Файл: 11класс. аза тілі. 2тосан бойынша бжб тапсырмалары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

11-класс. Қазақ тілі. 2-тоқсан бойынша БЖБ тапсырмалары

Бөлім «Экология: ядролық жəне мұнай өндірістері»

Оқу мақсаты 11.2.4.1 əртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем əдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мəтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сəйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

11.3.5.1 əртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, əңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу.

Бағалау критерийі Білімалушы

  • əртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем əдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мəтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сəйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;

  • берілген тақырыпта шығармашылық жұмыс (өлең, əңгіме, естелік, шығарма) ұсынады;

  • шығармашылық жұмысында көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Орындау уақыты 20 минут

  1. тапсырма. Мəтіндерді мұқият оқып, кестені толтырыңыз. Екі мəтінді салыстыра талдаңыз.

А мəтіні

Кенет табан астымыз солқ ете түстi. Iзiнше бiз сүйенген түйедей тас қозғалып, жер сiлкiндi. Сол-ақ екен, аспанды қақ айырған күштi гүрiл естiлдi. Төңiректе тас құлап, қара жер жарылып, күллi дүние жаңғырығып кеттi. Оқыс күн күркiрегендей жарылыстан құлағым бiттi.

Бұлақ басындағы арқарлар да үрке жөнелдi...

Əлжуаздау менiң жүрегiм лоблып, басым айналып, жартас түбiне
отыра кеттiм. Қажымұрат болса жартасқа сүйенген қалпы сырықтай боп тұра бердi. Жүрегiм айнып, зəрем ұшып, жартас жарығындағы қуысқа ендiм. Басым айналып, бүкiл əлем бауырымда бесіктей тербеліп барады.

Сол сəтте:

Айтуар! Айтуар! Ананы қара!? Дегелең жақтан саңырауқұлақ шықты. Қара! Қарасаңшы!? Саңырауқұлақтың үлкенi-ай! Қып-қызыл от... жалын... Күннен де жарық... Қара, қара деймiн!? Күн көрiнбей қалды. О-охо-хо! Қызыл күн... Қызыл күн шықты... – деп Қажымұрат жартасқа жабыса айғайлады.

Бiрақ мен жартас қуысына кiрiп, қорыққаннан көзiмдi тас жұмып, жер бауырлап жата бердiм. Тұла бойым дiрiлдеп, менiмен бiрге бүйiрiмдегi қара жер де солқылдады. Маңайды дүрiл басып, беттi жалын жалап, төңiректi жай отындай сəуле шарпыды. Шiлде айының аптабынан да ыстық, күштi дауыл тұрды.

А.Алтай «Дегелеңдегіқызылкүн»

Ə мəтіні





А мəтіні

Ə мəтіні

Тақырыбы







Автор көзқарасы







Қызметі







Құрылымы







Тілдік ерекшелігі






Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі – Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі. Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті жəне жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нəтижесінде атмосфераға, гидросфераға жəне литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары жəне Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нəтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар жəне тұрғын халықтар зардап шекті.
https://kk.wikipedia.org/wiki/

  1. тапсырма. «Туған жерімнің табиғаты» тақырыбында көркемдегіш құралдарды қолдана отырып, өлең немесе шағын шығарма жазыңыз.





Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Əртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем əдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мəтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сəйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды.



1

А мəтінінің тақырыбын жазады;

1

Ə мəтінінің тақырыбын жазады;

1

А мəтініне автордың көзқарасын жазады;

1

Ə мəтініне автордың көзқарасын жазады;

1

А мəтінінің қызметін жазады;

1

Ə мəтінінің қызметін жазады;

1

А мəтінінің құрылымын жазады;

1

Ə мəтінінің құрылымын жазады;

1

А мəтінінің тілдік ерекшелігін жазады;

1

Ə мəтінінің тілдік ерекшелігін жазады;

1

Берілген тақырыпта шығармашылық жұмыс (өлең, əңгіме, шығарма)ұсынады;

Шығармашылық жұмысында көркемде-гіш құралдарды ұтымды қолданады.



2

шығармашылық жұмыс (өлең немесе шағын шығарма) жазады;

1

көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады;

1

берілген тақырыптан ауытқымайды.

1

Барлығы







13