ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.05.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: | Өмірдің мәні неде? | |||||||||||||||||||||||
Сыныбы: | 6 «Б» | |||||||||||||||||||||||
Мақсаты: | Оқушылардың өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету; Өмірден өз орындарын таба білу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||
Барысы | ||||||||||||||||||||||||
Кезеңдері | Сынып жетекшінің әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар: | |||||||||||||||||||||
Басы | I. Ұйымдастыру кезеңі: Психологикалық дайындық. Кіріспе: «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», – деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Оқушылар шеңберге жиналып , бір-бірімен сәлемдеседі де М.Мақатаевтың «Өмір жайлы» әнін айтады. Талдау сұрақтары: 1. Өлеңді оқығанда қандай сезімде болдыңдар? 2. Өмір, өмірдің мәні дегеніміз не?
Шарты: Әр қатысушы өзінің ойларын ортаға салады. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Қатысушыларының айтылған қасиеттер бойынша, жаттығу соңында, қорытынды жүргізіледі. Талдау сұрақтары: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? Қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек? 3.Ассоциация Қатысушыларға нұсқау беріледі: «Ассоциация-бұл естіген немесе көрген зат жайында соған қатысты ойлардың басына келуі. Ең бірінші бізге қатысушының айтқан сөзіне байланысты ассоциация ойлау керек. Көп ойланбауға тырысыңыз,ойыңызға тез түскен нәрсені атауыңызға болады. Ал мен бастаймын: “Өмірдің мәні дегеніміз не? ...........” 4. Жаттығу. «Мен жалғыз емеспін». “Екі бақа” туралы аңыз оқылады. Шарты: Оқушылар шеңбер (өмір) болып тұрады, ортада науқасы бар ауру адам, ол өмір сүру үшін күресіп шеңберден шығуы керек. Қатысушылар оны шығармауға тырысады. Әркім өзі қиындықтан қалай шығатынын ортаға салады. Талдау сұрақтары: 1. Өмір күрестен тұрады – дегенді қалай түсінесің? 2. Мақсатқа қалай қол жеткізу керек? 5. Ойланайық, пікірлесейік. Төмендегі таблицада Робинзон Крузо пікірін қарап шағып, әр оқушы өз ойын ортаға салып, ой бөлісу.
| Сұрақтарға жауап береді | фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер Таратпа материал | |||||||||||||||||||||
Ортасы | ||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||
Соңы | Есте сақтаңдар: Еш уақытта қайтып келмейтін үш нәрсе бар, ол : уақыт, сөз, мүмкіндік. Адамды айқындайтын үш нәрсе бар: еңбек, адалдық, жетістік. 3. Адам ақылға салса, өзін айқындауға қол жеткізіп, қайтып келмейтін нәрсеге өкінбес болар. Өмір – бұл мүмкіндік. Сол мүмкіндікті қолдана біл. Өмір – бұл әдемілік. Әдемілікке қызыға біл. Өмір – бұл арман. Арманыңды орындата біл. Өмір – бұл ойын. Ойыншы бола біл. Өмір – бұл байлық. Байлықты шаша берме. Өмір – бұл қуаныш. Қуана біл. Өмір – бұл махаббат. Махаббатқа рахаттана біл. Өмір – бұл құпия. Құпияны сақтай біл. Өмір – бұл көз жасы. Көз жасын жеңе біл. Өмір – бұл өлең. Аяғына дейін айта біл. Өмір – бұл терең құз. Құздан қорықпай шыға біл. Өмір – бұл бақыт. Бақытқа лайықты өткізе біл. Өмір – бұл жүлде. Жарыста жеңе біл. Өмір – бұл баға жетпес асыл зат. Ешнәрсемен салыстырма. Өмір – бұл өзен. Ағысқа карсы тұра біл. Өмір – бұл қатал. Шыдай біл. Өмір – бұл тәңірдің сыйы. Оны мәнді де сәнді өткіз. Өмір - бұл театр. Әртісі бола біл. Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. БҰЛ СЕНІҢ ӨМІРІҢ. ОНЫ БАСҚАРА БІЛ! | Жүректен жүрекке. Оқушылар болашақ жайында жүрекшелер ұсынып жақсы тілектерін, лебіздерін білдіреді. | А4 формат қағаз, маркер |
"Екі бақа" туралы аңыз
Асханада тұрған үлкен ыдыстағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрсада, арпалысқанның бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бір кезде аяғындағы қаймақ қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп секіріп ыдыстан шығып кетеді. Сонда қиындықтан құтылу үшін, қандай болмасын қимыл, қозғалыс керек. Болашаққа деген нық сенімде болуымыз қажет.