Кокстеу: шикізат ретінде таскөмір қолданылады, өңдегенде жұмсқ поралы металлургиялық коксқа айналады. Коксты металлургиялық заводтарда домна пештері үшін қолданады. Кокс пешінен бөлінетін тура кокс газы –бұл газдар мен будың қоспасы,одан конденсация арқылы су мен аромат көмірсутектер шайыры, адсорбциялап аммиак алады.Одан қалған газ қоспасын қалған кокс газы деп атайды .

Кокс газы – күделі қоспа,құрамы %:

Н2- 54-59, СН4-23-28, СО-5-7, N2-3-5,

CmHn- 2-3, СО2- 1,5-2,5; О2- 0,3-0,8.

3

Жану жылуы 16700- 17200 кДж/м. Кокс газы кокс және домна пештерінде немесе химиялық шикізат ретінде қолданылады.

Кокс пеші - 70 камерадан тұратын жоғары температураға төзімді реактор батареялары.

Тас көмір шайыры –бұл 300 түрлі заттар қаспасынан тұратын күрделі сұйық қоспа.Бұлар- нафталин, фенантрен, карбазол, антрацен, фенол, крезол, пиридин негіздері,аз мөлшерде бензол, толуол, ксилол,жоғары температурада қайнайтын жоғары молекулалы қосылыстар.Фракцияларға айырғаннан кейін қалған қалдықты электродтар, оқшаулағыш материалдар жасау үшін пайдаланады(гудрон, пек).

Соңғы жылдары көп жылу бөлетін күн энергиясын ,ядролық энергияны қолдану үшін зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстандағы газ, мұнай және тас көмір қоры жөнінен әлемдегі табиғи ресурстары бай елдердің қатарына жатады.Көмірсутектің отын, мұнай және табиғи газ бүкіл әлемнің өркендеуінің өзегі болып отыр. Қазақстан әлемдік рынокқа көмірсутекті, отынды шығарушы елдердің бірі.

  • Тас көмір – Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі. Республиканың отын балансындағы оның арасалмағы 70 пайызға дейін. Қазақстанда жалпы геологиялық қоры, шамамен 160 миллиард тоннадай болатын тас көмірдің, кокстелетін көмірдің, қоңыр көмірдің түрлері бар.Қазіргі кезде республикада, жалпы алғанда 400-дей кен орнынан жылына 100 млн тоннаға жуық тас көмір мен қоңыр көмір өндіріледі.

Қазақстанның ең ірі көмір базасы-Қарағанды көмір алабы.Республикамыздың орталық бөлігінің 3000 км ауданының алып жатқан Қарағанды көмір алабының жалпы геологиялық қоры 60 млрд тоннаға жуық. Негізгі кен орындары – Абай,Сарань,Шерубайнұра,Шахтинск,Михаеловка және т.б. Көмір қатпарларының тереңдігі 50-300метрге дейін, ал Михаеловкада көмір жер бетіне өте жақын жататындықтан, ашық әдіспен өндіріледі. Қарағанды көмір алабы елімізде жұмсалатын барлық көмірдің тең жартысын береді. Соның ішінде кокстелетін көмір де бар. Маңызы жөнінен Қарағандыдан кейін екінші орынды алатын Қазақстан көмір алабы – Екібастұз. Ол 200 км жуық шағын ауданды алып жатса да,жалпы қоры 17 млрд тоннадай. Екібастұз алабының артықшылығы көмір қабаттарын жер бетіне жақын 100 метрге дейін жатқандықтан, өндіру ашық әдіспен жүргізіледі де, өзіндік құны арзанға түседі. Екібастұз көмірі, негізінен, отын ретінде электр және жылу станцияларында қолданылады. Негізгі кен орындары – Алып, Солтүстік және Шығыс кеніштері.

Қоры жөнінен болашағы зор тас көмір және қоңыр көмір кеніштерін қатарына : Қостанай облысындағы Құсмұрын , Майкөбе, Шығыс Қазақстандағы кендірілікті жатқызуға болады.Бұл жерлерге жақын маңда ірі тұтынушы кәсіпорын және темір жол болмағандықтан, өндіру ісі басталмай отыр, дегенмен жергілікті халық отын ретінде пайдалануда.


Мұнай мен газ- көмірге қарағанда –жану жылуы жоғарғы отын әрі химиялық өнеркәсіп үшін бағалы шикізат. Қазақстанда алғаш рет мұнай бірінші рет дүниежүзілік соғыс кезінде досор, Ембі және Мақатта өндірілді. Қазіргі кезде Қазақстанда 160-тай мұнай кен орны жұмыс істейді. Ал 60-қа жуық кен орында зерттеу жүргізілуде.Негізінен, республикамыздың батыс өңірі – мұнайлы өлке болып табылады.

