Файл: I нса Омоним болатын атарды крсетііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

7 сыныптар бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінен мектепішілік олимпида тапсырмалары

2021-2022 оқу жылы


ЛЕСКИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТЕСТ

I нұсқа

1.Омоним болатын қатарды көрсетіңіз. 
А) Жігер, күш. 
B) Сыр, шық. 
C) Терезе, есік. 
D) Оқтау, тұтқа. 
E) Түбір, түн. 
2.Антонимдері бар қатарды белгілеңіз. 
А) Ар жазасы бар жазадан ауыр. 
B) Малсыз болсаң да, арсыз болма. 
C) Шеберден - олжа, шешеннен - сауға. 
D) Еңбек – дәулет, бедел – сәулет. 
E) Ағайын бір өліде, бір тіріде. 
3.Дауысты дыбыстардың жақ қатысына қарай бөлінуін көрсетіңіз. 
А) Жуан, жіңішке. 
B) Жіңішке, ашық. 
C) Ашық, қысаң. 
D) Еріндік, езулік. 
E) Езулік, жуан. 

4.Түбірдің ережесін анықтаңыз. 
А) Негізгі ойды білдіретін бөлшек. 
B) Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі. 
С) Жаңа мағына тудырушы бөлшек. 
D) Қосымша жалғанған бөлшек. 
E) Қосымша қосуға болмайтын бөлшек. 
5.Туынды түбірлерді көрсетіңіз. 
А) Қасиеттер, парасат. 
B) Сөздік, малақай. 
С) Әділет, дәреже. 
D) Шұңқыр, домалақ. 
E) Бөлшек, жақсылық. 
6.Сапалық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз. 
A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім. 
B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыратын сын есім. 
C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім. 
D) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық екендігін білдіретін сын есім. 
E) Заттың мезгіл-мекенге қатыстылығын білдіретін сын есім. 
7.Дұрыс жазылған реттік сан есімді көрсетіңіз. 
A) 23 қатар. 
B) 105-мектеп. 
C) 10 мектеп. 
D) X 
E) XX-ғасыр

8.Жіктеу есімдігін табыңыз. 
A) Мен. 
B) Сол. 
C) Мынау. 
D) Кім? 
E) Барлық. 
9.Есептік сан есімнің күрделі түрін анықтаңыз. 
A) Он төртінші. 
B) Он төрт. 
C) Төрт-төрттен. 
D) Он-оннан. 
E) Оннан екі. 

10.Сөйлемдегі сын есімді көрсетіңіз. 
Әсем сабақты жақсы оқиды. 
A) Әсем. 
B) Сабақты. 
C) Жақсы. 
D) Оқиды. 
E) Жоқ. 




ЖАЗЫЛЫМ
Берілген тақырыптың бірін таңдап, эссе жазыңыз
1. «Әлеуметтік желінің әлегі» - деген пікірді жоққа шығарып немесе жақтап, эссе жазыңыз. Әлеуметтік желінің пайдасы немесе зияны туралы дәлел келтіруге тырысыңыз. Өз көзқарасыңызды бір жақты ұстаныңыз. (100 сөз)
2.Сіздің ойыңызша, «Бақытты отбасы» қандай болуы керек деп ойлайсыз? Ойыңызды өрбітіп, аталған тақырыпқа эссе жазыңыз. (100 сөз)

Балл қою кестесі

Балл

Грамматика мен лексиканы

дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап

беру қабілеті

27-30

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.

Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

22-26

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

16-21

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

10-15

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді.

Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.




1-9

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді.

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.

Талқылауға өте аз қатысады.


АЙТЫЛЫМ
Берілген тақырыптың бірін таңдап, диалог құрастырып жазыңыз.

(10 ұпай)
1.«Қазақ тілі не үшін керек?» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

2.«Тіл – қылыштан да өткір» дегенді қалай түсінесің?

3.« Босуақытыңды қалай пайдаланасың? » тақырыбына диалог құрастырыңыз.
4-тапсырма

5.Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз. (10 ұпай)

Тест жауаптары
I нұсқа

1. В

2. Е

3. С

4. В

5. Е

6. С

7. В

8. А

9. В

10. С


Тест жауаптары
I нұсқа

1. В

2. Е

3. С

4. В

5. Е

6. С

7. В

8. А

9. В

10. С