Файл: азастан республикасыны Оу жне аарту министрлігі алматы аласы Білім басармасыны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Алматы электрмеханикалық колледжі» КМҚК
Бекітемін
Басшының оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
__________А.Байдилдаева
______________20___ жыл
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика
Мамандық және біліктілік атауы және коды:
07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша) , 3W07130701- Электр жабдықтарын монтаждаушы, 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик, 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша), 3W07150501- Электргазымен дәнекерлеуші, 07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша), 4S07130704 -Техник-электромеханик
Курс: _1____ топтар:_111, 113, 118, 120
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 11.2А Дәрежелер мен түбірлер. Дәрежелік функция Күні: | Колледж: Алматы электрмеханикалық колледжі Оқытушының аты-жөні: Сембиева Г.Б. Қатысқандар: Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | n-дәрежелі түбір және оның қасиеттері | ||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 11.2.1.2 - n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін білу; | ||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық білім алушылардың: -n-ші дәрежелі түбірдің қасиеттерін қолданып есеп шығарады; | ||||||||||||||||||
Білім алушылардың басым бөлігі: -n-ші дәрежелі түбірдің қасиеттерін қолданып, n-ші дәрежелі өрнектердің мәнін есептейді; | |||||||||||||||||||
Кейбір білім алушылардың: -n-ші дәрежелі түбірге берілген өрнектердің тепе-теңдігін дәлелдейді; | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін есептер шығаруда қолданады | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Білім алушылардың: - түбірмен берілген өрнектің мәнін тапқанда және өрнекті түрлендіргенде түбірдің қасиеттерінің қолданылуын түсіндіреді; - түбір мәндерін салыстырып дәйектейді; | ||||||||||||||||||
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Дәреже, түбір, n-ші дәрежелі түбірден шығару, санның тақ дәрежелі түбірі, санның жұп дәрежелі түбірі; | |||||||||||||||||||
Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер: - ... саны ... санының ... түбірі болады, себебі ...; - ... саны ... санының ... дәрежелі арифметикалық түбірі болады, себебі ...; | |||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы», «Ұлттық қауіпсіздік жəне еліміздің бүкілəлемдік, өңірлік мəселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы» құндылықтарының негізінде отан сүйгіштікке, өз елінің патриоты болуға, өз тілін құрметтеуге, өзге тілді меңгеруге тәрбиелеу | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика, қазақ тілі | ||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау | ||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі: Білім алушылардыңрмен сәлемдесу, сыныпты сабаққа дайындау Топқа бөлу: «Мозайка» әдісі І топ «EXPO», ІІ топ «OSCE», ІІІ топ «UNESCO» (Білім алушылар өздеріне ұнаған қима қағаздар арқылы топқа бірігеді) Үй тапсырмасын пысықтау: «Сәйкестендіру» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын. | Интербелсенді тақта А4 формат | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Жаңа сабақ бйынша бейне материал ұсынамын. Тапсырма №1. «Таза тақта» әдісі. (білім алушылар оқулықпен жұмыс жасайды)
Дескриптор: - n-дәрежелі түбір қасиеттерін қолданады; - берілген санды санның кубы түрінде жазады; - көбейткішті түбір таңбасының алдына шығарады; - берілген өрнектің дәрежелерін бірдей санға келтіреді; ҚБ: «Плюс-минус-қызықты» әдісі Тапсырма №2. «Ғаламшарлар сөйлейді». (Білім алушылар өздеріне ұсынылған ғаламшарлардың артында жасырылған тапсырманы орындайды,нешінші қасиет екенін және ғаламшардың қазақша атауын айтады) Венера- Шолпан Марс- Қызылжұлдыз Юпитер- Есекқырған Сатурн- Қоңырқай Меркурий- Болпан Эрида- Ергежей Дескриптор: - n-дәрежелі түбірдің қасиеттерін анықтайды; - өрнектің мәнін табады; - ғаламшардың қазақша атауын айтады; | https://www.youtube.com/watch?v=ZC-QwiqsskE Алгебра және анализ бастамалары (Алматы «Атамұра» 2020, І бөлім, 104-108 бет). Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма: «Шыбын өлтіргіш» әдісі (білім алушы сұраққа жауап береді) Бағалау критерийі: n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін есептер шығаруда қолданады Тапсырма №3.
Дескриптор: - көбейткішті түбір алдына шығарады; - көбейткішті түбір астына алады; - өрнектің мәнін табады; ҚБ: «Плюс-минус-қызықты» әдісі Үйге тапсырма: [2] §9, 77 бет, №9.2(3,4), 9.3(3,4) Рефлексия: «Ұшақ ұшыру» әдісі (білім алушылардыңр ұшақ бірінші қанатына өз есімдерін латынша, ал екінші қанатына бүгінгі сабақ жайлы пікірін жазып, мұғалімге қарай жолдайды). Мұғалім жалпы сабақ барысына, білім алушылардыңрдың жұмыстарына талдау жасайды, жұмыс орыны жинастырылады. | Шыбын өлтіргіш құрал Алгебра және анализ бастамалары (Алматы «Атамұра» 2020, І бөлім, 106-108 бет). А4 формат | |||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | «Рефлексия пирамидасын» қолданып білім алушылардан кері байланыс алу. | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық білім алушылардыңр оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер білім алушылардың оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен? |
Әдебиеттер тізімі
1.А.Е.Әбылқасымова, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова, Алгебра және анализ бастамалары: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы
11-сыныбына арналған оқулық, Алматы: «Мектеп», 2020ж.
Оқытушы(Т.А.Ж, қолы): Сембиева Г.Б._________________
Кафедра: «Жаратылыстану – математикалық пәндер»