Файл: Психологиялы тренинг.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Психологиялық тренинг. Тақырыбы: эмоционалды шиеленісті жеңілдету .

І. Қатысушылардың есімдерінің бірінші әрпіне байланысты бойындағы қасиеттерімен атап өтеді.

ІІ.Қатысушылардың орын ауыстыруына байланысты, келесі сұрақтарды қою арқылы өз тағдырында болған оқиғаларға байланысты ауысады?

1 сұрақ: Тәтті тағамды жақсы көретіндер?

2 сұрақ: Жұмысқа немесе сабағына кешігіп келгендер?

3 сұрақ: Спортты жақсы көретіндер?

4 сұрақ: Таңертең ұйықтағанды жақсы көретіндер?

5 сұрақ: Психологиялық ойындарды жақсы көретіндер?

ІІІ. Түс таңдау ойыны/қазіргі уақыттағы көңіл күйіңізге байланысты таңдаңыз/.

Түс және мінез

Түстердің символикасы ежелгі тарихқа ие. Астрологияда спектралдық 7 түс беретін Күн сәулелері 7 негізгі планеталарға сәйкестендіріледі: қызыл – Марстың түсі, көк – Венера түсі, сары – Меркурий түсі, жасыл – Сатурн түсі, қоңыр қызыл – Юпитер түсі, қызғылт сары – Күн түсі, күлгін түс – Ай түсі.

Жалпы, қандай да бір адам белгілі бір түстерді қалайды (екі-үштен көп емес, ол киім, зат немесе машинаның түстеріне тәуелді). Бірақ та түстердің адамға жағымды не жағымсыз болып табылуы уақыт өте келе өзгереді. Ол оның көңіл-күйіне, жағдайына және т.б. тәуелді. Алайда адамның көбінесе қалайтын  түсі оның мінезі мен эмоциялық қалпы жөнінде біраз ақпараттар береді.

Ал енді негізгі сегіз түстің сипаттамалары берілген.

Ақ түс – барлық түстердің қосындысы, синтезі болып табылағандықтан, көпмағыналы болып табылады.Ол бір жағынан түске жарықтық берсе, екінші жағынан, оған мұздың суығын береді. Ақ түсті кез-келген мінезі бар адамдар қалай алад, ол ешкімге жиіркенішті болып табылмайды. Ал, жалпы, ақ түсті киім киген адамды жаңашыл, жаңа өзгеріске ашықтығын немесе жаңа іске даярлығын білдіреді.  Ол сонымен қатар, пәк, таза және ішкі байлығы мол рухани адамды  сипаттайды.

Қара - өзіне-өзі сенімсіздікті, өмірді күйгірт қабылдаумен сәйкес келеді. Бірақ қазіргі кезде және жалпы қара түсті киімді қалайтында стилділікті білдірсе де, алайды үнемі қара түсті киетін адамдар өзіне-өзі сенімсіз, өмірде түңілген, бақытсыз, және өз мақсаттарының орындалуына күмәнданудан жиі депрессияға бейім болып келеді.          Сондай-ақ ылғи да қара түсті киетін адамды психологтар өмірлік дағдарысты бастан кешіріп жатқан тұлға ретінде сипаттайды және соның салдарынан, олардағы өзгелерге және өзіне деген агрессивтілік сезімінің басымдылығын айтады. Ал қамқорлық пен сүйіспеншілікті аз көретін балалардың суреттерінде қара түсті штрихтар жиі кездеседі.


Алқызыл – пайымшыл, ойланып істейтін, ешкімге көп сенбейтін тұлғалардың сүйікті түсі. Ондай адамдар шешім қабылдамас бұрын, ұзақ ойланады. Бұл сондай-ақ нейтралдық түс. Алқызыл киім қалайтын адамдар ортадан шектелгенді, өз-өзімен болғанды және қандай да бір жауапкершіліктен, міндеттемеден қашуға тырысады. Олар өздері жайлы ашық және қатты айтуға батылдары жетпейді. Ондай адамдар басқалардың оның ішкі дүниесіне үңілуін жақтырмайды.

қызыл – құмарлық түсі.Егер бұл түсті адам жақсы көрсе, онда бұл оның ерік-жігерлі, билікқұмар, ашушаң және қарым-қатынасшыл, сонымен қатар, альтруист адам екендігін көрсетеді.Бұл түсті жек көретін адамдарда жиі кемістік сезімі, жанжалдан қорқу, ортадан шеттелу пайда болады және олар қарым-қатынаста тұрақтылықты  қалайды. Ал керісінше, қызыл түсті ұнататындар қозғыш, қуатты болып келеді.Бұл түс сондай-ақ сексуалдылықтың, эротикалықтың символы болып табылады. Қызыл түсті қаламайтындарды қуаты аз, физикалық және психикалық күші таусылған, органикалық әлсіз ретінде сипаттайды. Қызыл түсті әсіресе жасөспірімдер ұнатады.

қоңыр түсті - өзіне-өзі сенімді, аяғына нық тұрған адамдар қалайды. Оны өте жақсы көретіндер салт-дәстүрді, тұрмысты, отбасылық өмірді құнды деп есептейді. білдіреді. Қоңыр түсті қалайтындар қарапайым өмірдің қуаныштарынан ләззат алады және қарапайым инстинктивті сезімдерді бастан кешіруге тырысады. Ол сондай-ақ белгілібір ретте физикалық шаршап-шалдығуды да білдіреді.

