Файл: Сынып 5 а таырыбы Жаа оу жылында балаларды оыту туралы Атааналар жиналысыны масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) жауапкершілігі:

- баланы қашықтан оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау (жұмыс орнын анықтау, баланы қолдау, оның дербестігі мен бастамашылдығын дамыту);

- компьютер мен интернетті қауіпсіз пайдалану бойынша ұсынымдардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

- баланың оқу кестесі мен оқу тапсырмаларын орындауын бақылауды қамтамасыз ету;

- мектеппен, сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасау;

– егер отбасы білім беру ұйымымен қажетті техникамен қамтамасыз етілген жағдайда, жабдықтың сақталуын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету.

«Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі №169-VI Заңына сәйкес ата-аналар балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау үшін олардың жасына сәйкес келетін Интернет желісіндегі белгілі бір сайттарға қол жеткізуін бақылауы тиіс.

Білім алушылардың жауапкершілігі:

- кестеге сәйкес қашықтан өткізілетін сабақтарға/оқу сабақтарына қатысу;

- оқу тапсырмаларын күн сайын өз бетінше орындау, оның

ішінде білім беру ұйымы белгілеген қолжетімді байланыс құралдары арқылы және қосымша электрондық білім беру ресурстарын пайдалану.

- орындалған оқу тапсырмаларын мұғалімге жіберу;

- мұғалімнің ұсыныстарын орындау;

- компьютер мен интернетті қауіпсіз пайдалану талаптарын орындау.
Ұсыныс: - Оқушылармен әлеуметтік желі түрін пайдалана отырып танысып, оқуға деген ынталарын ояту.

  • Жаңадан пәндер қосылуына байланысты таныстырылу жұмыстары жүргізілсе.

  • Компьютер жоқтарға оқу орнынан беріледі ма?


Ата- аналар жиналысы

Күні: 13.05.2022 жыл

Сыныбы: 5 А

Сынып жетекшісі: Тұрсынжан А.Т.

Ата-аналар жиналысының

хаттамасы № 3

Қатысқандар: 1.Сынып жетекшісі –Тұрсынжан А. Т.

2.5 а сынып оқушыларының ата-аналары

Қаралған мәселелер:

  1. ІІІ тоқсан қорытындысы

  2. Оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы туралы.


Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Тұрсынжан А. Т. ІІІ тоқсан қорытындысына тоқталып өтті. Жалпы 5 а сыныбында 21 оқушының ішінде 5 оқу озаты, 7 оқу екпіндісі бар екендігін айтып өтті.. Сынып бойынша білім сапасы- 52%. Бұл тоқсанда бір оқушы оқу екпінділер қатарына қосылды , сонымен қатар әліде оқу үлгерімін көтерілуге мүмкіншілігі бар оқушылардың ата-аналарына ескерту жасалып, келесі тоқсанда оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында үйден қадағалануы сұралды және пән мұғалімдері осы оқушылармен қосымша жұмыс жүргізілсін деген ұсыныс айтылды.

Екінші мәселе бойынша. Оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы туралы тоқталып өтті. ІІІ тоқсанда сабақтан үнемі қалатын оқушылар бұл сыныпта жоқ екендігі туралы айтылды, оқушылар тек науқастанған жағдайда ғана себеппен сабақтан қалады, сонын өзінде ата-аналар тарапынан оқушыларды күнделікті сабаққа уақтылы жіберіп, сабақтан қалмауы сұралды.

Қаулысы:

  1. ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша үлгерімі төмендеп кеткен оқушылардың сабақтары ата-аналардың және пән мұғалімдердің тарапынан қадағаланып, үнемі назарда болсын.

.

  1. ІV тоқсанда оқушылардың тәртібіне аса зор көңіл бөлініп, сабақтан қалмауы қадағалансын.

Ата- аналар жиналысы

Тақырыбы: ІІІ тоқсан қорытындысы

Күні: 19.03.2021 жыл

Сыныбы: 5 А

Сынып жетекшісі: Тұрсынжан А.Т.

Т. Рысқұлов атындағы № 16 орта мектебінде өткен

ата-аналар жиналысының хаттамасы

Өткізілген күні: 13.05.2022 жыл

Барлығы: 42 ата-ана

Қатысқаны: 18 ата-ана

Себептісі: 2 ата-ана
Күн тәртібінде:
1. Жазғы мектепті ұйымдастыру
2. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету
3. «Сыңғырла, сыңғырла, күміс қоңырау» атты соңғы қоңырау
Сөйледі:_Ата-ана_Танекеева_З.О._қауіпсіздік_ережелерін_ата-аналар_балаларына_үнемі_сынып_жетекшісімен_қатар_түсіндіріп_отыру_керектігін_айтты.Шешім'>Сөйледі:_Ата-ана_Абденова_Д._жазғы_мектепте_балалардың_шығармашылық_қабілеттерін_мен_денсаулықты_нығайтып,_дамытатыны_туралы_айтты.Шешім'>Сөйледі:

Ата-ана Абденова Д. жазғы мектепте балалардың шығармашылық қабілеттерін мен денсаулықты нығайтып, дамытатыны туралы айтты.
Шешім:
1.Оқушылардыңмектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріне толық келуі сынып жеткешісіне жүктелсін.
2.Сынып жетекшісіне спорт-сауықтыру жұмысы, түрлі іс-шараларға оқушыларды тарту жұмыстары жүктелсін.
Тыңдалды:

5 «а» сынып жетекшісі Тұрсынжан А. Т. жазғы демалысқа шыққанда және жазғы мектепте қауіпсіздік ережелерімен ата-аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға ескертемін! Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек. Оқушылардың тау бөктеріне және басқа орындарға топтасып баруына, экскурцияға шығуға, көңіл көтеретін орындарға баруға, су бассейндеріне шомылуға қатаң тиым салынады.
Сөйледі:

Ата-ана Танекеева З.О. қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отыру керектігін айтты.
Шешім:
1.Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілсін.

2.Балаларды қатаң бақылау, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмауы туралы ата-анаға жүктелсін.
Тыңдалды:
«Сыңғырла, сыңғырла, күміс қоңырау» атты соңғы қоңырау пән бөлмесінде сынып сағаты ретінде 24 мамыр күні өтіледі.Сыныбымыздың үздік оқушылары және мектепте өткен іс шараға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
Сөйледі:
Қораласбаева Ж.С. 2021 жылғы 25 мамыр – оқу жылының аяқталуына арналған іс-шараның өткізу барысы туралы айтты.
Шешім:

2021 жылғы 25 мамыр – оқу жылының аяқталуына арналған іс-шараның өткізу барысы сынып жеткшісіне жүктелсін.