Атырау өңірін ең алғаш орыс ғалымы Н.А.Северцев зерттеген. Ол 1860 жылы «Горный» журналына қазіргі Доссор туралы есебін жариялаған. Сөйтіп 1899 жылы Атырауда алғашқы мұнай ұңғымасынан мұнай атқылады. Теңіз, Мақат Атырау облысында;Шұбарқұдық, Кеңқияқ Ақтөбе облысында; Қаратөбе, Мартыши, Камышин Орал облысында; Оңтүсітік Маңғыстауда Жетібай, Қарамандыбас, Тасболат, Өзен, Теңге т.б.; Қызылордада Құмкөл және Қумасай, Қызылқия, т.б. кен орындары бар.

  • Табиғи газ өндірісі- Қазақстанның ең жас өнеркәсіп саласы. Табиғи газ, негізінен, Маңғыстау түбегінде, Ембі алабында, Орал, Атырау кеніштерінде өндіріледі.2001 жылы Жамбыл облысында Амангелді кен орны ашылды. Қазақстан аумағындағы барлық газ қоры – 9,5 трлн м болып есептеледі.Оның 68 пайызы Батыс Қазақстан облысында орналасқан.

  • Қазақстанда мұнай және газ өндірісінің өсуіне байланысты оларды өңдейтін кәсіпорындар да даму үстінде. Мысалы, Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттары. Мұнай өндіру және мұнай- химия өнеркәсібінің дамуына байланысты қоршаған ортаны

қорғау мәселелеріне де көңіл бөлініп отырады..

  • Экологиялық ахуал

Мұнай суда ерімейтін болғандықтан, суға төгілсе, судың бетін бүркеп, оттектің, ауа құрамындағы басқа газдардың еруіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде, табиғи су қоймаларындағы микроорганизмдер мен жануарлардың тіршілігі жойылады. Мұның соңы экологиялық апатқа соқтыруы мүмкін.

Мұнай қалдықтарын қорек ретінде пайдаланып, зиянсыз өнімдерге айналдыратын бактериялар бар екендігі анықталған. Соларды мұнайды өндіру, тасымалдау және өңдеумен байланысты туындайтын ластанулар кезінде пайдалану арқылы қоршаған ортаны экологиялық тұрғыдан қауіпсіз етіп,қорғау мүмкіндігі қарастырылды.

Теңіз кен орнында қоршаған табиғи ортаның жағдайына кешеді мониторинг жүргізіледі. Мысалы, «теңіз-шевройл» компаниясы шаруашалық қызметінің қоршаған табиғи ортаға тигізетін әсерін бақылаудың ТМД елдері ішіндегі ең озық жүйесі жұмыс істейді.

  • Экономикалық тиімділігі

Мұнай мен газды тасымалдауға байланысты Каспий мұнай құбыры консорциумы, «Батыс Қазақстан-Баку- Джейхан» мұнай құбыры, « Қазақстан- Түркменстан-Иран» мұнай құбыры, « Кеңқияқ-Құмкөл-Қытай» мұнай құбыры, т.б. жобалар іске асырылуда. Олай болса, дұрыс ұйымдастырылған мұнай және газ өнеркәсібі біздің ұлттық экономикамыздың өркендеуіне, жалпы халықтық әлеуметтік тіршілігінің жақсаруына септігін тигізері сөзсіз.


20-22


Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -
Жаттығу орындау 1-5 (143) -1 деңгей, 9,10 (143)-2 деңгей


2-3



Білімді қорытындылау және жүйелеу:


-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;
Қорытынды:

1. Табиғи газда метан 80-95 %; ал серік газдарда – 20-25 %.

2. Табиғи газды жылу электростанцияларында, завод қазандықтарында,әр түрлі өндірістік пештерде қолдану кокс шығынын азайтып үнемдеуге,шойындағы күкірт мөлшерін азайтуға, пештердің енбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

3.Т.Г күнделікті қолданудың маңызы зор.

4. Т.Г бұл көмірсутектердің маңызды көзі..

5.МСГ- жақсы отын және барышша маңызды шикізат.

6.бұл газдың қолданлуы ,табиғи газдың қолданылуынанда кең көлемде,метанмен бірге оның құрамында этан, пропан,бутан, пентанның да мөлшері бірщама. .

7. МСГ қолдану үшін оны фракцияларға бөледі

8.Бұрын мұнай өндіргенде серік газдар қолданылмай, өртелетін.
1. Дәптерге жазу.

2. 5 –кестемен жұмыс .71 бет


6-7

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
параграф 12,13,14.№ 6-8 – жазбаша орындау.

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Жаңа ұғымдар

Табиғи және мұнайға серік газдар,құрғақ газ, фракциялар, пропан – бутан қоспасы.

1-2