Сары түстыныштықты, адамдармен қарым-қатынаста еркінділікті, зиялылықты білдіреді.Оны сүйетіндер қарым-қатынасшыл, танымпаз, батыл, ортаға оңай бейімделе алатын ретінде және қарым-қатынастан үлкен ләззат алу, ал кейде лидерлік қасиеттермен де сипатталады.Сары түсті ұнатпайтындарбір нәрсегешоғырланғыш, пессимисшіл, және қарым-қатынасқа оңай түспейтін болып есептеледі. Сары түс жасыл мен қызылдың қосындысы болғандықтан, энергетизмді, қуаттылықты білдіреді. Сары түсті көбінесе жеңіл босаңуды қалайтын аяғы ауыр әйелдер және орынын  ауыстырғысы келген адамдар қалайды. Ол сондай-ақ жаңаны ашу, сананың жаңғыруы ретінде де бейнеленеді. 

Көк түс аспан түсі болғандықтан, ол - тыныштықтың, босаңсудың символы. Егер бұл түс адамға ұнайтын болса, онда ол бұның қарапайымдылығын, меланхолияға бейімділігін, және тез шаршағышытығы мен дем алуды жиі қажетсінетіндігін білділеді. Олар басқалардың оған жағымды қатынасын қалайды. Бұл түсті жақтырмайтындар өздері жайлы қолдарынан бәрі келетін ретінде сезім ұялатқанды қалағанымен, оның артында тұйықтық пен өзіне-өзі сенімсіздіктің жатуын байқатады. Сондай-ақ бұл түсті қаламайтындар сезімде көбінесе жеңілтектігін білдіреді. Ауырған және шаршаған адамдар көк түсті көп қалайды,себебі бұл түс оларға тыныштық пен тыным алуды ұялатады.


Жасыл түс – табиғаттың, табиғилықтың, өмірдің өзінің және көктемнің түсі. Оны қалайтын адам басқаның одан басымдылығы мен өктемдігінен қорқады, өзін ортада бекітуге тырысады, себебі оның негізгі талпынысы ол - өзін-өзі таныту мен жүзеге асыру. Бұл түсті ұнатпайтындар өмірдің мәселелерінен, қиындықтарынан қорқады. Жасыл түс потенциалды, жасырын жатқан энергияны, еріктік күш пен қысымды білдіреді. Сондықтан ол өзіне-өзі сенімділікке тырысады. Ал мақсатына талпыныспен емес, ал эмоциямен ғана жеткенді қалайтын адамдар жасыл түсті сүйкімді көрмейді. Сондай-ақ жасыл түсті физикалық немесе психикалық шаршап-шалдығуға ұшыраған  адамдар қаламайды.

IV. Жұмысыңызда немесе өміріңізде көңіл күйіңіз болмаған, күйзеліске түскен кездегі оқиғаны А4 бетіне жазыңыз. Ақ қағазға жазады. (шынайылықты талап ете отырып).

Жазылған проблемаларын оқиды немесе умаждап, кесіп, жыртып мусор жәшігке салады.

VІ. Келесі жаттығуымыз "Сілкін"

VІІ. Стресті кетіру көңіл күйді жақсарту "Дем алу квадраты ". Көңіл күйді жақсыртады.

VІІІ.Жан дүниеңіздің тыныштығы (жағымды әуен арқылы)

Еркін ыңғайлы орындыққа жайғасамыз, өзімізді жұмамыз, денемізді бос ұстаймыз, демімізді баяулатамыз, жұмысымызды барлық мазалаушы сұрақтарды екінші орынға қоямыз. Тек өзіміздің жан дүниемізді сезінеміз. Денемізді бос ұстаймыз, жанның тыныштығын сезінеміз. Ішіңіздің жылынғанын сезінеміз, сізге жаныңызға жылулық келгенінін сезінеміз, демалу арқылы жылылықты сезінеміз. Жаныңыздың тыныштығын сезінеміз, денемізді бос ұстаймыз, терең тыныс алып демаламыз. Көзімізді жәймен ашамыз, жанымыздың демалғанын сезінеміз.

ІХ. Түстерге тағыда таңдаймыз, түс мәнін айтамыз.

Х. ТҮЙІН, ҚОРЫТЫНДЫ:

Бір күні мұғалім оқушыларына сұрақ қояды.

Стакан сумен келіп, стакандағы судың салмағы қанша деп ойлайсыздар? 50,100,150гр деп айтады дейді. Егер стакандағы суды 5-10 мин ұстасам не болады дейді; ештеңе болмайды дейді

Егер стакандағы суды 1-2 Сағ ұстасам не болады дейді; Қолыңыз талады дейді;

Егер стакандағы суды 1 күн ұстасам не болады дейді; Қолыңыз ұйып, ауруханаға баруға тура келеді дейді!(бәрі күліп) НЕГЕ қолым ұйып қалуы керек дейді? Стаканның салмағы ауырлаған жоққой дейді. сонда оқушылар жауап қатпай ойланып қалады. Қолым ұйып қалмай, жеңіл болуы үшін не істеуім керек дейді? сонда бір оқушы стакандағы суды төгіп тастауыңыз керек дейді.

Түйін, адам өмірінді күйзеліске түсіретін проблемаларымызды ұзаққа ұстамай төгіп тастауымыз керек, ол дегеніміз күйзеліске түсіретін жағдайды шешіп, уақыттында тастай білу керек.

"Өзіме көршіме" қорытындылау тренинг.
1. Бүгінгі семинардан алған әсеріңіз.
2. Семинардың ұтымды тұстары қандай болды ?
3.Семинарда қолданылған әдіс тәсілдердің өз тәжірибеңізде қолданар ма едіңіз?
4.Ұстаздың бойындағы болу қасиеттер қандай деп ойлайсыз?
5.Оқушылармен жұмыс жасаудағы қиындықтардың жеңу жолдарын айтсаңыз:

Мысалы: сабаққа қызығушылық артпайтын оқушылармен