ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көктемде қар ери бастайды. Оңтүстіктен жылы жел соқты. Жаңбыр жиі жауа бастады. Өзенде сең жүрді.
Әр жерден көк шөп көрінді. Жылғалардан су ағып, ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды. Бәйшешектер гүлдейді. Құстар ұшып келеді. /50 сөз/
Жоспар:
1.Көктем мерекелері.
2. Ауа райының өзгерісі.
3.Көктемгі қауырт жұмыстар.
2 сынып
III тоқсан
Мазмұндама №3
Тақырыбы: Керемет нәрселер
Мақсаты : Мәтіннің мазмұнын, өз ойын жүйелі түрде , сауатты жазуға машықтандыру.
Міндеттері: 1. Жоспар құру
2. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау
Керемет нәрселер
Бұл ертегіні баяғы заманда ойлап шығарған. Бұл кезде кілем болған бірақ ұшақ болмаған.
Адамдар ертеде ұшып жүруді көп аңсаған. Сондықтан да олар ұшқыш кілем туралы ертегіні ойлап шығарған. Ал қазірде мұндай керемет нәрселер көз алдымызда болып жатады. Ұшаққа ұшқан құс та жете алмайды.
Жоспар:
1.Адамдардың арманы.
2.Ұшқыш кілем.
3.Арманның орындалуы.
2 сынып
IY- тоқсан
Мазмұндама № 4
Тақырыбы: Гауһар
Мақсаты : Мәтіннің мазмұнын, өз ойын жүйелі түрде , сауатты жазуға машықтандыру.
Міндеттері: 1.Жоспар құру
2.Сөйлемдегі сөздердің байланысы
Гауһар
Гауһар шанасын сүйретіп, сыртқа шықты. Аспан ап-ашық. Ауады шым-шым аяз бар. Батуға айналған күн қызарып көрінді. Гауһардың екі беті қып қызыл. Жағасы қырау-қырау. Қас қарайды. Аспаннан жұлдыздар көріне бастады. Гауһар үйге кірді. Әжесі немересін бауырына басып, басынан сипады. Гауһар әжесіне риза болып жатып, әп-сәтте ұйықтап кетті. /45 сөз/
Жоспар:
1.Гауһардың далаға шығуы.
2.Қысқы дала.
3.Әжесінің немересін қарсы алуы.
2 сынып
ІІ тоқсан
Шығарма№2(қазақ тілі)
Мақсаты: Оқушылардың өз ойын көркем сөзбен жазбаша жеткізе
білу дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
1. Берілген тақырыпқа өз ойын пікірін жаза білуге
машықтандыру
2. Тірек сөздерді пайдалану арқылы мәтін
құрастыру
Тақырыбы: «Менің елім – Қазақстан».
Тірек сөздер: алтын дәнді дала, отан, көркем, туған өлке
2 сынып
ІІІ тоқсан
Шығарма №3(қазақ тілі)
Мақсаты: Оқушылардың өз ойын көркем сөзбен жазбаша жеткізе
білу дағдыларын жетілдіру.
Тақырыбы: «Қысқы табиғат».
Тірек сөздер: ақ ұлпа, шыңылтыр аяз, көңілді балалар, жылтыр
мұз айдыны, таза ауа, жылы киім.
2 сынып
ІҮ тоқсан
Шығарма (қазақ тілі)
Мақсаты: Оқушылардың өз ойын көркем сөзбен жазбаша жеткізе
білу дағдыларын жетілдіру.
Тақырыбы: «Менің ана тілім».
Тірек сөздер: өз тіліңді құрметте,
, ардақта, шұбарламай, замандас, мемлекеттік тіл.